БЖБ 10-сынып Биология, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Бөліп шығару»
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 10-сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 10-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ 10-сынып Биология, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Бөліп шығару»
Бөліп шығару бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқыту мақсаттары 10.1.5.2 Диализ механизмін түсіндіру
10.1.5.3 Бүйрек трансплантациясы мен диализдің
артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
Бағалау критерий Білім алушы
Бүйрек ауруының пайда болу себептері мен
салдарын келтіреді
Диализ механизмін түсіндіреді
Бүйрек трансплантациясы мен диализдің
артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Бүйрек ауруының пайда болуының үш себебін келтіріңіз:
2. Бүйрек ауруының салдарын келтіріңіз (3 тен кем емес):
3. Диализ – бүйрек ауруын емдеу жолы.
1-суретте диализ құрылғысы көрсетілген.
1-сурет
Диализ құрылғысы қанды қалай тазалайтынын түсіндіріңіз.
4. Диализді сұйықтықтың құрамы диализді жіберу барысында өзгереді. 1-кестеде диализ
сұйықтығында әрбір заттың концентарциясы қалай өзгеретінін, «төмен», «жоғары»,
«сол күйінде», «жоқ» сөздерін пайдалана отырып толтырыңыз.
топқа қосылу