Название сайта

БЖБ Қазақ тілі 2-сынып 2-тоқсан жауаптары «Менің мектебім»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Қазақ тілі»  2-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі 2-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
БөлімшеТыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға
байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке
қатысу
Бағалау критерийіБілім алушы
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты20 минут
1.Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда.
Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды
дәлелде.
Тақырып:Кітапханада
Тірек сөздер:мектеп кітапханасы, кітапханашы, қарсы алу, спорт туралы, кітап, іздеу,
көмек, қуаныш.
2.Жұптық жұмыс.
Сурет пен тірек сөздерді қолдана отырып, кітапханашы мен оқушының рөлінде сұхбаттас.
16