Сабақ :  № 1 Мектеп:
Күні: Мұғалім: 
Сынып: 8 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы: Дананың сөзі –ақылдың  көзі

Қорқыт

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.2.2 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.

8.1.1.1 — әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау;

8.1.2. 1 — әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

 

Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:

Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін, ол жырлардың тақырыбы не туралы екенін анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Қорқыт ата туралы монолог айта алады алады, мұғалімнің көмегімен ғалымға баға бере алады, шығармаларының мазмұнын салыстыра алады және атап өтеді.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы бойынша дәйексөз келтіреді, өз ойын пайымдай отырып, сын айта алады.

Бағалау  критерийі Қорқыт ата тақырыбын жан-жақты зерделей алады;

оқиға желісін дамытып жаза алады

Эпизодтарды салыстыра талдайды, бейнелерді жинақтап баға бере алады. Сыни пікір айтып, редакция жасай алады.

1. Нені білуі керек?
Оқушыларға VIII ғасырда өмір сүрген түркі халқының атақты ақыны туралы мәлімет беру, жаңа сөздермен таныстыру, ой өрістерін кеңейту.
2. Нені үйренуі керек?
Сөздерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс түрлерін орындап үйрену, Қорқыт туралы аңыздар мен деректерді өз беттерінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық, ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру.
3. Түркі халықтарының әдеби мұрасымен таныса отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің бізге жеткен шығармаларын оқуға қызығушылық туғызу, өнер білімге жетелеу.

Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
 

 

Тілдік мақсаттар

 

Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа  толық жауап беру, диалог  құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:  мәртебе, үштілді, көптілді, заманауи, аударма шығармалары, озық технологиялар.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Менің ойымша…

Осылардың ішінде…

Ғалымдардың айтуынша…

Тілдер тарихына қарасақ…

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Кең таралған тілдер … деп ойлайсың?

Неліктен ғалымдар айтуынша . . . деп ойлайсың?

«Тіл жойылса, халық та жойылады» дегенді қалай түсінесің?

АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы.
Дескриптор •      І деңгей

Сұхбатта екпінді соңғы буында түсіре алады.

1-2 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады;

•      ІІ деңгей

Сұхбатта сөйлем мүшелерінің арасына екпін түсіре алады.

3-4 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады;

•      ІІІ деңгей

Сұхбатта ерекше назардағы сөзге екпін түсіре алады.

5-6 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады

Осыған дейін меңгерілген білім «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Одағайларды мағыналарына сай қолданды.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
 Сабақ басы

5 мин

 

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.

«Миға шабуыл»  Ой қозғау.

Өткен сабақты пысықтау:

1.Орхон ескерткіштері қай жерден табылды?

2.Түрік қағанатының негізін құраған кім?

3.Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде

Тақтадан қобыздың суретін көрсету.Сұрақтар қою.
• Тақтада не көріп тұрсыздар?
• Бұл қандай аспап?
• Қобыз туралы не білесіңдер?
• Бұл аспапты көргенде біз кімді есімізге аламыз?
• Қобыз үнін естідіңіздер ме?
Балалар қобыз туралы білетін аңыздарын айтып береді, күй тыңдалады.
Иә, дұрыс, жарайсыңдар.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт” Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Үлестірме қағаз;

Слайд 1-4

 

 

 

 

Сабақ ортасы

10 мин

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

1.      Ой қозғау. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Қорқыт ата кім болған?Қай ғасырда өмір сүрген? Шыққан тегі. Интерактивті тақтадан Қорқыт атаның суретін көрсету (1-слайд).

1.    Қорқыт ата VIIІ ғасырда қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын баят руынан шыққан, анасы – қыпшақ қызы.

2.   Қорқыттың өмірге келуі туралы аңыз. Қорқыт туыларда анасы тоғыз күн  бойы қатты қиналады, алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, айналаны қара түнек басып, күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін үшырады. Халық жаңа туылған балаға «Қорқыт» деп ат қояды.

3.   «Қорқыт» сөзінің этимологиясы. 1) «Қорқ» сөзі – «ақыл айтушы» деген мағынада қолданылады. 2) «Қорқыт» сөзі «құт әкелуші адам» деген мағынада қолданылады.

