Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » БЖБ География 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

БЖБ География 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

04 ноя 2024, 22:08
KAZ / География kaz
31
0

«Физикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 8-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Физикалық география»

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер.Материктердің
табиғи зоналары.Өсімдік әлемі мен жануарлар.
Оқу мақсаты
8.3.4.1 Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің
қалыптасуын түсіндіреді
8.3.4.3 Әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен
биіктік белдеулерді салыстырады
8.3.4.5 Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау
қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу
жолдарын сипаттайды
• Әр материктегі ұқсас табиғат зоналары мен биіктік
белдеулерінің ерекшеліктерін салыстыра анықтайды
• Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың
маңыздылығын дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінмен танысып,тапсырманы орындаңыз.
(a) Табиғат зоналарын қалыптастыратын негізгі факторларды атаңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(b) Биіктік белдеуді қалыптастыратын негізгі факторларды атаңыз. ______________________
_____________________________________________________________________________
Табиғи зоналардың қалыптасуы
 Табиғат зоналар ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн
жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың
ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи
зоналар пайда болады. Мысалы: аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы
жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән
климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір
зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі
Биіктік белдеудің қалыптасуы
 Таумен жоғары көтерілген сайын белгілі биіктік (вертикаль) зоналар (белдеулер)
бойынша климат жағдайларының қалыптасуы. Биіктік артқан сайын температура мен қысым
азая бастайды. Белгілі бір биіктікке жеткенде ылғалдылық артады да, ең көп жауын-шашынды
белдеу түзіледі, ал одан кейін ылғалдылық азая береді. Биіктік климат белдеулігімен тек
климат жағдайларының ғана емес, онымен бірге су ағынының, топырақ пен өсімдік типтерінің,
жануарлар дүниесінің өзгеруіне де әсерін тигізеді.
2. (а) Африка мен Оңтүстік Америка материгіндегі экваторлық орман зонасын салыстырып, 





🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.