Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 3-тоқсан жауаптар

ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 3-тоқсан жауаптар

05 ноя 2024, 21:30
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
3
0

Қазақ тілі 9 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБ Қазақ тілі 9-сынып 3-тоқсан жауаптар

«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия
келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, негізгі ойын шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Мәтіннің мақсатты
аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтап, айтылған ойға сыни тұрғыдан өз
көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен
дәлелдей сөйлеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ
қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт
1-мәтін
Соңғы санақ нәтижесі Қазақстанда адам санының өсімі бар екенін көрсетті. Алайда
кейінгі жылдардағы елдің демографиялық ахуалының нашарлап бара жатқанын ресми
деректер де жоққа шығармайды. Осы өзекті мәселеге арналған Азаттық радиосының
дөңгелек үстеліне ресми орындар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
24 желтоқсанда Алматыда өткен республикалық конференцияда сөйлеген сөзінде
мәжіліс депутаты Айткүл Самақова «өткен жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін
алдыңғы жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 1339 сәби кем туды», – деп
мәлімдеді. Алайда депутат 2009 жылы нақты қанша сәбидің дүниеге келгені туралы тіс
жармады.
Оған қоса ерлер мен әйелдердің санындағы айырмашылықтың алшақтай түскені
байқалды. Айткүл Самақованың атап көрсетуінше, ерлер мен әйелдер санындағы
айырмашылық 30 жастан басталып, зейнетке шығатын уақытқа қарай 100 ер кісіге 140 әйел
адам келеді. Оның ішінде бала тәрбиелейтін жастағы ерлердің саны айтарлықтай кем болып
отыр.
Мәжіліс депутатының мәліметіне сәйкес, ерлер мен әйелдердің жас ұзақтығында да
айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, 2008 жылы ерлердің орташа жасы әйелдерден 10,5
жылға кем болған.
2-мәтін
Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлағанын ресми
билік мойындады. Ал олардың нашарлауына нақты қандай факторлар себеп болды?
Гаухар Нұрахметова:
- 2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу
деңгейі төмендеп кетті деп айтуға болады. Мысалы, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана
тұрақтанады. Бұл – үлкен мәселе. Ауруға байланысты айтар болсақ бұл жерде жүрек
дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар Семей полигонының
зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы
жоғарғы қалпында қалып отыр.
Әзімбай Ғали:
- Жалпы туу үрдістерінің әлеуметтік, демографиялық заңдылықтары бар. Соңғы санақ
деректерін қарасақ, Қазақстан жұртшылығының саны 37 пайызға өскен екен. Егер де
санақтың деректері рас болса, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Қазақстан жұртшылығының
санының өсуі – оралмандар есебінен болды. Тек қана соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1
миллионнан астам оралман келді. Сол санның арқасында Қазақстан жұртшылығы 16
миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ деректері дұрыс болып шықса.




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.