4.      Қорқыт атанға 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 шақырым жерде ескерткіш –кешен тұрғызылды.

Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы станциясынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», — деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» — деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», — деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады

Қорқыттан жеткен 11 күй бар.

 

.      «Қорқыт ата кітабы» — бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға мұра. Кітаптың екі нұсқасы сақталған. 12 жырдан тұратын нұсқасы Германияда Дрезден қаласында, 6 жырдан тұратын екінші нұсқасы Италияда, Ватикандағы Аристолика кітапханасынла сақталған.

Қорқыт айтқан асыл сөз.

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.

Самай шашы ағарған баба көрікті.

Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.

Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі.

Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.

Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.

Қорқыт баба тақырыбы бойынша топтық жұмыс

1-топ. Қорқыт ата кітабы

2-топ. Қорқыт атаның бейнесі

3-топ. «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырдың» тақырыбы мен идеясын ашу.

4-топ. Қорқыттың нақыл сөздері

5-топ. Қорқыт туралы аңыздар

Постермен жұмыс

Бағалау Әткіншек әдісі арқылы орындалады

Жұптық жұмыс

Қорқыт атаның нақыл сөздерінің қазіргі мақал-мәтелдермен ұқсастықтарын табу.

 

Қорқыт атаның нақыл сөздері Қазіргі қазақ мақал-мәтелдері
1 Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес. Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер

2 Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрер,

Жман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрер.

3 Жат баланы қанша сақтасаң да ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.

Ер – туған жеріне,

Ит – тойған жеріне

4 Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі. Өтірікшінің шын сөзі де зая.
5 Ажал жетпей өлмек жоқ. Ажал жетпей жан шықпас.
6 Бас аман болса, бөрік табылады. Бас аманның малы түгел.

 

Талдау. «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр» Сатқындық пен адалдық туралы әңгімелеу

Бағалау Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы орындалады

Жек жұмыс

Қалыптастырушы бағалау.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Оқушы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

 

1 мәтін бөліктерін талдайды

 

өзара сұрақтарға жауап береді
2 оқиға желісін дамытып жазады

 

Кері байланыс.

Тыңдаған топтардың кері байланысы.

Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Таймер

 

 

 

 

Сабақ соңы

5 мин

 

   «Құпия хат»  әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға  таратылады.

 

1.      Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

2.      Оқу мақсатына  жету үшін біз қандай іс –әрекеттер  жасадық?

3.      Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

4.      Сөздік  қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

5.      Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

Сұрақтар:
1. Қорқыт ата кім?
2. Ол қай жерде туған?
3. Әкесінің аты кім?
4. Шешесінің аты кім?
5. Қорқыт қанша өмір сүреді?
6. Ол қандай өмір іздейді?
7. Қорқыт қандай аспап жасайды?
8. Қобызды неден жасайды?
9. Қорқытты не шағып алады?
10. Оның қандай күйлері бар?
11. Қандай аңыз өлеңдері бар?

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

Үлестірме қағаз
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1-  үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

 

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.
Ойлану

 

 

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

 

 

 

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

 

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

 

 

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ: 2-сабақ МЕКТЕП:
Күні: Мұғалімнің аты: 
СЫНЫП: 8 Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы                            Бейбөрі баласы  Бөмсі –Байрақ туралы жыр
Оқу мақсаттары 8.1.2. 1 — әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

8.1.3. 1 — көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Сабақ мақсаттары Қорқыт ата   туралы айта отырып,  ол туралы аңыздардан мәлімет беру

«Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таный отыра, танымдық қабілетін арттырады

Жетістіккритерийі диалогке қатысып, сұрақтарға жауап береді;

«сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырып, баға бередіъ

Берілген жаңа тақырыпқа қатысты ресурстарды талдай алдыды.

