Қысқа мерзімді жоспар

 

Күні:

Сынып: 8

Пән  мұғалімі:   

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия   .
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.2 жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік алуға жетелеу.

8.3.1.1 Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау;

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

Молекулалық физика сансыз көп бөлшектерден тұратын жүйе түрлерін қарасытратынын түсіндіру, ұғындыру;

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

Кейбір оқушылар:

Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыр

Жетістік критерийлері Оқушылар:

1)Броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік қалыптасады.

2)Жылулық қозғалыс пен механикалық қозғалыс арасындағы айырмашылықтарды көрсете алады Жылулық қозғалыстың анықтамасын және механикалық қозғалыстан айырмашылығын айыра алады;

Броундық қозғалыс пен диффузия құбылыстарын кеңірек оқып біледі;. Диффузия  құбылысының   күнделікті  өмірде кездесетінін  түсініп,  біледі

Тілдік мақсаты: Жылулық қозғалыс – тепловое движение –thermal motionМолекула – молекула – moleculeАтом – атом — atomБроундық қозғалыс –  Броуновское движение — Brownian motionДиффузия – диффузия – diffusion
Құндылықтарды дарыту

 

«Мәңгілік ел» құндылықтарын іске асыру .Топтық және жұптық жұмыстарды орындауда бір-біріне құрмет көрсету .

Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу.

Пәнаралық байланыс Математика,информатика сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Табиғат
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйдеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою

Жылу  дегеніміз  не?

Ыстық  дене  суық  денеден  қалай  ерекшеленеді?

Неге  түсті  киім мен  ақшыл  киімдерді  бірге   жууға  болмайды?

Әр оқушы сандарды  екіші дәрежеге көтеріп оны түсіндіредіжене қасиетін айту. Мысалы, 5-тің екінші дәрежесі неге тең,6^2

неге,11^2 неге тең, 12^2 неге тең, т.с.с.

Қызығушылықтыояту.

Сұрақ

    «1» тобына сұрақ

1. Барлық денелер неден түрады?

2. Молекула дегеніміз не?

 «2» тобына сұрақ

1. Заттардың молекулалары бірдей ме?

2. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?                              «3» тобына сұрақ

1.Зат қандай күйде бола алады?

2.Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

— Балалар, міне, сендер 7 — сыныпта «Физика және астрономия» пәнінен қоршаған орта, табиғат құбылыстары және олардың заңдылықтары т. б. қызықты әрі жаңа дүниені, оқып үйрендіңдер.

— Ал, енді бұл оқу жылы сіздер жылу, электр, магнит және жарық сияқты табиғат құбылыстарын сипаттайтын ұғымдар мен шамаларды оқып — үйреніп, олардың өзара байланыстарын және физикалық заңдылықтарын зерделейсіздер.

ә) Жылу құбылыстары

Денелер үнемі қозғалып тұратын молекулалардан құралады. Ал, әрбір жеке молекулалардың қозғалысын – механикалық қозғалыс деп атаймыз.

Механикалық қозғалыста жеке молекуланың жүрген жолын және қозғалыстың υорт орташа жылдамдығын анықтап, сол молекуланың дененің басқа молекулаларымен соқтығысуын да көз алдымызға елестетуге болады.

Барлық молекулалардың тұтас алғандағы қозғалысы бұдан да күрделірек (1см3 суда — 3, 34*1028 молекула бар)

Механикалық құбылыстардан кейінгі құбылыстар – жылу құбылыстары.

Олар денелерді қыздыру немесе суыту, яғни олардың температурасын өзгертумен байланысты. Бұл процестер денелердің кейбір қасиеттерін өзгертеді. Жылулық процестердің жүруі заттың құрылысымен тығыз байланысты.

Газ, сұйық және қатты тәрізді кез келген дене қарқындылығы температураға байланысты болатын ретсіз (хаосты) қозғалыстағы сансыз көп молекулалардан тұрады. Кей жағдайда дененің молекулалық құрылысы ескерілмей термодинамикалық әдіс арқылы зерттеледі(жылу+күш).

б) Жылулық қозғалыс

Жылулық құбылыстарын түсіндіру үшін ғалымдар ұзақ уақыт бойы еңбек етті (М. Ломоносов, Р. Джоуль, Дж. Максвелл, Л. Больцмандар).

Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды. (Желсіз тынық ауадағы түйдектелген шіркей).

в) Броундық қозғалыс

Молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі броундық қозғалыс болып табылады.

Суда қалқыған өсімдік спорасының қозғалысын бақылаған ағылшын ботанигі Р. Броунның құрметіне осылай аталған. Спораның бөлшектері ұсақ болған сайын жылдамырақ қозғалған. Оларды көзге көрінбейтін қандай да бір күштер үнемі қозғап тұрғандай болады. Ал температура артқан сайын олардың қозғалысы үдей түседі.

Броун осындай құбылысты ашса да, оның не себептен болатынын түсіндіре алмады.

1905 — 1906 ж. ж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховский толық теориясын жасады.

Орта молекулаларының жылулық қозғалысы мен олардың броундық бөлшекпен соқтығысуы броундық қозғалыстың себебі болып табылады.

Бөлшектердің өлшемдері мен массасы аз болған сайын оның жылдамдығын өзгерту оңайға соғады.

Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

г) Диффузия

Диффузия ұғымы — зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысының келесі бір салдары.

Диффузия — бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы.

Диффузияның қарқындылығы зат тығыздығы мен молекулалардың ретсіз қозғалысына байланысты.

Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір — бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтардағы диффузияны бақылайды.

Мақсаты: Диффузияның температураға тәуелділігін зерттеу.

Оқушылар тәжірбиені жасай отырып, диффузияны ыстық және салқын суда жүруін салыстырады.

 «Топтық жұмыс» .

Әрбір топтағы оқушыларға жеке – жеке есептер беріледі. Дұрыс шыққан есепке – 2 ұпай беріледі. Осылайша, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Топтық жұмыс .

І топ

Броундыққозғалыстуралытәжірибекөрсетеді

ІІ топ

Диффузия құбылысынатәжірибекөрсетеді

Бағалау Әткіншек әдісі арқылы орындалады

Әр топ бүгінгітақырыпбойыншажаңамағлұматіздейді (ұялы  телефон, ғаламторпайдалану)

Жұптық жұмыс

Мынадай  эксперимент  жүргізіңдер. Екі  табақшаға  бірдей  мөлшерде  су  құйыңдар,  біріне – cуық  су, екіншісіне  — ыстық  су. Калий  перманганаты  түйіршіктерінің  бірдей  мөлшерін  су  құйылған  табақшалардың  ортасына  бір  мезгілде  себіңдер. Судың  қандай  жылдамдықта  және  қалай  боялатынын  баңылаңдар. Пікірлерің  мен  қорытындыларыңды  жазыңдар. Өлшеу  нәтижелерін  кестеге  енгізіңдер  және  қажетті  есептеулерді  жүргізіңдер.

 Бағалау Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы орындалады

Жеке жұмыс

● Дененің бір молекуласы туралы не білесіз?

● Молекулалардың ретсіз қозғалысын неліктен жылулық қозғалыс деп атайды?

● Жылу құбылысына мысалдар келтіру

● Броундық қозғалыстың себебі неде?

● Диффузия құбылысы нені білдіреді?

● Диффузия құбылысына мысалдар келтіру

 

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

Талдау.

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, ой шешімін табу.

«Броундық қозғалыс» тақырыбына постер қорғау

1)Диффузия құбылысының пайдасы қандай?

2) Диффузия құбылысының зияны?

3)Қызықты мәліметтер

-диалогтық сөйлесу арқылы  өз ой-пікірін еркін жеткізе алады.

Мағынасын ашты — 3

Жартылай ашты — 2

Аша алмады — 1

Бекіту.

·   Дененің бір молекуласы туралы не білесіз?

·   Молекулалардың ретсіз қозғалысын неліктен жылулық қозғалыс деп атайды?

·   Жылу құбылысына мысалдар келтіру

Броундық қозғалыстың себебі неде

 

·         Оқушылардың білімін бағалау

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрағың  бар  ма?  Тағы  не  білгің  келеді?)

