«Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

8сынып

 

 

«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын  тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.

Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Лексика-грамматикалық бөлім

Грамматикалық материал Оқу мақсаттары
Тыңдалым және айтылым Оқылым Жазылым Әдеби тіл нормасы
І тоқсан

(16 сағат)

1-бөлім:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Орфография

Жалқы есім емлесі 8.1.1.1 — мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.1.3.1 —

тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

8.2.2.1 — публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану;

8.2.3.1 —

мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

8.3.5.1 —

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан  жинақы мәтін (аннотация) жазу;

8.3.6.1 —

БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.

8.4.1.1 — тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Comments

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code