Берілген ережелеге сәкес тапсырмаларды орындайды

 

Тілдік мақсат Түйінді сөздер мен фразалар:

Лиро-эпостық жыр,бақытқа жету, махаббат

Сыныптағы диалог/жазу үшін сай келетін пайдалы лексика/терминология

Менің байқағаным,…

Менің  ойымша,…

Мен ойлаймын…

 

Алдыңғы оқу «Қорқыт» жыры

 

Пәнаралық байланыс тіл, тарих, өнер
АКТ дағдысынқолдану Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
Құндылықтар Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық.
Жоспар

 

Сабақ барысы Жоспарланған қызмет түрлері Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

         Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

•      Суреттердің қиындыларын біріктіріп, топтарға бірігеді;

•      Суреттерінде не бейнеленгенін сипаттайды

•      Берілген суреттерді біріктіріп, мәтін құрастырады.

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Кластер құру:     Қорқыт

Сұрақтар:
1. Қорқыт ата кім?
2. Ол қай жерде туған?
3. Әкесінің аты кім?
4. Шешесінің аты кім?
5. Қорқыт қанша өмір сүреді?
6. Ол қандай өмір іздейді?
7. Қорқыт қандай аспап жасайды?
8. Қобызды неден жасайды?
Мағынаны тану

Дәптермен жұмыс

“Қорқыт” сөзі ертедегі  түркілердің

 “Хұр” – кісі және

“хыт” – құт сөздерінен шыққан

    “Құт әкелуші кісі”

  деген мағынаны береді.

«Қорқыт ата кітабын» ҮІІІ ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата («Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:

1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;

2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;

3. Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;

4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;

5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;

6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;

7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;

8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;

9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр;

10. ‡йсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;

11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;

12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.

«Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жырда» бейнеленген ежелгі қазақы салттар

«Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жыр» — əлем əдебиетінен өзіндік орын алған батырлық эпос «Қорқыт ата кітабындағы» негізгі жырлардың бірі. Қазір біздің қолымызда «Қорқыт ата кітабының» қазақ тіліндегі екі аударма нұсқасы бар. Бірі — филология ғылымдарының докторы, профессор Əуелбек Қоңыратбаевтың орыс тілінен аударған нұсқасы. Бұл 1986 жылы Алматыдағы

«Жазушы» баспасынан жарық көрген. Енді бірі — Мəжит Əбузарұлының түрік тілінен аударған Шыңжан «Жастар-өрендер» баспасынан 1988 жылы жарық көрген нұсқасы. Біздің пайымдауымызша, екі нұсқанның аудармасында үлкен айырмашылық жоқ, негізінен ұқсас. Бірақ Қазақстанда жарық көрген басылымның тілі бізде жарық көрген нұсқаға қарағанда көнелеу, яғни байырғы сөздер молырақ, кейбір салтқа байланысты дүниелер де бұрынғы кезге жуықтау алынған. Ал Мəжит Əбузарұлының аудармасында исламдық түс өте басым, сондықтан біз Қазақстандағы аудармасын негіз етіп пайдаландық.

Тегін тектей келсек, «Қорқыт ата кітабы» — оғыздар мен қыпшақтарға тəуелді жыр, яғни оғыздар мен қыпшақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық жағдайын, шаруашылық өмірін, олардың діни сенім-нанымдарын, салт-саналарын, оғыз ерлерінің өскен ел, туған жерін жат дұшпандардан, сыртқы шапқыншылықтардан қорғау сынды əлеуметтік тіршілікті бейнелеген жыр. Əйтсе де Қорқыт жөніндегі аңыздар қазақ халқында мол сақталған, əрі Қорқытты дүйім жұрт қазақ деп түсінеді (оғыз-қыпшақ түбі бір, ал қазақ-қыпшақ — бір ел). Сол себептен біз «Қорқыт ата кітабын» қазақ əдебиеті тарихына тəуелдеп келеміз. Кітапқа жазылған кіріспе сөзде профессор Əуелбек Қоңыратбаев: «Жырдағы таза көшпелі өмір суреті, тотемизм, шаманизм сарындарына қарасақ, Қорқыт жырларының алғашқы сюжеттері фольклор стилінде ерте замандарда Сыр бойында туған болады. Бұл тек селжүк (əзербайжан), түркімен (баяндүр) ортасында ғана туған жыр емес, сонымен бірге алғашқы арқауы Х ғасырдағы Сыр (Түркістан) тайпалары ортасында туып, кейін Кавказ, Анатолия жерінде хатқа түскен сюжеттер болмақ. Қорқыт жырлары Орта Азия, Кавказ, Қазақстан тайпаларына ортақ» деген пікірді ортаға салған [1].

