БЖБ 10-сынып Алгебра, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Көпмүшелер»
«Көпмүшелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 10-сынып 3-тоқсан (жаратылыстану-математика бағыты)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
БЖБ 10-сынып Алгебра, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Көпмүшелер»
«Көпмүшелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар
көпмүше түбірлерін табу
Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу
Безу теоремасы
Анықталмаған коэффициенттер әдісі
Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет
теоремасы
Оқу мақсаты 10.2.1.5 Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір
айнымалысы бар көпмүшенің түбірлерін табу
10.2.1.7 Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлуді
орындау
10.2.1.8 Безу теоремасын және оның салдарларын есеп
шығаруда қолдану
10.2.2.1 Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде
көбейткіштерге жіктеу әдісін қолдану
10.2.1.12 Жалпыланған Виет теоремасын білу және оны
үшінші ретті көпмүшелерге қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:
Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөледі
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеп, оның
түбірлерін табады
Безу теоремасы және оның салдарын қолданады
Жалпыланған Виет теоремасын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1.
а) 𝑥
3 − 2𝑥
2 − 11𝑥 + 12 көпмүшесін (𝑥 − 1) екімүшесіне «бұрыштап» бөлу арқылы
бөліндіні табыңыз.
b) 𝑥
3 − 2𝑥
2 − 11𝑥 + 12 көпмүшесін толықтай көбейткіштерге жіктеңіз.
с) 𝑥
3 − 2𝑥
2 − 11𝑥 + 12 = 0 теңдеуін шешіңіз.
2. 𝑥
3 − 5𝑥
2 + 𝑝𝑥 + 𝑞 = 0 теңдеуінің түбірлері 𝛼, −3𝛼 және 𝛼 + 3. Жалпыланған Виет
теоремасын қолдана отырып, 𝛼, 𝑝 мен 𝑞 мәндерін табыңыз.
3. 𝑝(𝑥) көпмүшесі берілген: 𝑝(𝑥) = 2𝑥
3 + 𝑎𝑥
2 + 𝑏𝑥 − 6, мұндағы a және b тұрақты сандар.
(𝑥 + 1) екімүшесі 𝑝(𝑥)-тің бөлгіші және 𝑝(𝑥)-ті (𝑥 − 2)-ге бөлгендегі қалдық 12-ге тең
екені белгілі. Безу теоремасын қолдана отырып а және b мәндерін табыңыз.
топқа қосылу