БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Жария құқық»
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Құқық негіздері» 10-сынып 2-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Жария құқық»
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен
нысаны. Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық
жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Қазақстан
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске
бағытталған құқықтық және саяси актілер
Оқу мақсаты 10.2.3.1 Экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымын
және нысанын түсіндіру
10.2.4.4 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық
жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят
мысалында анықтау
10.2.5.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық
саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысанын
анықтайды
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық
жағдаят арқылы қарастырады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты
мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік
құқықтық актілермен танысып құқықтық жағдаятта
қолдану ерекшеліктерін қарастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төменде берілген түсініктермен танысып, анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
Түсінік Анықтама
1 Қоршаған табиғи
ортаны қорғау
А) Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың
зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи
ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам
мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық)
қатынасын ретгейді
2 Экологиялық құқық В) табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына,
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықытруға
бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі
3 Табиғат байлықтарын
тиімді пайдалану
С) Қоғамның материалдық, мәдени және басқа
қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның
шаруашылық және өзге қызмет процесінде
пайдаланылатын құрамдас бөліктері
4 Биологиялық
ресурстар
Е) генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың
бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң
адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе
топқа қосылу