ТЖБ 10-сынып Информатика 4-тоқсан ЖМБ жауаптар
Информатика 10-сынып 4-тоқсандық бойынша жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
Тапсырма түрлері:
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
- Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар типтері пайдаланылды: қысқа/толық жауапты тапсырмалар.
- Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 10 тапсырма бар.
- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады.
- Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тізбекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады.
- Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады.
- Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер/сұрақтар болуы мүмкін.
ТЖБ 10-сынып Информатика 4-тоқсан ЖМБ жауаптар
Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Информатика» пәні бойынша
4-тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Реляциондық деректер қоры» ұғымын түсіндіріңіз.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[1]
2. Кілттік сөздерді қолданып, бос орындарды толтырыңыз.
баған, сорттау, сұрыптау, индекс, жол
a) _________________ — деректерді іздеу нәтижелерін жақсарту мақсатында
құрылған деректер қорының нысаны.
b) өріс - бұл белгілі бір қасиеттегі мәндерді қамтитын кесте ___________
c) жазба - бұл деректер қорының өрістерінде орналасқан мәндердің жиынтығын
қамтитын кесте ____________.
[3]
3. Қала полициясы барлық көлік туралы ақпаратты компьютерлік деректер базасында
сақтайды. Әрбір көлік жөнінде келесі ақпарат сақталады: көлікті тіркеу нөмірі, түсі,
шығарылған жылы, моделі, иесінің аты, иесінің мекенжайы, сатып алу бағасы,
шыққан күні.
Құрылған деректер қорының кілттік өрісін анықтаңыз.
__________________________________________________________________________
Өз таңдауыңызды негіздеңіз.
__________________________________________________________________________
[2]
4. Кестеде берілген әрбір өріс үшін берілгендер типін тізімде көрсетілген типтерді
қолданып анықтаңыз.
[3]
Өріс атауы Берілгенде
топқа қосылу