«Қазақ тілі» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

3-сынып

Апталық жүктеме 4 сағат,  жылдық жүктеме 136 сағат.

«Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 2-3 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.

 

р/с Ортақ тақырып Оқу мақсаттары Сағ саны Күні
Тыңдалым-айтылым Оқылым Жазылым Тілдік нормалардың қолданысы
1-тоқсан – 32 сағ
1 Тірі табиғат 3.1.1.1 — тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.2.1- мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.3.1 — түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.1.4.1 — тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.1.6.1 — интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

3.2.1.1* — тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 — мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 — өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.5.1* — берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.1.1* — жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін;  көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

3.3.3.1* — оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.3.5.1 — жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

3.3.6.1 — кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3. 3.7.1* — қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

     

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code