БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»
«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі» 8-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»
Оқу мақсаты8.2.3.1мақала,презентацияқұрылымыменресімделуі
арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік
құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу
Бағалау критерийіБілім алушы
•Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
•Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын
ақпараттық мақала құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді оқып, ақпараттық мақалаға тән кем дегенде үш жанрлық ерекшелікті көрсетіңіз.
Отбасы құндылығы басты назарда
Бүгін осындай тақырыпта аудан орталығындағы Шетпе гимназиясында өнегелі жиын
өтті.Шараны Маңғыстау аудандық жастар ресурстықорталығы мен аудандық салауатты
өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.
Шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары мен олардың ата аналары, мектеп
мұғалімдері, жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев пен еңбек ардагері Шаймұрза
Байпақов қатынасты.Жиынның алғы сөзін гимназия басшысы Г.Нұрмағанбетова алып,
кәзіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған отбасындағы тәрбие мен құндылықтар, жастар
тәртібі жайында өткізілген жиынның дер кезінде өтіп отырғандығын ескертті.Бұдан соң
жастарорталығыныңбасшысыА.Қонарбаевсөзалып:«Отбасындағы
құндылықтардысақтаумен қастерлеу бүгінгі жастардың парызы.Қазіргі жастардың ойын
ғаламтор тұмшалап алған. Сол себептен олардың ескінің көзі салт-дәстүрімізден айнып,
заманауи үрдіске бойлары үйреніп барады.Оларды имандылық пен адамгершілікке бой
түзеуқоғамның ортақы парызы дегім келеді» деді.
Жиын соңында ұйымдастырушылар тарапынан жиында белсене қатынасқандарға
Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
«Бүгінгі басқосу өте жақсы өтті деп ойлаймын. Отбасы ол кез келген қоғамның
алтын діңгегі емес пе? Сол себептен бүгінгі жиында мен көптеген кеңестер алдым деп
ойлаймын. Осындай танымдық кеңес беру жиындары жиі ұйымдастырылып тұрса нұр
үстіне нұр еді. Шаймырза ағайдың өмірлік қағидалары жайында ақыл кеңестері өміріме
қажет деп есептеймін» дейді ата–ана Раушан Отаралиева.
Ерекшеліктер:
1)__________________________________________________
2)__________________________________________________
3)__________________________________________________
2. «Денсаулық – ең басты құндылық» тақырыбында мектебіңізде немесе тұрғылықты
аймақта болған қандай да бір шараны негізге ала отырып (немесе ойдан құрастырып),
жергілікті газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз. Мақала жазуда жоғарыдағы үлгіні
негізгі алыңыз.
топқа қосылу