Қорқыт жəне «Қорқыт ата кітабы» жайында сонау ХХ ғасырдың басынан тартып көптеген зерттеулер жарық көргені үшін жалпы кітаптың мəн-жайына біз тоқталып отырмаймыз. Ескертетін бір жайт, түрік ғалымы Ж.Б.Паксой көрсеткеніндей, «Алпамыс жəне Бамсы-Байрақ екеуі бір дастан» [2]. «Алпамыс» дастанының қазаққа тəуелді екені де — көптеген зерттеудің негізінен туындаған тұжырым. Сондықтан біз бұл дастандардың ортақтығы, варианттары, зерттелу барысы, тағы сол сияқты түйіндерге тоқталып отырмай, көтерген тақырыбымызға көшеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Топтық жұмыс

.

І топ: Қорқыттың өмірі туралы аңыз

ІІ топ: Қорқыттың күйлері

ІІІтоп: Қорқыттың «Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жыры

 

 

Топтық бағалау.

 

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Оқушы
Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 1 сұрақ құрастырады
Автор көзқарасына қатысты маңызды бөліктерді белгілейді
Автор идеясы мен ойына қорытынды жасайды
Өмірмен байланыстырады
Оқиғаларға қатысты сурет салады
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://ikitap.kz/reader/qyz_zhibek_shege_aqyn_nusqasy

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.ikitap.kz/reader/qyz_zhibek_sejfullin

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Синквеин  (5 жолды өлең.)

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзді сөйлем

1 зат есім

 

 

Рефлексия. «Блоб ағашы»

Үйге: «

http://kitap.kz/audiobook/5126-qyz_zhibek/5126-qyz_zhibek

 

 

 
Қосымша ақпарат
Саралаубілім алушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардыңбілімді игерулерінтексеруді қалай жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыстар

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АКТ байланыстары

     
Рефлексия

Сабақ міндеттері / оқу міндеттері орындалды ма?

Білім алушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқулар болды ма?

Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді??

Сіз өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы бағандағы сіздің сабағыңызға анағұрлым тән сұрақтарға жауап беріңіз.

 
Қорытынды баға

 

Қандай 2 аспект шынымен де жақсы іске асты (оқыту мен оқуды ескеріңіз)?

 

1:

2:

 

Қандай 2 аспект сабақты дамытар еді (оқыту мен оқуды ескеріңіз)?

 

1:

2:

 

Менің келесі сабағыма әсер ететін сынып туралы немесе жеке білім алушылар туралы не білдім?

 

 

 

 

 

Сабақ : 3-сабақ МЕКТЕП:
Күні: Мұғалімнің аты:  
СЫНЫП: 8 Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы          Қорқыттың нақыл сөздері
Оқу мақсаттары   8.1.2. 1 — әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

8.1.3. 1 — көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Сабақ мақсаттары Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Сабақ  нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Қорқыт ата   туралы айта отырып,   нақыл сөздерінен  мәлімет алады .

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастырады .

Бағалау критерийлері o    жанр түрлерінің даму барысын бағалай алады;

o    жырдағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға бере алады.

             Тілдік мақсат Түйінді сөздер мен фразалар:

Лиро-эпостық жыр, жанр, салт-дәстүр, жаугершілік

Сыныптағы диалог/жазу үшін сай келетін пайдалы лексика/терминология

Менің байқағаным,…

Менің  ойымша,…

Мен ойлаймын…

Алдыңғы оқу «Қорқыт баба» жыры
Пәнаралық байланыс тіл, тарих, өнер
АКТ Шығармаға қатысты презентация
Құндылық Адалдық, құрмет, ынтымақтастық, отансүйгіштік, достық
Жоспар
Сабақ барысы Жоспарланған қызмет түрлері Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

«Коллаж әңгіме»

Оқушылар түрлі-түсті суреттері бар

журналдардан салт-дәстүрлерге, елдік, ерлікке қатысты суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, салт-дәстүр мен ерлікке байланысты тақырыптың бірін таңдап, соларға қатысты әңгіме құрастырады.

