БЖБ Әдебиет, 5-сынып 2-тоқсан «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиет» 5 сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Әдебиет» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Әдебиет» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Әдебиет, 5-сынып 2-тоқсан «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Тақырып Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай
Жомарт»
Оқу мақсаты 5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра
суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы
суреттеулерді ажыратады
Кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасап,
әдеби эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінен цитаталар келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұл мен
ағасының образдарын салыстырыңыз.
Кейіпкерлер Кейіпкерлер іс-әрекетінен
цитаталар
Екі кейіпкердің образдарына
салыстыру (айырмашылығы
мен ұқсастығына) жасаңыз.
Қыпшақ Сейітқұл
Сейітқұлдың ағасы
2-тапсырма
Суреттерге назар аударып, «Атымтай Жомарт» туралы әңгіме үзіндісін оқыңыз. Осы
шығармадағы автордың ойын жалғастырып, «Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?»
тақырыбында әдеби эссе жазыңыз
топқа қосылу