Название сайта

БЖБ Математика 2-сынып 2-тоқсан жауаптары «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  2-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 2-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Бөлімше

1.2 Сандармен амалдар орындау

4.3 Тізбектер

5.1 Есептер және математикалық модель

 

Оқу мақсаты

2.1.2.8 34+23, 57-23, 45±19, 47+33, 80-47, 100-35 жағдайларындағы екітаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

2.4.3.1 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау

2.5.1.7** Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу және шығару

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

34+23, 57-23, 27+34, 61-27, 47+33, 80-47 түріндегі өрнектердің мәнін табады

100-ге дейінгі екітаңбалы сандар  және 1000-ға дейінгі  жүздіктер тізбегіндегі   заңдылықты анықтап, жалғастырады

Құрама есептерді шығарады

 

Ойлау дағдыларының  деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Орындау уақыты

20 минут

 

Тапсырма

 

1. Есепте. 

 

+ 76  =                                               90 - 36 =

 

2. Заңдылықты анықта және тізбекті тағы 3 санға жалғастыр.

 

      27,  33,  39,   … ,   … ,  …

 

     710,   610,  510,   … ,   … ,  … 

 

3. Есепті шығар.

             Мектептің спорт залында  24 футбол  добы және одан 13-і  артық теннис  добы бар.  Спорт залда барлығы неше доп бар?