БЖБ Биология, 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Жасушалық биология. Молекулалық биология»
«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 8-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Биология, 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Жасушалық биология. Молекулалық биология»
«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу.
Прокариот және эукариот жасушаларын салыстыру.
Полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылық.
Көмірсулар мен липидтердің құрылымы ммен қызметі.
Нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі.
Оқыту мақсаттары 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың
құрылысын салыстыру
8.4.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын
классификациялау
8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып,
полимерлер мен мономерлер арасындағы
айырмашылықты сипаттау
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің құрылымы мен
биологиялық қызметтерін сипаттау
8.4.1.3 нәруыздардың биологиялық құрылымы мен
қызметі
Бағалау критерий Білім алушы
• Прокариот және эукариот жасушаларының
құрылысын салыстырады
• Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді
• Полимерлер мен мономерлердің арасындағы
айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы
сипаттайды
• Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен
қызметін сипаттайды
• Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу, түсіну және қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Прокариот жасушасы құрылымында кездеспейтін органоидты көрсетіңіз.
А) жасуша мембранасы
В) рибосома
С) ядро
D) цитоплазма
2. Прокариот және эукариот жасушасы құрылысындағы ортақ құрылымды табыңыз.
А) аппарат Гольджи
В) рибосома
С) лизосома
D) ядро
топқа қосылу