Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » БЖБ Казақ әдебиеті 6-сынып 1-тоқсан жауаптары «Туған жерім - аялы алтын бесігім»

БЖБ Казақ әдебиеті 6-сынып 1-тоқсан жауаптары «Туған жерім - аялы алтын бесігім»

30 окт 2024, 20:16
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
7
0

«Туған жерім - аялы алтын бесігім» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Казақ әдебиеті» 6-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Казақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 6-сынып «Казақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

БЖБ Казақ әдебиеті 6-сынып 1-тоқсан жауаптары «Туған жерім - аялы алтын бесігім»

Бөлім «Туған жерім - аялы алтын бесігім»
Оқылатын шығарма «Аяз би» ертегісі, «Алып Ер Тұңға» жыры
Оқу мақсаты 6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін
анықтау
6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық
мәселені идеясы арқылы түсіндіру
6.2.2.1 - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор
бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Идеясы арқылы әлеуметтік-қоғамдық мәселені
анықтайды
• Шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін
ажыратады
• Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз.
...Аяз би әділ болды. Тура билік етті, нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен
жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі
ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын
деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы
еді дейді.
2. Бос бағанды толтырыңыз.
Жырдың тақырыбы
Әдеби жанры
Негізгі идеясы
Жыр сюжеті
3. Жырдағы автордың бейнесін, ойын анықтаңыз.
Алып - Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар...
Тербетер салты мұндай-ақ,
Бұдан да басқа сөз көп-ақ.
Заман атса кезеп-ақ,
Таулардың басы күйрелер...






🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.