ТЖБ Қазақстан тарихы 8-сынып 1-тоқсан жауаптар
Қазақстан тарихы 8 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
ТЖБ Қазақстан тарихы 8-сынып 1-тоқсан жауаптар
«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
1. Қазақ халқының шаруашылығына жоңғар шапқыншылығының тигізген зардаптарын
жазыңыз.
Мал шаруашылығына Егін шаруашылығына Сауда жолдарына
Қорытынды:
[4]
2. Берілген деректердің «ақиқат» немесе «жалған» екендігін анықтаңыз.
№ Деректер ақиқат жалған
A «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында
қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс
аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті
B Ш. Құдайбердіұлының дерегінде 1723-1727 жылдары
қазақ халқының 3/2-сі қырғынға ұшырады
C Орта жүз руларының көпшілігі Сырдария өзенінен өтіп,
Самарқан қаласының төңірегіне жылжыды
[3]
3. Жұт дегеніміз:
A. ауа-райының қолайсыздығы
B. ашаршылықтың орын алуы
C. егіннің шықпай қалуы
D. сауда-саттықтың тоқырауы
E. суықтан малдың қырылуы
[1]
4. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған аймақтарды анықтаңыз.
A. Алтай және Сарыарқа аймағы
B. Жетісу және Ертіс аймағы
C. Еділ мен Жайық арасы
D. Қазақстанның солтүстік-шығысы
E. Ертіс бойындағы қалалар
[1]
5. Қазақ халқының басына түскен қайғы-қасіретті сипаттайтын әнді көрсетіңіз.
A. «Дала зары»
B. «Елім-ай»
C. «Ел мұңы»
D. «Қалың елім, қазағым»
E. «Опасыз жалған»
[1]
6. Шәкәрім Құдайбердіұлының мәліметі бойынша, жоңғар шапқыншылығынан кейін,
халықтың бір бөлігі:
A. Жұтқа ұшырады
B. Иранға ауып кетті
C. Қытайға ауып кетті
D. құлдыққа сатылды
E. Хиуа аймағына өтіп кетті
[1]
топқа қосылу