Жаңа Әдебиеттік оқу 4 сынып ҚМЖ Қысқа мерзімді жоспар

Рысқұлбекова Ә., Сейсенбаева К., Отыншинова Д., Жумашова А.

АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ

Қысқа мерзімді жоспар

І тоқсан. 1-ортақ тақырып. Менің Отаным – Қазақстан

 

Мектеп:
1-сабақ. Отаным – бақыт ордасы
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып 4 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Оқу бағдарламасына негізделген оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тақырып, идея жайлы түсініктерін тереңдетіп, өлеңдегі негізгі ойды анықтайды. Тірек сөздерді қатыстырып тілектер айтады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа қатысты мақалдардың бөліктерін сәйкестендіріп, мағынасын талдайды. Ұйқасқа негіздеп 4 жолды өлең құрастырады.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өз пайымдауларын ұсынып, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері: Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді. Автордың ойын мәтін деректерімен дәлелдейді.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстанымын таныту және өз елінің

дамуына үлес қосу.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Автор жайлы деректер іздеу үшін ғаламтор желісі
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің

мағынасын біледі.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы (ЖЖ) Сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырып, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын жинақтау мақсатында «Қос шеңбердегі тілектер» әдісін ұйымдастыру. Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ішкі шеңбердегі оқушы мұғалім атаған сөзді қатыстырып өз жұбына тілек айтады да, оңға қарай бір қадам жылжиды. Мұғалімнің атаған келесі сөзін сыртқы шеңбердегі оқушы қатыстырып тілек айтады.

Қолданылатын сөздер: Отан, бақыт, Қайырлы таң! Мұғалім сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.

Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы берілген тапсырмамен жұмыс жүргізеді.

(ЖЖ) «Құрастыр» айдары бойынша

әр жұп «Кластер» немесе «Жүзімнің шоқтары» әдісі арқылы

«Отанға тілек» тақырыбына кластер құрастырады.

Дескрипторы:

Отанына арналған тілектерін құрастырып жазады.

ҚБ: Смайлдар арқылы өзара бағалау.

(Т) «Құрастыр» айдары бойынша Бейбітшілік, тыныштық

 

 

Сызбаға арналған ақ парақтар

 

сөздерін пайдаланып бір-біріне жақсы тілек сөз айтады.

Дескрипторы:

Берілген сөздерді пайдаланып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

ҚБ: Смайлдер арқылы өзара бағалау.

Ортасы Мағынаны тану кезеңі.

(Ж) Ә.Табылдының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

Аты-жөні                            Әдібай Табылды

Туған жылы                        1926 жыл

Туып-өскен жері                Жамбыл       облысы                      Рысқұлов ауданы

Шығармалары                    «Бөбекке сөз», «Қайырлы таң,

балалар!»

Ақпарат                              Жазушы, ақын, тәрбие тәлімгері

 

 

 

Ғаламтор желісі, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер

(Т) «Оқы» айдарыбойынша оқушылар Ә. Табылдының

«Қайырлы таң, балалар!» атты өлеңін оқып, төмендегі сұрақтар бойынша мазмұнын топта талқылайды:

·         Кейіпкер нені мақтан етеді және неге қуанады?

·         Өлеңдегі ≪Аман Отан – панамыз≫ деген сөзді қалай түсінесің?

·         Неліктен өлең ≪Қайырлы таң, балалар!≫ деп аталған?

·         Сен қандай тақырып қойған болар едің?

Сөздікпен жұмыс.

(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» әдісі бойынша арайлап, әрлі

сөздерінің мағынасын ашады.

Арайлап – жарқырап Әрлі – әдемі, көрікті

(Т) «Есіңе түсір» айдары бойыншаоқушылар тақырып және идея ұғымдарына анықтама береді. «Қайырлы таң, балалар!» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтап, кестеге түсіреді.

Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы

Идея – жазушының айтқысы келген негізгі ойы

 

 

Дескрипторы:

1.  «Тақырып», «идея» ұғымдарына анықтама береді.

2.  Өлеңнің тақырыбы мен идеясын кестеге жазады.

(Т) «Қолдан» айдарыбойынша

а) Оқушыларға «Егер бейбітшілік болса…» деп басталатын сөйлемнің бастапқы бөлігі жазылған көгершін, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдарының суреттері беріледі. Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды үлгідегі сөйлемге ұқсатып жазады да, тақтаға іледі.

Үлгі: Егер бейбітшілік болса, ата-анамыз да аман-есен болады.

Дескрипторы:Бастапқы ойды өздерінше жалғастырады.

ҚБ:«Бағдаршам» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.

 

 

 

Көгершінң суреті, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдары- ның суреттері

Әдібай Табылды.Қайырлы таң, балалар!
Тақырып Өлеңнің идеясы
Ақын Ә. Табылды өлең

тақырыбы арқылы нені суреттеп жазды?

Ә. Табылды өлең арқылы нені айтқысы келді?

 

 

 

Мақсаты: Берілген сөйлемнің бастапқы бөлігін жалғастырып,  өз ойын толық білдіреді.

Тиімділігі: Оқушылардың кез келген тақырыпта өз ойын еркін білдіре алу дағдыларын арттырады.

(Т) «Қолдан» айдары бойынша

Оқушылар өлең шумағына лайықты ұйқас сөздің орнын тауып, өлеңді құрастырады:

Отанды біз атамекен Деп аялап, атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.

Керекті сөздер: атамыз, атаймыз

Дескрипторы:

1.      Ұйқас сөздерді табады.

2.  Ұйқасқа негіздеп өлең құрастырады.

Мақсаты: Оқушылардың сөз мағынасын дұрыс түсініп, сөйлем құрастыруда дұрыс пайдалана білуге дағдылануларына ықпал ету.

Тиімділігі: Оқушылардың әр сөзді түсініп қолдану дағдыларын арттырады.

(МК, Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша

Оқушылар эпитет туралы білгендерін естеріне түсіріп, өлеңдегі эпитет сөздерді табады.

Отан Аялаған өз елің, Отан – биік тауларың

Отан – шексіз кең дала, Жасыл бағың, бауларың Көк шалғының, аунағын.

Дескрипторы:

1.  Эпитеттің ережесін еске түсіреді.

2.  Берілген өлеңдегі эпитет сөздерді табады.

(Т) «Кластер» әдісі бойынша

Отанға қызмет ету дегенді қалай түсінесің? Ойыңды сызба түрінде топтастырып жаз.

Дескрипторы:

1.      Сұрақ төңірегінде әр оқушы өз пікірін білдіреді.

2.      Қорытынды ойларын топтастырып жазады.

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды уақыт жеткілікті болса, өз қалауынша орындата алады. Онда берілген тапсырмалар оқулықта алған білімдерін әрі қарай толықтыруға арналған. Бекіту жұмысы ретінде де пайдалануға болады.

Аяқталуы Ойтолғаныс (рефлексия).

(Т) «Қорытындыла» айдарыбойынша

1- топ оқушылары «Өз Отаныңды несімен мақтан етесің?» тақырыбына өз пайымдауларын ұсынады. Картадан Қазақстан жерін көрсете отырып, оның кең-байтақ екенін айтады.

2- топқа Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы ұсынылады. Шартты белгілер бойынша өз Отанының байлығын мақтан етеді. 3-топқа әр ұлт балаларының суреті ұсынылады. Олар ұлттар достығын дәріптейді.

4-топ оқушылары өз Отаны туралы ребус құрастырады.

Дескрипторы: Топ жұмысы бағаланады.

 

ҚР

физикалық картасы, пайдалы қазбалар картасы

 

ҚБ:«Ду қолшапалақ» әдісі бойынша дұрыс орындалған тапсырмаға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету жүзеге асады.

Үйге тапсырма: К. Салықовтың «Отан» өлеңіндегі ойды жалғастырып, өлеңге бір-екі жол қосып жаз.

Рефлексия. «Көңіл күй қоржыны» әдісі арқылы жүргізіледі.

Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

 

Мектеп:
2-сабақ. Мен – Қазақстан азаматымын
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.1.1 Шығарманыдауыстаптүсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінді мәнерлеп, шапшаң, түсініп оқып, мазмұнын өз сөздерімен баяндайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Автордың пікірін мысалдар келтіріп дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өлең құрастырып, жарнама жасайды, өз қаласына байланысты викториналық сұрақтар құрастырады. Өз туған жері туралы эссе жазады.

Бағалау критерийлері: Шығармашылық жұмыс істеп үйренеді. Оқу түрлерін қолданады.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің

дамуына үлес қосу

Пәнаралық байланыстар Дүниетану

 

АКТ қолдану дағдылары Өз өлкесі жайлы жарнама жасап, викториналық сұрақтар құрастыруға

деректер іздеу үшін ғаламтор желісі.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады.Отан,Қазақстан, азамат, туған жерсөздерінің мағынасын

ұғады.

Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту
(Ұ) «Кел, сөйлесейік» айдары«Биопоэма» әдісі арқылы жүзеге Биопоэма
асады. Оқушылардың өзі туралы сауалдарға жауап берулеріне жазуға
тапсырма беріледі. Оқулықта берілген тірек сөздерді арналған
пайдаланып, өзінің өмірбаянын көпшілік алдында әсерлі айтып кесте.
береді. ҚР-ның
Есімім (Өз есімі) картасы
Менің туған жылым (Өз туған күні, айы, жылы)
Менің туған жерім (Дүниеге келген орны) (картадан көрсету)
Менің жетістіктерім
Менің қызығушылықтарым
Мен қызмет еткенде (армандарын айтады)
Мен өскенде
Мен қандаймын (Өзіңізді сипаттайтын 3 сын есім)
Әдістің тиімділігі: балалар бірін-бірі жаңа қырынан танып,
таныстықтары тереңдей түседі.
Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлайды.
Ортасы Мағынаны тану кезеңі.

(ЖЖ)«Қойын дәптер» әдісі арқылы жүргізіледі. Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

 

 

Оқулық

 

 

 

 

(Т) «Түсініп оқы» айдары«Джигсо» әдісі бойынша жүзеге асырылады. «Туған жер» мәтінін төрт бөлікке бөліп, топтағы

1-ден 4-ке дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес бөлікті оқиды. Басты мақсат – мәтінді оқу, ақпаратпен танысу. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар» тобы құрылады. Мақсаты – тақырып бөлігінің мазмұнын бірлесе игеру, қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру.

Бастапқы    топқа    оралып,    әр    оқушы    мәтіннің    өз    бөлігін баяндайды:

—   тірек сөздер кестесі;

—   мәтін жоспарының сызбасы;

—   кластерлер;

—      мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар арқылы түсіндірулері мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптерлері, Оқулық

Аты-жөні Өтебай Қанахин
Туған жылы 1923 жыл
Туып-өскен жері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Тәуіп ауылы

Шығармалары «Екі кездесу»,  «Көл жағасында»,

«Атақоныс», «Бақыт бәйшешегі»,

«Маздақ», «Дәмелі»

Ақпарат Жазушы, ақын, тәрбиеші

 

 

Дескрипторы:

1.  Мәтінді оқып, ақпаратпен танысады.

2.  Мәтін мазмұнын топта талқылайды.

3.  Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.

ҚБ:    Смайлдер    арқылы    топ    ішінде    бірін-бірі           бағалауын ұйымдастыруға болады.

(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Құндақ, ризық, маңғаз, сайып келгенде сөзінің мағынасын ашу.

Құндақ – сәбиді жаялыққа сап, жұмсақтап ораған бөлеуі, жөргек

Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс Сайып келгенде – қорыта айтқанда

(ЖЖ) «Ізден» айдары бойынша әр жұп мәтіннен Отан сөзіне синоним болатын сөздер іздеп табады. Мысалы: туған жер, өзен, көл, шалқар су, ауыл, қасиетті топырақ, зеңгір тау, орман-тоғай, атамекен т.б.

Дескрипторы: Мәтіннен Отан сөзіне синоним сөздерді іздеп, табады.

ҚБ: Өзара бағалау.

(Т) «Дәлелде» айдары бойынша «Қосжазба күнделігі» әдісі

арқылы мәтіннен берілген үзіндінің мағынасын ашады. Мақсаты:     Берілген    үзіндіні     өз     сөзімен    шығармашылық тұрғысынан түрлендіріп жеткізуге мүмкіндік беру

Тиімділігі: Оқушылардың кез келген шығарманың үзіндісін өз сөздерімен түрлендіріп жеткізе алу дағдыларын арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

1.  Мәтіндегі негізгі пікірді анықтайды.

2.  Автор пікірін мысал келтіру арқылы дәлелдейді.

ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы әр топ көрші топтың жұмысын дескрипторлар негізінде бағалайды.

(ЖЖ) «Өзгертіп оқы» айдары

Әр жұп оқулықтағы кестеге сәйкес мәтіннің екінші және соңғы абзацын үлгідегідей өзгертіп оқиды.

(ЖЖ) «Түсіндір» айдары бойынша азаматтық парыз, міндет

туралы соңғы абзацты оқып, түсінгендерін әңгімелейді.

Дескрипторы:

1.      Мәтіннің соңғы абзацын түсініп оқиды.

2.  Өз жұбына әңгімелейді.

