БЖБ 10-сынып География, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Табиғатты пайдалану және геоэкология»
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«География» 10-сынып 2-тоқсан
БЖБ 10-сынып География, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «Табиғатты пайдалану және геоэкология»
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Геоэкологияның зерттеу пәні мен ӛзектілігі.
Геосфералардың ластануы. Геоэкологиядағы антропогендік
факторлар.
Оқу мақсаты 10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын,
бағыттарын және негізгі категорияларын
графикалық түрде ұсыну
10.3.2.2 Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себепсалдарын зерттеу
10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың
азайту жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын,
бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық
түрде бейнелейді
Геосфералардың ластану деңгейінің себеп-салдарын
анықтайды
Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың
азайту жолдарына мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Геоэкологиялық зерттеулердің мәні мен мазмұнына және бағыттарына қатысты мәтінді
оқып, инфографика түрінде кӛрсетіңіз.
Геоэкология-жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін
зерттейтін экология ғылымының бір саласы. Геоэкология терминін алғаш 1939 жылы
К.Тролль ұсынған еді. Геоэкологияны ландшафт экологиясы деп те атайды. Геоэкология
пәнінің мақсаты – табиғатты қорғау туралы ілімнің ғылыми негіздерін жердің табиғиантропогендік жүйелерінің экологиялық саны ретінде геоэкологияның негіздеуші
прициптерін зерттеу, анықталған заңдылықтарды қолданбалы экологияның теориясы мен
тәжірибесін іс жүзінде қолдану.
Геоэкология пәнінің негізгі міндеттері табиғатты қолдану негіздерін зерттеу және
экологиялық аудандастыру әдістерін карастыру. Негізгі ластайтын заттардың қайнар
ӛздерін, олардың таралуының жалпы заңдылықтарын табу және аудандардың
геологиялық құрылымын зерттеу және қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау.
Сонымен қатар қоршаған орта зерггтеулерінің әдістемелерін, химиялық элементтердің
табиғи және жасанды кӛздерінің сипаттамасын, шаруашылык қызметтің коршаған ортаға
техногендік тәуелділігін түсіндіру. Техногенездің ерекшілігімен, табиғи шарттардың
ролімен таныстыру және коршаған орта ластануында адамдардың шаруашылық қызметін
анықтау, аймақтарды экологиялық аудандастыру, минералды қорлардың тиімді колдану
туралы және экологиялық– геологиялық карталарды құрастырудың ғылыми - әдістемелік
принциптерін білу.
Геоэкологияның негізгі бағыттары: Жалпы геоэкология - Жерге ортақ жаһандық
үдерістер мен құбылыстарды зерттейді (экологиялық геоморфология, табиғи ресурстар
экологиясы, атмосфера экологиясы, гидроэкология және т.б.)
Қолданбалы геоэкология – шаруашылық іс-әрекетке байланысты геоэкожүйенің
ӛзгерістерін зерттейді (агроэкология, урбанэкология, орман шаруашылығы және т.б.)
топқа қосылу