«Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

8сынып

 

 

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын  тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың тақырыбын оқулыққа сай таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.

Жылдық жүктеме 102 сағат, аптасына 3 сағат.

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

 

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаттары
Түсіну және жауап беру Анализ және интерпретация Бағалау және салыстыру
І тоқсан

(24 сағат)

1-бөлім:

Дананың сөзі – ақылдың көзі

 

Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»,

Қорқыттың нақыл сөздері,

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»,

Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет»,

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;

8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

8.3.3.1 шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Comments

  1. рысбике

    Қазақ тілі мен әдебиеті күнтізбелік жоспары 5-6-8-910-11 қазақ сыныптарына

  2. Алихан

    8 сынып қазақ тілі мен әдебиеті орыс сыныбында

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code