Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 3-тоқсан жауаптар

ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 3-тоқсан жауаптар

31 окт 2024, 20:01
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
4
0

«Қазақ әдебиеті» 7 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудыңқұрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім -анализ және интерпретация, үшіншісі-бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып 3-тоқсан жауаптар

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықтап көріңіз.
А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі
В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау
С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік
Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау
[1]
2. Дастандағы Ноянды сипаттаған сөз оралымы?
А) қоңыр қаз
В) оққа ұшпайтын марал
С) бөрінің бөлтірігі
Д) қанды балақ
[1]
3. «Көксерек» әңгімесінде «Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел
болмайды» деп кім айтушы еді?
A) әжесі
Ә) Қасен
Б) Бейсембай
В)үлкендер
[1]
4. «Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ
бүргеннің түбін паналап отыра кетті.» Шығармадағы бұл эпизодта Борис пен Серік ...
А) немістерден қашып келеді.
В) Серіктің әкесін іздеп жүр.
С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр.
Д) отрядты іздеп келе жатыр.
[1]
5. «Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың шешімі -
А) Ертай салған суреттің «Октябрь балалары» газетіне шығуы
В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы
С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы
Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы
[1]
6. Абылайдың Қанай биге «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» деуінің себебін түсіндіріңіз.
Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
7. Көксеректің ауыл тұрғынына айналған кезі мен жойқын, дүлей күшке айналған бейнесін
салыстырыңыз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
8. «Тәмпіш қара» повесінде Шаншатай бойынан қандай қасиеттерді байқай алдыңыз?
Шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________
[2]
9. «Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан
айырған сол қарақшы!» деген Сильвестердің ойын әрі қарай дамытып жазыңыз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.