Қысқа мерзімді жоспар

6сынып

Жылына 68 с, аптасына 2 c.

 

Сабақ :  № 1 Мектеп:
Күні: Мұғалім: 
Сынып: 6 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тарихы туралы
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақтың мақсаты Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Сабақ  нәтижесі Барлық оқушылар

тарих  пәнінің  ұғымымен  таныса  отырып   Қазақстан  тарихының жазбаша  және  заттай  деректер  негізінде және  тарихи  жәдігерлермен   таныса  Топтасып  жұмыс істеуге  бір – бірімен  ой  бөлісіп  қорытынды  жасауды, ойларын ашық  және  толық  жеткізуге  үйренеді.

Көптеген оқушылар

    Оқушылар  тарих ұғымының  қалай  қалыптасып  дамуы  туралы заттай және  жазбаша  деректермен  таныса  келе тарих  пәні  ұғымының  негізін  түсінед

Кейбір оқушылар

Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады

Бағалау критерийлері Тарих пәні туралы білу.

Тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын  анықтау.

Көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағалау.

Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: Драматургия
АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:

Тарихтың дамуын тексереді.

Пән лексикасы және терминология:

Қоғам, тарих негіздері, адамның пайда болуы .

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.

Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.

Осыған дейін меңгерілген білім «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Одағайларды мағыналарына сай қолданды.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
 Сабақ басы

5 мин

 

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.

«Миға шабуыл»

Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?

·         Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?

·         Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?

·         Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?

·         Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?

·         Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Үлестірме қағаз;

Слайд 1-4

 

 

 

 

Сабақ ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Сұрақ – жауап  (5 минут

§  «Тарих»  сөзі  қандай мағына  білдіреді?

§  «Тарихтың атасы»  деп  кімдерді  айтамыз?

§  Шежірешілер мен жылнамашылар деп  кімдерді айтамыз?

§  Қазақстан тарихы қандай  бөлімдерден  тұрады?

«Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих» сөзі- «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Тарих- астрономия, арифметика ғылымдары сияқты ең көне ғылымдардың бірі. Тарих-ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Ал, бізге ата-бабаларымыздан қалған мол тарихи мұраларды зерттеп, дәуір-дәуірге бөліп, бір жүйеге келтіріп жеткізетін адамдарды-тарихшылар дейміз.

Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал, «шежіре» сөзі- есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салған б.з.б 484-425ж. өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол б.з.б 145-86ж. өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»қалтырды. Сыма Цянь б.з.б 3 мың жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Дин болды. Ол 1247-1318ж. аралығында өмір сүріп, «Жами-ат тауарих» кітабын жазды.

Тарих-бізге өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыздың қандай болғанын, қазіргі күнгімен салыстыра отырып, саралау үшін қажет. Өткен қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Тарих пен шежіре- ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүгіртетін жол.

Қазақстан тарихы- жалпы тарихтың құрамдас бөлігі, бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Қазақстан тарихы төрт кезеңге бөлінеді:

  1. Ежелгі Қазақстан тарихы.
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XV ғ.)
  3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIXғ.)
  4. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (XX ғ. Басынан бүгінгі күнге дейінгі)

Тарихи кезеңдеу

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

 
Ерте ортағасырлық кезеңі        Дамыған ортағасырлық кезеңі   Кейінгі ортағасырлық кезең

(VІ-ІХ ғғ.)                                             (Х-ХІV ғғ.)                                                            (ХV-ХVІІ ғғ.)

