БЖБ Әдебиет, 5-сынып 4-тоқсан «Отбасы құндылықтары»
«Отбасы құндылықтары» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиет» 5 сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Әдебиет» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Әдебиет» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Әдебиет, 5-сынып 4-тоқсан «Отбасы құндылықтары»
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты 5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу
құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы
сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
5.3.1.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу
құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы
мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)
мағынасын анықтайды
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін
суретпен сәйкестендіріңіз, ауыспалы мағынадағы сөздерді ажыратыңыз.
«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер Суреттер
А Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер
бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана
шиыршық атып тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ
аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту
мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ
Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп
жіберді. Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан
төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай
дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды.
1
Ә Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған
шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера
айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар
мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан
Дэнни Уордты көрді.
2
Б Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан
сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды.
Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп
көрсетті. Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ
қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда
алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай
алмай қалды.
топқа қосылу