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.      Қорқыт ата кім болған?

2.      Ол қандай қасиеттерімен ел есінде қалған?

3.      Қорқыт ата өлімне қашып құтыла алды ма?

4.      Өмірде өлмейтін не нәрсе?

Сабақта «Қыз Жібек» жыры бойынша талқыланатын тақырып, мақсат және бағалау критерийлері таныстырылады.

Бағалау критерийі:

·         Эпизодтарды салыстыра талдайды.

·         Кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме бере алады.

 

 

Мағынаны тану

 

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп – тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой…

Ол алдымен оғыз қауымның мүшкіл қалін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзінхалық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.

Қорқыт ата сөйлейді:

—          Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкімде өлмес.Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр,көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас. Жапалақ – жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошығыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.

Қорқыт ата тағы да сөйлейді, тыңдап көрелік, не дер екен.

—          Мықты жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне білмес, ол мінгенше, мінбесе игі… қонақ келмеген үйдің құлағаны артық. Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі. Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі. Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.

Қорқыт ата тағы сөйлейді, тыңдап көрелік не айтар екен:

—          Жердің соңы шөбін киік білер. Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер. Айырым – айырым жол сүрлеуін түйе білер. Жер бұлақтың хош иісін түлкі білер. Түндн керуен көшкенін қараторғай білер. Ердің батқанын ат білер. Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер. Қаперімде бастың ауырғанын ми білер. Қыл қобызын арқалап, елден елге, бектен бекке жырау кезер…

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Ақ ссүтіне тойғыза – тойғыза емізген ана көрікті. Жанашыр  ағайын туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. өнегелі баба көрікті.

Дәптермен жұмыс:Нақыл сөздерді тақырыптарға бөліп, дәптерлеріне жазады

 

 

                                Топтық бағалау.

 

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Оқушы
Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру

 

1 жырда талқыланатын мәселелерге қатысты әңгіме құрастырады.
жанр түрлерінің даму барысын бағалайды
жырдағы жаңашылдыққа өмірмен байланыстырып баға береді
Ойталқыға қатысады 2 Белгілі бір тұжырымға сай ойталқыға қатысады
     

Саралап оқыту:

Қорқыттың нақыл сөздері                                               Қазақ мақал-мәтелдері
Күлді қанша үйгенмен, төбе болмас.
Ежелгі жау ел болмас.
Ат қиналмай жол болмас.
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.
Ежелгі дұшпан дос болмас.
Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.
Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.
Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Жазылым тапсырмасы.

Жырдағы айшықты сөз өрнектерін басқа синонимдермен ауыстыру.

Бағалау критерийі:

·         Айшықты сөз өрнектерін таба алады

·         Оларды синоним сөздермен ауыстыра алады.

Топтар бойынша талқылау сұрақтары:

Әмеңгерлік салтқа көзқарасың қандай?

Төлегеннің өліміне әкесінің теріс батасының әсері бар ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://ikitap.kz/reader/qyz_zhibek_shege_aqyn_nusqasy

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.ikitap.kz/reader/qyz_zhibek_sejfullin

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Рефлексия. «Әлемдi шарлау» әдiсi

Бiр топтан екiншi топқа ауысып жүрiп, сабақ бойынша талқылаулар жасайды.

«Қосу-алу-қызықты» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылайды.

Қосу Алу Қызықты

 

Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі.

Үйге: 

 
Қосымша ақпарат
Саралау – білім алушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардыңбілімді игерулерінтексеруді қалай жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыстар

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АКТ байланыстары

     
Рефлексия

Сабақ міндеттері / оқу міндеттері орындалды ма?

Білім алушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқулар болды ма?

Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді??

Сіз өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы бағандағы сіздің сабағыңызға анағұрлым тән сұрақтарға жауап беріңіз.

 
Қорытынды баға

Қандай 2 аспект шынымен де жақсы іске асты (оқыту мен оқуды ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай 2 аспект сабақты дамытар еді (оқыту мен оқуды ескеріңіз)?

1:

2:

Менің келесі сабағыма әсер ететін сынып туралы немесе жеке білім алушылар туралы не білдім?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *