БЖБ 10-сынып Физика, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Динамика»
«Динамика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 10-сынып 1-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ 10-сынып Физика, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Динамика»
«Динамика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.1.2.1 - Ньютон заңдарын түсіну және теңәрекетті күшті
табу
10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш
аппаратының қозғалысын сипаттау
10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль
лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі
физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
Ньютонның заңдарын қолданады
Бүкіләлемдік тартылыс заңын сипаттайды және
күштерді салыстырады
Көкжиекке бұрыш жасай лақытырылған дене
қозғалысын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Суретте массасы 3,5 кг денеге әрекет ететін күштер берілген. Егер 𝐹2 күштің модулі
21 Н тең болса, дене қандай үдеумен қозғалады.
2. Массасы 12 кг болатын арбашаның жылдамдығы тұрақты болып қалатындай өте аз
биіктіктен төмен қарай қозғалып келе жатыр.
(a) Көлбеу жазықтық бойымен қозғалып келе жатса да, арбаша неліктен үдеу
алмайтынын түсіндіріңіз.
(b) Одан кейін жазықтықтың көлбеулігін үлкейтеді және арбаша үдемелі қозғалады.
Үдемелі қозғалыстың себебін түсіндіріңіз.
3. Суреттегі ақпаратты пайдаланып, Мх белгісіз массалы және m массалы денелер
арасындағы тартылу күші мен Мх белгісіз массалы және 2m массалы денелер арасындағы
тартылу күші арасындағы айырмашылықты анықтаңыз.
топқа қосылу