Үйге  тапсырма  береді.  № 1 үйде  орындалатын  эксперименттік  тапсырма «Диффузия  жылдамдығын  анықтау»

Үйге тапсырма

1. § 1 оқып, түсінік айту

2. Дифузияға мысал ойлап, түсіндіру

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ саалынған суреттер  арқылы бағалау.

 

 

 

 

 

 

Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген есептер мен тапсырмаларды орындай алавды

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Математикаі сабағында

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Сабақ 

Температура. Температураны өлшеу тәсілдері.Температуралық шкалалар  
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:   
8 сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:  
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 8.3.1.3 Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;

8.3.1.2 температураны  әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу;

 
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

Температураны өлшеу жолдарын, олардың түрлі шкалаларын және оларды шкалада қолдана отырып, ауыстыру жолдарын үйренеді.

 
Оқушылардың басым бөлігі:

Энергиялар туралы мәліметтерді жеткізе отырып, ішкі энергия туралы мысалдар келтіру, энергия туралы білімдерін нығайтады.

 
Кейбір оқушылар:

Дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде енгізу, өлшем бірлігін және өлшеу әдістерін біледі.

 

 
Бағалау  критерийі Өз бетімен еңбектене отырып, жаңа тақырыптың мағынасын түсінеді. Жаңа тақырыпты өз бетімен талдай отырып, ойын қорыта алады.. Салыстырмалы түрде температуралар шкаласымен жұмыс жасай алады.

Салыстырмалы түрде температуралар шкаласымен жұмыс жасай алады. Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, физикалық терминдік тілде сөйлейді.

Жаңа тақырыптың  мазмұнын қосымша көмек арқылы ұғады, салыстырмалы түрде температура шкалаларын ажырата алмайды, тап-сырмаларды орындауда ережелерді дұрыс қолдана білмейді. Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындауда топ мүшелерімен көп араласа бермейді. Қосымша берілген тапсырмаларды көмек көрсету арқылы орындайды.

 
Тілдік құзіреттілік температура,оны өлшеу тәсілдері,термометрлердің түрлері және температураның шкаласы туралы  териндерді ажыратады  
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.  
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.  
АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы.  
Пәнаралық байланыс Математика  
                                                                      Сабақтың барысы  
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут)  Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Түгендеу. «Өрмекші» тренингі арқылы үй жұмысын сұрау. Цельсий, Келвин, Фарингейт, Реомюр арқылы төрт топқа бөлу.

Амандасады. Стратегияға белсене қатысады. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады. Топтарға бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру:

Қызығушылықты ояту:

«. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

2. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

3. Кімнің құрметін броундық қозғалыс деп аталған және не себепті?

4. Диффузия дегеніміз не?

5. Диффузияға мысал келтір.

Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Температура нені сипаттайды?

2.      Дене температурасын өлшеуде термометрдің маңызы қаншалықты?

3.      Судың қатаюы мен еруінде термометрдің қандай қатысы бар?

. Топтық жұмыс «Ассоциация құру

 

Температура

 

 

 

 
Оқушыларға пікірталас кезеңін өткізу, автордың  өлнеңдегі сипаттамасы бойынша   сипаттау          Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 
Сабақтың ортасы (6-40 минут) Стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

Арқылы тақырыптың идеясын түсіну

Мағынаны тану

Топтық жұмыс

Сабақтың барысында негізгі идеяны ашу үшін оқушыларға бағыт беру,түрткі болу,жаңа тақырыпты талдауға,ой қорытуға,нәтижеге жетуге жетелеу. Экранда көрсетілген суретті көрсету арқылы эксперименттік талдау жасапсабақтың мағынасын ашады.

Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар — температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер. Температура — дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Температура скаляр шама. Жылу алмасу — екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе — теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал — термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр — температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.

