БЖБ География 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Физикалық география»
[xfgiven_youtube-id]
[/xfgiven_youtube-id]
«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«География» 7-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ География 7-сынып 3-тоқсан жауаптар «Физикалық география»
«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Табиғи –аумақтық кешендердің түрлері
Оқу мақсаты 7.3.5.2 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде
түрлі деңгейдегі табиғи кешендерді жоспар бойынша
сипаттайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі деңгейдегі табиғи кешендерге сипаттама береді
• Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасу себебін
дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Географиялық қабық - Жердің ерекше кешенді қабығы. Сұрақтарға жауап беріңіз.
a. Географиялық қабық дегеніміз ...
b. Географиялық қабықтың тұтастығын сурет арқылы дәлелдеңіз.
________________________________________________________________________
с. Географиялық қабықтың заңдылығын суретке қарап анықтаңыз.