ТЖБ 3-тоқсан Жаратылыстану 2-сынып жауаптар
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 2-сынып
Спецификация 2-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 3-тоқсан Жаратылыстану 2-сынып жауаптар
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Дұрыс жауабын таңда.
1) Күн жүйесіндегі адамзат тіршілік ететін жалғыз ғаламшар: А) Жер В) Уран С) Нептун
D) Марс
2) Күн – бұл …
А) жер серігі
В) ғаламшар
С) жұлдыз
D) комета
3) Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар. А) Марс В) Жер С) Уран
D) Юпитер
4) Күн жүйесіндегі күрделі сақиналық құрылысы бар ғаламшар: А) Меркурий В) Шолпан С) Марс
D) Сатурн
2. Суретке мұқият қара. Дұрыс тұжырымдарды белгіле (P).
1) Ай – жарық көзі.
2) Ай – Жердің жалғыз табиғи серігі.
[1]
3. Күн туралы сөйлемдерді толықтыр.
1) Күн болмаса Жерде _________________ болмас еді.
2) Күн Жерге жарық және __________________ береді.
3) Кешке Күн ___________________
топқа қосылу