ТЖБ 2-тоқсан Математика 4-сынып жауаптар
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 4-сынып
Спецификация 4-сыныпта «Математика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 2-тоқсан Математика 4-сынып жауаптар
4. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі
«Математика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Тиімді тәсілмен шығар:
15 ∙ (7 ∙ 4 ) =
720 : (9 ∙5) =
[4]
2. Баған түрінде жазып шығар.
1 235 ∙ 248
[4]
3. Қалдықпен бөлуді орында.
3893 : 54
[3]
4. Кестені толтыр.
Өнімділік Уақыт Жұмыс
Шебер ? 6 сағ 1284бөлшек
Шәкірті 186 бөлш./сағ 7 сағ ?
[2]
5. Есепті шығар.
Бір қаладан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі автобус жолға шықты. Біріншісі
52км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісі 74 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 8 сағаттан кейін
олардың арасы қандай болады?
[5]
топқа қосылу