«Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

6-сынып

 

 

«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын  тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.

Жылдық жүктеме 102 сағат, аптасына 3 сағат.

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Лексика-грамматикалық бөлім

Грамматикалық материал Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым Оқылым Жазылым Әдеби тіл нормасы
І тоқсан

(24 сағат)

1-бөлім:

Қазақстандағы көрікті жерлер

Лексикография

Орфографиялық норма.

Орфографиялық сөздік.

6.1.1.1 —

мәтіннің атауын талқылау және  алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені  болжау;

6.1.4.1 —

мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды

анықтау.

6.2.2.1 —

ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану;

6.2.6.1 —

оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау,  іріктеп оқу,  рөлге бөліп оқу.

6.3.3.1 — ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

6.3.5.1 —

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді  іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;

6.4.1.1 — тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Comments

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code