БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 4-тоқсан «Саяхат және демалыс. Синтаксис»
«Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі Т1» 5 сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 4-тоқсан «Саяхат және демалыс. Синтаксис»
Бөлім «Саяхат және демалыс. Синтаксис»
Оқу мақсаты 5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын
және тілдік құралдарын салыстыру
5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша
әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы,
мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады
Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұны, сөз қолданыстарындағы
айырмашылықтары мен ұқсас тұстарын анықтаңыз.
1-мәтін 2-мәтін Екі мәтіннің ұқсас
тұстары
Тақырыптары
Жазпы мазмұны не
туралы? Қысқаша
көрсетіңіз
Қандай ерекше сөздер
кездеседі? Сөз,
сөйлемдерде қандай
ерекшеліктерді
байқадыңыз
1-мәтін
Сұхбат
- Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына
айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала»
деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы
орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.
- Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты
себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар
демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы,
көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі»
деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары,
жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай
өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа,
керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен қаныққан таза ауа.
2-мәтін
Нұсқаулық
Саяхат ережесі
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасын
топқа қосылу