ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 1-тоқсан жауаптар
1-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақстан тарихы» 6-сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Тоқсанбойыншажиынтықбағалаудаәртүрлітапсырмалар:көптаңдауыбар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады.Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 1-тоқсан жауаптар
«Қазақстан тарихы» пәнінен I тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Сұрақтарға жауап беріңіз.
a) «Көшпелi адамдар. Алайда олар жер өңдейдi, себедi және орады» деп жазған авторды
атаңыз.
b) «Қалаларда халықтың бiр бөлiгi жер өңдейдi, ал екiншiсi саудамен айналысады» деген
дерек беретін жазбаны анықтаңыз.
c) «Онда түрлi елдердiң саудагерлерi аралас тұрғанын, ал қала тұрғындарының
жартысын көпестер құрағанын» хабарлайтын деректегі қаланы көрсетіңіз.
d) Тарихи деректерде «көпестер қаласы» ретiнде аталған қаланы жазыңыз
e) Орта Азия, Қытай, Византия билеушiлерiнiң теңгелерi осы кезеңде халықаралық
сауданың кең дамығанын айқындайды
[5]
2. Тарихи оқиғалардың қай мемлекетке қатысты екендігін анықтап, ұяшыққа жазыңыз.
1.Мұқан қаған түркілердiң Орталық Азия мен Оңтүстiк Сiбiрдегi
үстемдiгiн бекiттi
2.751 жылы шiлдеде Тараз маңындағы Атлах қаласында араб және
қытай әскерлерi арасында үлкен шайқас болды
3.Олар 965 жылы Киев Русiмен одақтаса отырып, Хазар
қағанатын талқандады
4.Қағанның Ертiс бойындағы ордасы – Имақия қаласы болды
5.Тон-жабғу тұсында Орта Азия мемлекеттерiне қағанаттың қатаң
бақылауы орнықты
[5]
топқа қосылу