ТЖБ Биология 8 сынып 2-тоқсан жауаптар
«Биология» 8 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Биология» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
ТЖБ Биология 8 сынып 2-тоқсан жауаптар
Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Биология» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Адам ағзасының ішкі ортасы мен оның компоненттері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
ІШКІ ОРТА КОМПОНЕНТТЕРІ АҒЗА ІШКІ ОРТАСЫ
A) қан плазмасынан түзіледі
Б) ағза жасушаларын қоршайды
B) антиденелермен фагоциттердің көп мөлшері
Г) қанға нәруыз, су және тұздарды қайтарады
Д) плазма және қан жасушаларынан тұрады
Е) тромб түзуге қабілетті
1) қан
2) лимфа
3) жасуша аралық сұйықтық
1………………………………
2………………………………
3……………………………..
[3]
2. Қанның формалық элементтерінің түзілетін орнын көрсетіңіз.
A) бүйректе және сүйек майында
B) лимфа түйіндері, сүйек кемігі және тимуста
C) көкбауыр мен аралас секреция бездерінде
D) тек лимфа түйіндерінде
[1]
3. Суретте микроскоппен көрінген бақа мен адам қан жасушалары бейнеленген.
Бақа қаны жасушалары Адам қаны жасушалары
(a) Бақа мен адам қан жасушаларының айырмашылығы неде?
...........................................................................................................................................................[1]
(b) Кімнің қаны көп оттегін тасымалдайды? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
...........................................................................................................................................................[1]
4. Суретте түйіршікті лейкоциттер берілген.
Суретте фагоцитозға қабілетті лейкоцитті көрсетіңіз
топқа қосылу