Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » Алгебра геометрия kaz » БЖБ Математика, 5 сынып 1-тоқсан жауаптары «Натурал сандардың бөлінгіштігі» 

БЖБ Математика, 5 сынып 1-тоқсан жауаптары «Натурал сандардың бөлінгіштігі» 

29 окт 2024, 21:31
Алгебра геометрия kaz
6
0

«Натурал сандардың бөлінгіштігі» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 5 сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып оқушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Математика, 5 сынып 1-тоқсан жауаптары «Натурал сандардың бөлінгіштігі» 

«Натурал сандардың бөлінгіштігі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Тақырып Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері
Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ
еселік
Оқу мақсаты 5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі
анықтамаларын білу
5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік
белгілерін қолдану
5.1.2.10 көбейтіндінің берілген натурал санға
бөлінгіштігін талдау
5.1.2.11 қосындының және айырымның берілген натурал
санға бөлінгіштігін талдау
5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және
ЕКОЕ-ін табу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Натурал санның бөлгіштері мен еселіктерін
анықтайды
 Есептеуде және есеп шығарғанда сандардың
бөлінгіштік белгілерін қолданады
 Амалдарды орындамай-ақ, қосындының /
көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін
анықтайды
 Сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. 5, 21, 25, 42, 80 сандарынан:
a) 5-ке еселік;
b) 100-дің бөлгіштерін;
c) 42 санының бөлгіштері болмайтын сандарды таңдап жазыңыз.
2. 9 метр жібек матасы сатып алынды. Оның құны 4581 теңге болуы мүмкін бе?
Жауабын түсіндіріңіз.
3. Амалдарды орындамай-ақ анықтаңыз:
a)
 48120
қосындысы 12-ге бөліне ме;
b)
 2633
көбейтіндісі 11-ге бөліне ме?
4. Сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңыз:
a) 33 және 121;
b) 48, 52 және 84.




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.