Тіркелгі жасаңыз
JOSPARIK.KZ » KAZ » ТЖБ Әдебиет 5 сынып 4-тоқсан

ТЖБ Әдебиет 5 сынып 4-тоқсан

29 окт 2024, 21:01
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
2
0

4-тоқсандық жиынтық бағалау «Әдебиет» 5 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Әдебиет» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. 

Тоқсандықжиынтықбағалаудыңнұсқасы3компоненттентұрады:біріншісі- тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Әдебиет 5 сынып 4-тоқсан

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі Есмағамбеттің бала алдында өзін кінәлі сезіну
себебін анықтаңыз.
А. балаға шындықты айта алмауынан
В. балаға қамқор бола алмауынан
С. балаға дұрыс тәрбие бере алмауынан
Д. балаға берген уәдесін орындамауынан
[1]
2.Шығарманың «Мексика ұлы» деп аталу себебін табыңыз.
А. ақша үшін, ақшаға негізделген жеңіл өмірі үшін
В. өмірге құштарлығы, ерлік пен адамгершілігі үшін
С. қайтпас-қайсарлығын танытқаны, шеберлігі үшін
Д. елінің аянышты тұрмысы, аяққа тапталған ар-намысы үшін
[1]
3. «Үстіне су жаңа ақ футболка киген төрт жасар шамасындағы ер бала арнайы тіреу
ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы көлеңкесінің бір шетінде құммен
ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек... ойыншық шелек...» үзіндіден кейіпкер бейнесін
анықтаңыз.
А. Балмағамбет
В. Есмағамбет
С. Сағынай
Д. Сержан
[1]
4. « Мексика ұлы» әңгімесіндегі Ривераның рингтегі басты қарсыласын табыңыз.
А. Дэнни
В. Келли
С. Роберт
Д. Росалью
[1]
5. «Өз ұлының төрі болғандықтан ба, шешей қала адамдарының ортасында, салтанатты
дастарқанның басында еш қысылып-қымтырылатын емес. Жарықтық біздің әжелеріміз бұ
кісінің қасында дүниеден түк қызық көрмей, бос өткен екен ғой әншейін...» осы үзіндіден
кейіпкердің қандай сезімде болғанын анықтаңыз.
А. күйзелісін
В. қорқуын
С. қуанышын
Д. таңырқауын
[1]
6. «Нағыз әже» әңгімесіндегі «современный» әженің келбетін автор қалай сипаттайды?
Ойыңызды 2-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
7. Жазушы Ривера бейнесі арқылы оқырманға қандай ой тастайды? Өз көзқарасыңызды 2-4
сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
8. Азат неліктен кішкентай қыздарына «әжені» көрсетуге уәде етті? Өз көзқарасыңызды 2-4
сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]




🌟 Назар аударыңыз 🌟
✳️ Құжаттарды жүктеу үшін Telegram тобына қосылу керек.
топқа қосылу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.