БЖБ 11-сынып География, 3-тоқсан (ЖМБ) жауаптар «Геосаясат»
«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«География» 11-сынып 3-тоқсан
БЖБ 11-сынып География, 3-тоқсан (ЖМБ) жауаптар «Геосаясат»
«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Геосаясат негіздері
Оқу мақсаты 11.5.1.1
11.5.1.3
11.5.1.4
Қазіргі заманның геосаяси үдерістерін түсіндіру
Қазақстан Республикасының геосаяси
қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды анықтау
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігін күшейту
жөнінде ұсыныстарды әзірлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Қазіргі заманның геосаяси үдерістерін түсіндіреді
Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне
әсер ететін факторларды анықтайды
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігін күшейту жөнінде
ұсыныстарды әзірлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Әлемдегі заманауи геосаяси үдерістер. Қазір әлем тез өзгеруде, ондағы жүріп жатқан
серпінді геосаяси үдерістер көптеген себептерге байланысты: партиялық-саяси күштерді
орналастыру, кейбір елдердегі басшылардың ауысуы, жайлы жерлер және ресурстар үшін
күрес, аймақтар мен кейбір елдердегі саяси және әскери жанжалдардың пайда болуы,
халықаралық лаңкестік пен тұрақсыздықтың күшеюі. ХХІ ғасырдағы әлем елдерінің ең
негізгі мәселелерінің бірі - бұл қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап қалу. Ірі мемлекеттер
арасында геосаяси алаңдағы басшылық үшін күрес жүруде. Геосаясат -бұл мемлекеттің
сыртқы және ішкі саясатына әсер ететін географиялық деректерді зерттейтін ғылым.
(a) Берілген халықаралық ұйымның қалауыңыз бойынша бірін таңдап, мақсатын
жазыңыз. Ұсынылатын ұйымдар: БҰҰ, МАГАТЭ, ДСҰ
(b) Әлемде қандай геосаяси үлгілер бар? Олардың ішіндегі ең маңыздыларын атаңдар.
(c) Әлемнің геосаяси бейнесіндегі АҚШ пен Ресейдің рөліне баға беріңіз
(d) а сұрағында таңдаған ұйымның геосаяси мәселелерді шешудегі роліне баға беріңіз.
2. Заманауи жағдайда әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің геосаяси қауіпсіздігін
нығайтуда. Геосаяси қауіпсіздік - бұл халықаралық қарым-қатынастағы елдің ұлттық
мүдделерін қорғау. Әлем елдері мен Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі төніп тұрған келесі
жаңа қатерлермен байланысты: әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, этнос аралық және
демографиялық жағдайлар, табиғат және экологиялық апаттар, халықаралық лаңкестіктің
күшеюі.
(a) Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін 4 факторды анықтаңыз:
(b) Өзіңіз атаған 4 фактордың еліміздің геосаяси қауіпсіздігіне ықпалын кестеге жазып
топқа қосылу