ТЖБ 2-тоқсан Қазақ тілі (Т1) 4-сынып жауаптар
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі (Т1)» 4-сынып
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі (Т1)» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 2-тоқсан Қазақ тілі (Т1) 4-сынып жауаптар
4. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып,
«Домбыра – ұлттық аспап» деген тақырыпта монолог құрап айт.
Тірек сөздер: қасиетті аспап, үні жағымды, кең таралған, күй, терме, ұрпаққа мирас,
ұлттық өнерді насихаттаушы, ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің
жаршысы.
Жоспар:
1. Қазақ халқының көне аспабы
2. Домбыраның қолданысы
3. Домбыра – ұлттық символ
топқа қосылу