Термометрлердің түрлері. I. Сұйық термометрлер.
а) сынапты, өлшеу шегі — 38°С — тан 260 °С — ка дейін;
б) спиртті термометр, өлшеу шегі
в) термопара (- 269 °С — тан 2300 °С — қа дейін)
г) термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы — негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура — табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол — 273, 15 0°С — қа тең.
Кельвин шкаласы — халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу — 273 0С — қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин — Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (t+273) К немесе t = (Т — 273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Температураны өлшеу әдістері (тәжірибе көрсету)
Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?
. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2 сұрақтарын талдау.
1) Молекулалық теория негізінде жылы су мен салқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіріңдер.
2) Абай болмаған жағдайда медициналық термометрді сындырып алуға болады. Неліктен бұл жағдайда төгіліп қалған сынапты бір түйір тамшысы қалмастай жинап алу қажет?
Қандай да бір уақыт мезетінде ауадағы оттегінің бір молекуласы 900м/с жылдамдықпен, ал екінші молекула 1200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші молекуланың температурасы жоғары деген ұйғарым дұрыс бола ма?
Жұмыс туралы алған білімдерін жинақтайды Топтарға тапсырма беру.
Сәскестендіру кестесі
Еру
960 F
Қайнау 00 С
Адам денесінің темп 2120 F
Судың қайн.нүк 1000 С

§2 сұрақтарын талдау.

1)       Молекулалық теория негізінде жылы су  мен салқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіріңдер.

2)   Абай болмаған жағдайда медициналық термометрді сындырып алуғаболады. Неліктен бұл жағдайда төгіліп қалған сынапты бір түйір тамшысы қалмастай жинап алу қажет?

Қандай да бір уақыт мезетінде ауадағы отгегінің бір молекуласы 900м/с жылдамдықпен,  ал  екінші  молекула   1200  м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші молекуланың температурасы жоғары деген ұйғарым дұрыс бола ма?

Топтарға  тапсырма беру.

Сәскестендіру кестесі

Еру 960 F
Қайнау 00С
Адам денесінің темп 2120 F
Судың қайн.нүк 1000С

 

Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)

Бағалау  СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету

 Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау кртитериі Дескриптор
Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып   тексереді
Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды
Тапсырмалардың нәтижесін тексеру
Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді
 

Оқулық

.3:

Қосымша тапсырма:1.2.

 

 

Сабақтың соңы( 41-45мин) Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

 Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Жұптар формуланы қолдана отырып мысал есеп шығарады.

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

Температура дегеніміз не?

Кельвин шкаласынан Цельсий шкаласына айналдыратын формуланы жаз?

Күн бетінің температурасы 6000 К-ге дейін қызады. Осы температураны Цельсий шкаласына айналдыр?

Кельвин шкаласы мен Цельсий шкаласын салыстыр?

Суретті қысқаша түсіндір?

Адам баласының өмірі үшін температураның маңыздылығы қаншама?

Кері байланыс

Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар

жайлы шағын эссе жазу.

Тақырыбы: Температура қавндай болады

Кейінгі оқу §2.Температура. Температураны өлшеу тәсілдері

   «Құпия хат»  әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға  таратылады.

 

1.      Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

2.      Оқу мақсатына  жету үшін біз қандай іс –әрекеттер  жасадық?

3.      Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

4.      Сөздік  қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

5.      Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

 

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау

 

 

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

 

 
                                                                Қосымша ақпарат  
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.  
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

   
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы

Сабақ

Ішкі  энергия.Ішкі  энергияны  өзгертудің  тәсілдері
Мерзімі 
Сынып     8 Қатысқандар саны           қатыспағандар саны

 

Сабақ негізделген оқу мақсаты

 

8.3.2.1 дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар

Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы мағлұмат алады

. Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылар   ішкі  энергияны  өзгерту  тәсілдерін  және  жылу  берілу  механизмін  түсінеді.Заттың  молекулалық  негізінде олардың  физикалық  мәнін  ашып  көрсетеді ..

Кейбір оқушылар:

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді

Бағалау  критерийі . Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері  жайлы мағлұмат алады

.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

.Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып, тереңірек ойлауға талаптанады.

3.Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай отырып, өз идеяларын айта алады.

4.Бір – бірін бағалауды үйренеді

Тілдік мақсаттар (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым): Берілетін ұғымдар:

·           Ішкі энергия;

·           Ішкі энергияның темпертураға байланыстылығы;

·           Дененің ішкі энергиясының химиялық реакцияларға байланыстылығы;

·           Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.

     Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.

Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа , бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Ішкі  энергия.
                                                                     Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған  жаттығулар 45
Басталуы

  1. Ұйымдастыру
Атмасфералық жағдайды қалыптастыру.

«Миға шабуыл»

Әдісі  бойынша сұрақ- жауап сәті

1 Сұрақтар  береді

1.Температура дегеніміз не?

2.Кельвин шкаласынан Цельсий шкаласына айналдыратын формуланы жаз.

3. Күн бетінің температурасы 6000 К-ге дейін қызады. Осы температураны Цельсий шкаласына айналдыр?

4. Жылу  алмасы дегеніміз не?

5.Суретті қысқаша түсіндір

Пікірталас сұрақтарымен жұмыс

Ассоциация құру

Оқушыларға пікірталас кезеңін өткізу

 

 

5 минут

Ортасы  м Берілетін ұғымдар:

·         Ішкі энергия;

·         Ішкі энергияның темпертураға байланыстылығы;

·         Дененің ішкі энергиясының химиялық реакцияларға байланыстылығы;

·         Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.

     Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.

     Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.

Көрсетілетін тәжірибелер:

Ауаның және судың ішкі энергиясының артуы немес кемуі температура өзгерісіне тікелей байланысты.  Зат температурасының өзгеруіне байланысты туындайтын процестер жылулық процестер деп аталады.

  

Ішкі энергияны басқа да жолмен өзгертуге болады.

Тәжірибелер:

 

 

         

 

    Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу және жұмыс жасау. Жылу алмасу деп бір денеден энергия температурасы төмен келесі денеге берілуін айтады.

   Денемен не дененің өзімен жұмыс жасамай жылу алмасу арқылы ішкі энергияны өзгерту тәсілі жылу беру деп атайды.

ІV. №2-эксперименттік тапсырма. Жұмыс істеу арқылы ішкі энергияның өзгеруін зерттеу.

· Теориялық  материалдар негізінде әр  топқа тәжірибе жасау үшін қажетті жабдықтар  таратылды.

· Қауіпсіздік  ережелері ескертілді.

· 1-топқа:

Қаламсапты екі  алақанның   ортасына қойып  уқалаңдар,беттеріне  тигізіңдер.Не  байқадыңдар?-деген  тапсырма  берілді.

· 2-топқа:

Қантты  үгіту.Қантты  үгіту  үшін не істедіңдер?-деген  тапсырма  берілді.

· 3-топқа:

Шаммен  темір сымды  қыздырамыз.Не байқадыңдар?-деген  тапсырма  берілді.  Тәжірибелерді  топта жасады.

Топта  зерттеушілік әңгіме жүргізді, талқылады, бір шешімге келді. Бұл  тапсырмаларды  орындап,жауаптарын  түсіндірді.

Топ  мүшелері жауаптарды  өзара бағалап  отырады

 

Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)

Бағалау  СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету

 Оқытудың мақсаты бойынша.

 

Бағалау кртитериі Дескриптор
Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып   тексереді
Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды
Тапсырмалардың нәтижесін тексеру
Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді
 

35 минут

Аяқталуы

  1. Қортындылау

(Жинақтау+ бағалау)

  1. Үйге тапсырма
Қорытынды

1. Пысықтау.

1.      Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

2.      Оны өзгерту тәсілдері қандай?

3.      Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

4.      Жылу алмасу дегеніміз не?

5.      Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

 Оқушыларды жауаптарына қарай қорытындылау

Автор орындығы» әдісі

Жазба жұмыстарын ұсынады. Оқушылар автор орындығында отырған оқушыға сұрақ қояды

 Рефлексия «Таңдау» әдісі.

1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта   …      үйрендім.

3. Мен басқаларды   тыңдадым.

4. Мен сабақта       …         орындай алдым.

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын,  риза емеспін.

 

5 минут

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

 

 

Бағалау — оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Фармативтік бағалау түрлерін қолдану арқылы :сабақты тусынгенін тексеру бас бармақ әдісін қалданамын. Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланыс

  • Қиындық туындайтын сәт болса өзім түсіндіремін.
Сұрақтар беру арқылы
Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың  тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.

 

 

 

 

Comments

  1. мадина

    жоспар жақсы жазылған, сабақтарда басшылыққа алуға болады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code