ТЖБ 4-тоқсан Қазақ тілі 2-сынып жауаптар
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 2-сынып
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 4-тоқсан Қазақ тілі 2-сынып жауаптар
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде)
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді тыңда.
· Мәтінге сүйеніп, «Құстарға қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт. Берілген тірек сөздерді пайдалан.
Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ұя, жем шашу, қуаныш.
[5] |
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы:
Көктемде жыл құстары ұшып келеді. Адамдар оларды қуана қарсы алады. Балалар құстарға арнап ұя, жемсауыт жасайды. Оны ағаштың бұтағына іледі. Олар құстарға қамқорлық жасап, жем шашып тұрады.
|
1 |
Тақырыпқа сәйкес баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады. |
1 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды. |
||
1 |
Тірек сөздерді орынды қолданады |
||
1 |
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды. |
||
1
|
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
||
Барлығы |
5 |
|