ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

№ 1

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

«Кім болғым келеді» (өлең) (М. Құрманалин)

Мектеп/ МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты           Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.

Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.

Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қалай? неге? не үшін? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Кім болғысы келетіні туралы әңгімелеседі. Әдеби жанрларды ажыратады.

Көптілділік: мамандық – профессия – profession

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: құрылысшы, темір ұстасы.

Пікір алмасу сұрақтары:

Мамандығы бойынша жұмыс істеу адам бойындағы жақсы қасиет пе? Әр мамандық иесі қандай құралдарды пайдаланады?

Әр мамандық иесінің бойында қандай қасиеттер болу керек?

Өткен ҰОҚ-де алған

білім

Мамандықтардың әртүрлілігі туралы баяндайды.

Кім болатыны туралы түсініп жауап беру.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

(Ұ) ҰОҚ­де жұмыс жасау үшін педагог жағымды ахуал туғызады.

Жұмбақ шешу:

Кірпіштен сарай үй салады,

Ол адам кім болады? (Құрылысшы)

Шекарада сақ тұрып, көз ілмей кім шығады? (Шегарашы)

–  Қандай мамандықтарды білесің?

–  Өзіңе қандай мамандық ұнайды?

 

 

Жұмбақ

III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. (Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:

–    Ортада тұрған бала кім болғысы келетінін қалай армандап тұр?

–    Ал сен кім болғың келеді?

–    Суретте қандай мамандықтар бейнеленген?

–    Мұғалім не істейді?

–    Аспаз не істейді?

–    Комбайншы, механик қандай жұмыстар атқарады?

(Ұ) Бейнетаспадан әртүрлі мамандықтар бойынша үзінді көру.

–    Бізде мамандықтың түрлері неге көп?

Әліппе­дәптер

 

 

 

 

 

 

Бейнетаспа

 

  – Көркем әдебиетте қандай жанр түрлерін білесіңдер? Бүгін біз өлең жанрымен танысамыз.

Педагог М. Құрманалиннің «Кім болғым келеді?» өлеңін ұсынады.

Талқылау:

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.

–  Өлең қалай аталады?

–  Өлең сендерге ұнады ма?

–    «Ұлағатты» атанған қай мамандық иесі деп ойлайсыңдар?

–    «Бармағынан бал тамған» деп кімдерді айтамыз?

–    Мамандық иелері кім үшін еңбектенеді?

–    Тағы қандай мамандықтарды білесіңдер?

–    Сенің кім болғың келеді?

Сергіту сәті.

(Т) Саусақ жаттығуы:

Тас қалаушы жарайды, Қабырғасын үйдің қалайды,

(оң қолды сол қолдың үстіне, сол қолды оң қолдың үстіне қойып, осылайша жоғары көтерілеміз)

Сырлаушы боп мен енді, (босаңсыған қол білезігін жоғары-төмен сермеу)

Сырладым төбе, еденді. (төбені, еденді сырлаймыз)

Мен электрші­шам жаққыш, (сөндіргішті басып, жарықты өшіреміз)

Бұрап шамды жақтым. (шамды бұраймыз – оң қолдың білезігін айналдырамыз)

Жаңа үйге кір көшіп, (екі алақанды бір-біріне түйістіріп, үй жасау)

Бақытты өмір жүр кешіп. (қолдарын екі жаққа созу)

Өлеңнің мазмұнын балалар естеріне сақтау үшін педагог екінші қайтара оқып береді.

Балаларға өлеңді жатқа айтуды ұсынады. (3­4 балаға).

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Суретпен жұмыс:

1.     Ғарышкер деген кім? Ғарышқа ұшқан кімдерді білесің? Сенің Айға ұшқың келе ме? Не үшін?

2.     Мұғалім мен аспазға қажетті құралдарын атау, оны үзік сызықтар арқылы қосу.

3.     Есіңе сақта!

Еңбек адамды өсіреді, Жалқаулық адамды өшіреді.

Көптілділік: мамандық – профессия – profession

(Т) Д/ойын «Мамандықтың бәрі жақсы». Әртүрлі мамандық туралы суреттер беріледі. Бала қалаған мамандығы туралы өз ойын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саусақ жаттығуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе­дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28–30 мин. Педагог қорытынды жасайды. Бүгін не туралы әңгімеледік?

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысыңды бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға  береді: Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

Әліппе­дәптер, түрлі түсті қарындаштар

 

№ 2

 

ТАҚЫРЫБЫ:

Алтын бала (әңгіме)

Мектеп/ МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Әңгіме мазмұнының жүйесін сақтай отырып шағын шығармаларды айтып бере алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Әдеби жанрларды ажыратады.

Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндайды.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады.

Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер:

Әңгіме бойынша пікірлеседі. Әңгіме мазмұны бойынша өз ойларын айтады. Өздерінің қатынасын эмоциялық түрде білдіреді.

Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жанр, әңгіме, шыдамы таусылып, радио

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай әңгімелерді білесіңдер? Есімізге түсірейік. Жақсы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Алтын бала немесе жақсы бала болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы

тиіс?

Өткен ҰОҚ-де алған білім Өткен әңгімелерді естеріне түсіріп атау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

 

 

 

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

(Ұ) Педагог жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін тәрбиеленушілерге өлең жолдарын қимыл­қозғалыс арқылы айта­ ды.

Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. Ұқыпты осындай, Болайықшы, досым­ай.

) Педагог шағын фольклор – мақалмен таныстырады.

«Алғыспен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер».

–    Балалар, қалай ойлайсыңдар, алғысты қандай балаларға айтады? Тәрбиеленушілер алғысты қандай кезде айтатыны туралы болжам­ дайды. Алғысты жақсы іс­әрекет жасаған немесе көмек көрсеткен балаларға айтады.

–    Сен өзің басқа бір адамдардан алғыс естідің бе?

Музыкалық сүйемел­ деумен

 

 

 

 

 

 

 

Мақал

 

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Ребусты шешу. Шыққан сөздің мағынасын түсіндіру.

– Қандай баланы «алтын бала» деп айтуға болады?

 

Әліппе­дәптер

  (Ұ) – Балалар, бүгін «Алтын бала» әңгімесімен танысамыз. (Қосымша материалды қара).

Біз бүгін әңгіме жанрымен танысамыз. Әңгіменің ерекшелігі – қысқа оқиғаны әңгімелейді.

Мұқият тыңдаңдар.

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.

–    Әңгіме ұнады ма?

–    Әңгімедегі баланың іс­әрекеті сендерге ұнады ма?

–    Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

–    Зәукен атайдың қандай затын жөндеп берді?

–    Әжей Зәукен туралы не айтты?

–    Анасы неге қуанды?

–    Осыдан кейін анасы баласына не айтты деп ойлайсың? Балалардың сұраққа толық жауап беруіне көңіл бөлінеді. Сергіту сәті:

Ата менен ананың айтқан тілін аламын, Үлкен кісі жұмсаса, қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинаймын, ешкімді де ренжітпеймін. Ешкім маған тимейді,

Мен де бәрін сыйлаймын.

(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша әңгімеле:

–    Суретте Зәукеннің анасы не істеп жатыр?

–    Анасы баласына не деді?

–    Анасы баласын іздеп барғанда кіммен кездесті?

–    Әже мен ата баланың анасына не айтты?

–    Анасы баласына қалай қарады?

–    Өзің анаңа қалай көмектесетініңді айтып бер.

Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (5­6 бала айтады). Бір бала әңгіменің басын бастайды. Екінші бала әңгімені педагогтің сұрақтар қоюы арқылы жалғастырады.

Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy

(Т) Жұмбақ шешу:

Өзі тас, өзі ақ,

Дәмін татсаң ащы­ақ. (Тұз)

Мақал:

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық сүйемелдеу

 

 

 

Әліппе­дәптер

IV. ҰОҚ Педагог қорытынды жасайды. Әліппе­дәптер,
қорытындысы. – Қандай жанрға жатқызасыңдар? түрлі түсті
Рефлексия. – Әңгіме қалай аталады? қарындаштар
28–30 мин. – Әңгімеде кімдер туралы айтылған?  
  – Әдепті, ұқыпты, тілалғыш бала болу қиын ба?  
  (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.  
  Тәрбиеленушілер ҰОҚ­де өзінің жұмысына баға береді:  
  Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,  
  Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,  
  Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.  

 

№ 3

 

ТАҚЫРЫБЫ:

Оқу құралдары хикаясы (ертегі)

Мектеп/МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

0.1.4.1 Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба, түрінде безендіру

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Әдеби жанрларын ажырата алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Кейіпкерлердің қылығына баға береді және олардың қылығын бір­бірімен сәйкестендіреді. Өз ойын сөзбен жеткізе алады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба, түрінде береді және өзінің жұмысын түсіндіреді.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Мазмұнының жүйесін сақтай отырып ертегіні айтып бере алады.

Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер:

Сүрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді. Ертегі бойынша әңгімелеседі.

Көптілділік: оқу – учиться – teach

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: мектеп, оқу құралдары, қаламсауыт, біздің иеміз, шимайлап тастады.