Түрік қағанаты                              Қарахан мемлекеті                              біртұтас Қазақ хандығының

Батыс түрік қағанаты               Наймандар                                                   құрылуы

Түргеш қағанаты                      Керейіттер

Қарлұқ қағанаты                       Жалайырлар

Оғыз мемлекеті                        Қарақытайлар

Қимақ қағанаты                        Қыпшақ хандығы

                                                   Монғол империясы

                                                   Алтын орда

                                                   Ақ орда

Моғолстан

Әмір Темір мемлекеті

                                                   Ноғай Ордасы

                                                   Әбілқайыр хандығы

                                                   Сібір хандығы

 

 

 

Тақырып мазмұнының ашылуы

Безендірілуі

Шығармашылығы
Бағалау критерийі
Дескриптор Ұпай (1-5)
Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазады Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады  
Тариқ туралы деректерді дұрыс анықтайды Суреттерге қарап тарихи деректерді қолданады  
Тапсырмаларды дұрыс орындайды  

Кері байланыс.

Тыңдаған топтардың кері байланысы.

 

Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Таймер

 

 

 

 

 

Сабақ соңы

5 мин

 

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

Үлестірме қағаз
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1-  үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

 

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.
Ойлану

 

 

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

 

 

 

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

 

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

 

 

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

Өзін –өзі бағалауда басшылыққа алатын табыс критерийлері

Табыс критерийлері Ұпайлары (егер сұрақты ашпасаңыз-

 0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз)

Жалпы ұпай
А.Тарих пәні туралы білдім.

 

0  1  2  3  4  5  
В. Тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын  анықтадым.

 

0  1  2  3  4  5  
 С.Көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағаладым.. 0  1  2  3  4  5  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:

 

СЫНЫП: 6

Сабақ 2

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сакбақтың тақырыбы Түрік қағанаты (552-603)
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;
Сабақтың мақсаты Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру
Сабақ нәтижесі Барлық оқушылар:
Қазақстан жерінде алғаш пайда болған ортағасырлық мемлекет туралы, саяси-экономикалық құрылымы туралы білім беру.

 

Оқушылардың басым бөлігі:
ерте феодалдық құрылыс кезіндегі алғашқы мемлекеттер туралы түсінік қалыптастырып, жүйелі білім беру.
.
Кейбір оқушылар:
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау  критерийі «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік береді

 

Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын бағалайды

түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландады

.

Тілдік құзіреттілік  

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Алдыңғы тақырып Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы  5 минут

 

Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше  кезеңге бөлінді?

Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?

Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?

 

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

 

 

Ортасы   20 минут Өздерін түрік деп атаған (қытайша «тужюе») халық  XI ғасырдың басында монғолдық Алтайда қалыптасты.

Түріктерге қатысты олардың ата-тегінің аналық қасқырдан бастау алатындығы туралы Қытай дерегі «Жоунамада» берілген екі тарихи аңыз бар.

Түрік тайпалары өз иеліктерін Алтайдан Хуанхэге дейін жеткізіп, 542 жылы қытай деректерінде алғаш рет кездесті. Бұл оқиғалар осы «Жоунамада» көрініс тапқан: «…Кейінгінің аты Тамын. Оның заманында ұлысы біраз күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп әр түрлі жібек маталар сатып алып, Кіндік қағанатпен қарым-қатынас жасау ниеттерін байқатты». Осы кезде қытай патшалығы — Батыс Вэй өзіне жужандарға қарсы әскери одақтас іздеді. Осы мақсатпен Батыс Вэй билеушісі Тайцзу түріктерге елшілік аттандырды. 545 жылы Соғдылық Альнопанто елшілігі Бумын ордасына келді. Бұл кездегі түріктер көсемі Бумын еді. Елшілікті «Ордада бәрі бір-бірін құттықтап, бүгін бізге Ұлы державаның өкілі келіп отыр, көп ұзамай біз де сондай дәрежеге жетеміз» деп жорыды. Бумын түріктердің тәуелсіздігін жариялап, жаңа мемлекет — Түрік қағанатын құрды. Бумын ұзақ өмір сүрген жоқ. Кейбір деректердің айтуынша,  сол 552 жылы, ал «Билік ғибратнамасының» (165 бумасы) мәлімдеуінше,  553 жылдың басында қайтыс болған. Билік інісі Қара Ескеге өтеді, бірақ, ол да көп отырмаған. 553 жылдың соңында оның орнына інісі  Мұқан қаған келді.

Картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталу. Оқушыларға еске сактауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.

Маңызды даталар Болған оқиғалар
Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.
542 жыл Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.
551-555 жылдар Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.
551-744 жылдар Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.
551 жыл Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.
553-572 жылдар Мұқан қағанның билік еткен жылдары.
YІ ғасырдың 70-жылдары Манчьжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты.
603 жыл Қытай дипломатиялық жолмен біртұтас қағанаттың Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінуіне қол жеткізді.

 

603 жылы қағанаттың Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуімен аяқталды. Орталығы Монғолияда болған Шығыс Түрік қағанаты және  Орта Азия мен Батыс Жоңғария, Жетісуда құрылған Батыс Түрік қағанаттары тарих сахнасына шықты.

 

 

(Мемлекет тарихы
Тарихи жазбалар — 542жыл
Қытай мемлекетінің келісімге елші жіберуі – 545 жыл
Мемлекеттің құрылуы — 552 жыл

Билеушілер
Бұмын – түрік билеушісі
Анағұй – авар билеушісі
Қара Еске – 1 баласы
Мұқан – 2 баласы
Тоба
Иштемей
Халқы — теле – тирек, турік – қызғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін
Шаруашылығы
Іле, Шу, Талас, Ертіс, сыр бойындағы қыстаулары орналасты.
Жетісу, орта Азия, Оңт. Қазақстан – Талас қаласы – егіншілік дамыды.
Қағанаттың ыдырау себебі.
581 жыл — ішкі соғыстардың басталуы
Көрші мемлекеттердің шабуылдауы
603 жыл — екіге бөлінді.
Топтарға тапсырма:

Тапсырма №1 Жылдармен жұмыс.
жылдар оқиғалар
542ж.
545ж.
552ж.
552 ж.
552 — 554ж.
570 — 580ж.
555ж.
563 — 567ж.
VІғ. 70ж.
Тапсырма №2 Кім? Қашан? Қалай?
Тұлға
аты Оқиға болған жыл Болған оқиғаның қысқаша мазмұны.
Бумын
552 — 554ж. ж.
10мың түменмен батысқа жорықтар жүргізіп, Арал теңізіне жетіп, Қытайдан Әмударияға, Ташкенттен Сырдарияға дейін жаулады.
VІғ. 70ж.
Тобо
Түріктер Орхонның жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді.
Тапсырма №3 Түрік қағанатының халқы.
Теле — түрік
Тапсырма №4 Шаруашылығы. көшпелілер қыстаулары
Жартылай көшпелілер қалалары
Тапсырма № 5 Мәдениеті — киіз үй —
— ат әбзелдері —
— жерлеу дәстүрі —
Тапсырма № 6
Қағанаттың ыдырау себебі.
Бірінші себебі Екінші себебі Нәтижесі.
Түрік қағанатының шекарасын анықтау, көрші мемлекеттерінің аумағын анықтау.

Кесте толтыру.

 

Тарихи уақыт Тарихи оқиға Тарихи тұлға
     
     
     
     
     

 

Бағалау кезеңі

 

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі

 

Аяқталуы  20 минут Сабақты бекіту тапсырмасы «Мен тұлғамын»
«Мен, Түрік қағанатының тұңғыш билеушісі Бұмын қаған……………………………..»
«Мен, әкем Бұмынның мұрагері Қара Еске……………………………………………….
«Мен, Түрік елінің қағаны Мұқан…………………………………………………………….»
«Мен, Тобо қағанмын. Менің саясатым………………………………………………………»
«Мен, Иштеми қаған ағам құрған ұлы елдің аумағын……………………………………»

  1. Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?
  2. Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?
  3. Түрік қағанаты қашан құрылды?
  4. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не болды?
  5. Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?
  6. Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?
  7. Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

 

Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

 

 

 

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *