ТЖБ 4-тоқсан Дүниетану 4-сынып жауаптар
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 4-сынып
Спецификация 4-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 4-тоқсан Дүниетану 4-сынып жауаптар
5. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі
«Дүниетану» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-тапсырма
а) А. Айымбетовтың өмірбаянынан берілген үзіндіні оқы.
Айдын Айымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық
Батыры.
Қазақстанның үшінші ғарышкері А. Айымбетовтың ғарышқа
сапары 10 күнге созылды. Осы сапар барысында ол бірнеше ғылымизерттеу жұмыстарын жүргізді.
Физика саласы бойынша жерүсті жағдайында алуға келмейтін
кристалдарды сынақтан өткізді. Ұлттық тағамдардан жасалған
қоспалардың ғарышта адам ағзасына сіңірілуін сынау үшін
«Дастарқан-6» экспериментін жүргізді. Сонымен қатар Арал өңіріндегі
шаңды дауылдарды, Каспий теңізінің мұнай өндірісі кезіндегі
ластануын зерттеді.
Қорыта айтқанда, Айымбетовтің ғарыштағы он күні ғылымға
үлкен олжа болды.
b) Мәтінге сүйеніп, А. Айымбетовтың ғарышта жасаған зерттеулері туралы жаз.
1) ___________________________________________________________
2) ___________________________________________________________
3) ___________________________________________________________
[3]
2-тапсырма
a) Суретте бейнеленген ғарыш айлағы қалай аталады?
_____________________________
b) Қазақстанның әлемге танымал болуына бұл ғарыш айлағының қандай әсері бар?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
[2
топқа қосылу