Пікір алмасу сұрақтары:

Ертегіні қызыға тыңдау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек? Қандай оқу құралдарын білесіңдер?

Оларды қалай ұстау керек?

Мектеп балаларға не береді?

Өткен ҰОҚ-де алған білім Өтілген ертегілерді естеріне түсіру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

 

 

 

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға жақсы көңіл күй туғызу мақсатында сиқырлы таяқшаны қолына алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.

Балалар бір­біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілек айтады. Мысалы:

–  Мен Бауырсақпын, сендердің көңілді жүрулеріңе тілектеспін.

–  Мен Ханшайыммын, сендердің сыпайы болуларыңа тілектеспін.т.б.

–  Балалар, сендер білесіңдер ме, ертегінің басқа жанрлардан айырмашылығы қандай?

–  Оның ерекшелігі құрастырылған ертегілер, авторлық ертегілер, халық ертегілері болады. Оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталады.

Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.

 
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–27 мин. Енді біз «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқу.

Мазмұны бойынша сұрақтар.

–    Ертегі ұнады ма?

–    Ертегідегі баланың іс­әрекеті сендерге ұнады ма?

 

 

  –  Жанатбек биыл қайда барады?

–  Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?

–  Жанатбек дәптерді не істеді?

–  Қалам, дәптерлер неге ренжісті?

–  Атасы немересін қайда апарды?

–  Кітап достарына қандай ақыл айтты?

–  Кітаптың айтқаны дұрыс па?

Сергіту сәті:

Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, Суретті де саламыз.

(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме.

–  Суретте анасы мен баласы не істеп тұр?

–  Бала дәптерге неге сурет салып жатыр?

–  Атасы мен немересі қайда бара жатыр?

–  Бала неге кітапқа қызыға қарады?

–  Оқиғаны толықтырып айт.

–  Оқу құралдарына не жатады?

–  Оқу құралдары не үшін қажет?

(Ж) 1. Жұбыңмен бірге сурет бойынша бір­біріңе сұрақ қойып, оған жауап беріңдер.

Жұмбақ – адамның ой­өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүниежүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Жұмбақтың шешуі болатын суретті тап.

Сансыз ойлар бетінде Сайрап жатыр бар тілде. Керекпін мен әр күнде,

Өшпейді бір әрпім де. (Кітап)

Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (Қалам)

Қате жазып жаңылсаң,

Тазалайды ол барын сап. (Өшіргіш)

2. Сөмкеге заттарды жинау. Тапсырманы үзік сызықтармен қосу. Салынған заттарды атау, оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Артық заттарды ата. Олар не үшін қажет?

Көптілділік: оқу – учиться – teach Педагог мақалмен таныстырады. Мақалды есіңе сақта!

«Кітап – асыл дос».

– Кітаптың суреттерін қарағанды жақсы көресіңдер ме? Мектепте сенің ең жақын досың кітап болады.

Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл.

Кітап ақылшы, досың, серігің болып табылады. Кітаппен достассаң, білімді азамат боласың.

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық сүйемелдеу

 

 

 

 

Әліппе­дәптер

IV. ҰОҚ Педагог қорытынды жасайды. Әліппе­
қорытындысы. Бүгін қандай ертегі тыңдадық? дәптер,
Рефлексия. – Сендерге ұнады ма? түрлі түсті
28–30 мин. (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысыңды бағалап қорыту. қарындаштар
  Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға береді.  
  Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,  
  Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,  
  Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.  

 

 

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

«Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу қызметі (ҰОҚ) бойынша тақырыптық жоспар

 

Ортақ тақырып Тақырыпша Оқу мақсаттары
1. Мен Кім болғым 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны
кіммін және келеді? бойынша сұрақтарға жауап беру
қандаймын?   0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
2 сағат   0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту
    0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану
    (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
  Алтын бала 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша
  (әңгіме) сұрақтарға жауап беру
    0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға
    жүйесін сақтап баяндау
    0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану
    (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
    0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту
    (ұнайды, неліктен ұнамайды)
2. Мектепке Оқу құралдары 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер, әңгімелердің мазмұны
не үшін хикаясы бойынша сұрақтарға жауап беру
барамыз? (ертегі) 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту
2 сағат   (ұнайды, неліктен ұнамайды)
    0.1.4.1. Иллюстрация бойынша сұрақ құрастыру және оларға
    жауап беру
    0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану
    (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)
    0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
  Өзім барам 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтарының мазмұны
  мектепке бойынша сұрақтарға жауап беру
  (өлең) 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу
    0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту
    0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану
    (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)
    0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру