ТЖБ 10-сынып Физика 4-тоқсан ҚГБ жауаптар
«Физика» 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
ТЖБ 10-сынып Физика 4-тоқсан ҚГБ жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. 1 және 2 суретте горизонталь карта арқылы вертикаль бағытта өтіп жатқан токтың екі түрі
берілген. Р және Q нүктелері картада белгіленген.
(a) Р нүктесіндегі магнит өрісінің күш сызықтарын сызыңыз және бағыттарын
көрсетіңіз;
[1]
(b) Q нүктесінде орналасқан компастың қалай бағытталатынын сызыңыз.
[1]
2. Біртекті магнит өрісінде орналасқан сым бойымен электр тогы өтеді. Суретте тогы бар
сымға әрекет ететін күштің бағыты көрсетілген.
(a) Сымдағы токтың бағытын анықтаңыз.
[1]
(b) Магнит өрісінің бағытын көрсетіңіз.
[1]
3. Суретте біртекті магнит өрісінде қозғалып жүрген үш электронның бағыты
көрсетілген. Магнит өрісі тарапынан Лоренц күші әсер етпейтін электронды анықтаңыз және
жауабыңызды дәлелдеңіз.
[2]
4. Соленоидтың полюсын анықтаңыз. Егер соленоид ортасына темір өзекше
орналастырса, онда оның магнит өрісі қалай өзгереді?
[2]
топқа қосылу