Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:

 

СЫНЫП:3

 

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

3.1.2.1 — шағын тақырыпта жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің мағынасын түсіну.

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

Құндылықтарды таңдаудағы маңыздылық, тұлғаның өмір сүру тәсілі туралы біледі ндыру.

 Оқушылардың басым бөлігі:

Балалардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсінеді

 Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау  критерийі Адам –ең жоғары құндылық тақырыбында оқып біледі, термин сөздерді түсініп, тапсырмаларды орындау барысында дұрыс пайдаланады.

Берілген тапсырма бойынша өмірмен байланыстыра отырып, өз постерлерін қорғайды.

Тілдік құзіреттілік кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер,мәтін

Мәдени құндылық – тіл, дін, әдебиет, өнер т.б.
Ұлттық құндылық – салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар т.б.
Кәсіби құндылық – білім, мектеп, еңбек, жұмыс т.б.
Отбасы құндылығы – ата-ана, бауырлар, туыстар т.б.
Рухани құндылық – адамгершілік, сенімділік, мейірімділік, бауырмалдық т.б.

Құндылықтарды

дарыту

—          жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

—          топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

—          өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

—          топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;

АКТ дағдысын қолдану Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
Өмірмен байланыс Орта ерекшеліктерін талқылау
Пәнаралық байланыс Дүние тану
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы  5 минут

 

Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

 

 

Ортасы   20 минут  1.«Өмір құндылығы» туралы бейнежазбаны көру (Ең жоғарғы және абсолютті құндылық бар — ол адамның өзі, оның өмірі. Адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыру, қоқыстағы затқа екінші өмір сыйлау, ысырапшыл болмау…).

2.Егер сіздер бағалы жүзікке ие болсаңыздар, не істер едіңіздер?

3.Құндылық дегенді қалай түсінесіздер?

4.Өз бойыныздағы қандай жоғары қасиеттерді айта аласыз?

5.Қандай жағдайда адам құндылығынан ажырап қалуы мүмкін?

Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады.

. Дәйексөз
«Бала үйде не көреді, соны үйренеді. Ата — аналар соған үлгі». (Себастьян Брант).

Егер ата — аналар өз баласына бұдан былай жаман үлгі болғысы келмесе, осы зиянды әдеттен бас тартуға шешім қабылдайды. Оны қалай істеуге болады деп ойлайсыздар?

Ежелгі грек ойшылдары: «Өзіңді — өзің таны, сонда бүкіл әлемді танисың!»,- деп шақырған. Өзіңді танысаң өзгені танисың.
Адамгершілік руханилықпен үздіксіз байланысты және де, өзінің мәңгілік рухани негізінен айырылса, тұрақсыз болады. Тәрбиелеуден рухани негізді алып тастау құмға немқұрайды тұрғызылған үйге ұқсайды. Осылайша салынған руханилықсыз адамгершілік бос, осал және уақыт сынағын көтере алмайды. Руханилықтың негізгі сипаттамасы – ақиқатты тануға ұмтылу, шыдамдылық, қайырымдылық, сабырлық, қиянат жасамау және сүйіспеншілік. Осылайша, адамгершіліктің қайнар көзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Рухани — адамгершілік — адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды.

Сананың құрылымы.
Сананың құрылымы оның табиғаты адамның рухани мәселелерімен тығыз байланыста болатын психологияның өзекті мәселелерінің бірі.
“Сана — ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалық талдауларға ұстатпайтын сүзгінің тесігінен ағып жатқан су сияқты” – деп зерделейді.
Сана арқылы оқыту: оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Түпкі сана. Сезім, эмоция, темперамент, адамның түпкі санасында бекиді де, сонда жинала береді. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде саналық деңгейден тыс) келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге ие болады. Біз эмоциялық уайым, қайғы алған сайын эмоциялық реакцияны бекіте түсеміз. Осы эмоциялық сипаттарды күшетпеу үшін сананы қадағалап отыру қажет екенін аңғарамыз.

Ашу — ыза, тойымсыздық, өшпенділік, қорқыныш, қызғаныш сияқты барлық эмоцияларымыз біздің түпкі санамызда жатыр. Олар – өткеніміздің бір бөлігі. Оларды құртып жіберуге болмайды! Сондықтан да олармен бірге өмір сүруге тура келеді.

Жоғарғы сана. Жоғарғы сана – бұл біздің жеке тұлғамызға әсер етуші маңызды фактор. Біздің жан дүниемізде ар — ұжданымызды түсінуге бағыт беретін, көмектесетін, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік беретін жоғары рухани табиғатымыз. Санаға ақпарат жоғары санадан интуиция мен ар — ұждан даусы арқылы келеді.

Сананы қалай тазалауға болады?
1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.
2. Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.
3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.
4. Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
6. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.
7. Жақсы компания, орта табыңыз.
8. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.
9. Тыныштықты сақтауға үйреніңіз.
10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз.
11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.

Мысалға біздің көзімізді алайық. Жарық – бұл біздің көзімізге енетін, нерв жүйелері арқылы өтіп, импульске айналатын, сосын миымызға жететін электромагнитті толқын және сана көз алдында өтіп жатқан бейнені қабылдайды. Мына суретке қарайық:
Біз не көріп тұрмыз? Барлығы дерлік: «Мен қара нүктені көріп тұрмын», — дейді. Суретке тағыда бір рет қараймыз. Дәл сурет мынадай: «Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте бар». Мәселе біз басқалардың бойынан тек қана қара нүктені ғана көреміз, ал жан — жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз. Шын мәнінде «ақ» нәрселер өте көп, ал біз оларды байқамаймыз. Біз өзіміздің ғана мәселелеріміз бен қиындықтардан алатын пайдамызды байқамаймыз, солардың арқасында шыңдалатынымызды және өсетінімізді ескермейміз.
Сондықтан да барлығынан да, барлық уақытта да, барлық жерде де жақсыны көре білуге үйренуіміз керек.
Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай — күйлерді құндылықтар деп аталынады. Жалпы адамзаттық құндылық дегеніміз — белгілі адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды құндылықтар.
Ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

 

Ұлы ойшыл

Ш.Құдайбердіұлы атамыз:
Дүние қу,
Бір ағын су,
Түстік онда көп болып.
Күнде ағамыз,
Сандаламыз,
Бейнетіміз көп болып.
Кейде тасқа,
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп, — дейді.

Демек өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып — біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат — мұратымызға қол жеткізе аламыз.

1-топқа:Адамгершілік, мейірімділік пен қатыгездік, абырой мен парыз мәселесі туралы пікір алмасу.
2-топқа:«Үш басты нәрселік құндылықтар» жайлы баяндау, өмірден мысал келтіру.
3-топқа: Шынайы құндылықты жалған құндылықтан қалай ажыратуға болады? (тұжырымдамалық карта жасау).

4-топқа:тапсырмадағы мәтінді оқып, адам бойындағы қандай қасиеттер көп орын алғандығы жөніндегі ойларыңызды салыстыра отырып ортаға салыңыздар.

 

 

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

«Интервью» әдісі

 

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

«Қыдырып қайтайық!» биі

 

Аяқталуы  20 минут Өзіндік жұмыс.

сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

·         жаңа оқылған 3 факті туралы;

·         оларға жеңіл болып көрінгендер туралы,

·         оларға қиын болып көрінгендер туралы,

·         алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

 

 

Рефлексиялық эссе

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған  ойларын тізбектейді:

Алдымен біз былай деп ойладық…..

Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық………….

Проблеманы шешу үшін……жасадық.

Бұдан біз………………көрдік.

Демек, бұл мынаны білдіреді……………..

Сонымен біз……………..деген шешімге келдік.

Үш топқа арналған ватман, маркерлер, оқулық.

(Әр топ тапсырмаларын орындап болған соң түсіндіреді, басқа топ мүшелері өз ұсыныстарын стикерге жазып жұмыстың астыңғы жағына жабыстырады.)

Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

· · ·
Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code