ҚБ: «Смайлдер» әдісі

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптер

Аяқталуы Ойтолғаныс кезеңі.

(Т)    «Қорытындыла»    айдары    бойынша    «Келіңдер,    біздің қалаға!» тақырыбына жарнама-постер жасайды.

Флипчарт, ақпараттық

әдебиеттер

«Туған жер»        мәтінінен үзінді Автордың пікірін мысалдар келтіріп дәлелдей аламын
Туған жеріміз – Қазақстанда суы телегей-теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек боп

бой түзеген орман-тоғай да баршылық.

 

«Иә, Қазақстанда…»

 

 

Дескрипторы:

Тақырыпқа сай жарнама құрастырады. Жарнаманы дауыс ырғағын келтіріп оқиды.

«Галереяға саяхат» әдісі бойынша жұмыс нәтижелерін сыныпқа жариялайды.

ҚБ: «Менің бағам» әдісі бойынша басқа топтар өзі қойған бағаға сәйкес смайлды беріп кетеді.

Мақсаты:

Үй тапсырмасы: «Сен өз ауылыңды/қалаңды білесің бе?» тақырыбында викториналық сұрақтар дайындап жазыңдар.

Рефлексия.     «Бағдаршам»     әдісі      бойынша     сабаққа     кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.

 

Ғаламтор желісі, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер

Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Жіктеу: Джигсо тобына жіктеу жүргізіледі.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары, «Басбармақ» әдісі
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

 

Мектеп:
3-сабақ. Отан туралы өлең-жыр оқимыз
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

 

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: «Отан» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып, мазмұнын түсінеді. Өлеңдегі негізгі ойды анықтап, автордың ойын өлеңнен деректер келтіре отырып дәлелдейді. Өз ойларын автор ойымен салыстырып, диаграмма түрінде ұсынады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа сәйкес кластер сызып, толтырады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өлең құрастырып, өз ойларын білдіреді.

Бағалау критерийлері: Шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтайды. Шығармашылық жұмыстар жасап үйренеді.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің

дамуына үлес қосу.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары М. Мақатаевтың «Отан» өлеңінің аудиожазбасы
Алдыңғы оқу/ Бастапқы

білім

Отан, Қазақстан, азамат, туған жер сөздерінің мағынасын ұғады
Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту кезеңі. (МК) Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене? Оның тұлға,түс, кейпін Достым,білгің келе ме?–

дей келіп, Отан жайлы қалам тартып, өлең арқылы Отанына өз сезімдерін білдірген ақындарды оқушылар еске түсіреді Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлайды.

Ортасы Мағынаны тану кезеңі.

(Ұ, МК) «Есіңе түсір» айдары бойынша М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін тыңдап, адам үшін қажетті үш ұғымды атау тапсырылады.

Дескрипторы:

1.      М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін тыңдайды.

2.      Өлеңде айтылған адам үшін аса қажетті үш ұғымды атайды.

«Қойын дәптер» әдісі жүргізіледі. Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ж, Т) «Оқы» айдары

Тұманбай    Молдағалиевтің    «Отан»    өлеңін    мазмұнына    сай мәнерлеп оқу тапсырылады.

Дескрипторы:

-Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысады.

 

 

Өлеңнің аудиожазбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

Аты-жөні Тұманбай Молдағалиев
Туған жылы 1935–2011 ж.ж.
Туып-өскен жері Ақын           Алматы           облысы Еңбекшіқазақ      ауданы     Жарсу

ауылында дүниеге келген.

Шығармалары «Құстар әні», «Құстар қайтып барады»,                                    «Республика

рәміздері», «Күміс кебеже» атты жинақтары

Ақпарат Ақын

 

 

-Өлең мазмұнын топта талқылайды. Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.

ҚБ:    Смайлдер    арқылы    топ    ішінде    бірін-бірі           бағалауын ұйымдастыруға болады.

(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. «Атаның рухына балау» деген сөз тіркесінің мағынасын ашу.

Атаның рухына балау – ата-бабамыз сияқты құрметтеу (Т) «Зертте» тапсырмасы бойынша әр жұп өлеңнен ақынның негізгі ойын тауып оқиды. «Отаныңның өткені,

қазіргісі, келешегі туралы қайдан, неден білдің?» деген сұраққа жауап іздейді.

Дескрипторы:

1.  Өлеңнің негізгі ойын анықтайды.

2.  Автордың ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді.

3.  Сұраққа жауап береді.

ҚБ:    Смайлдер    арқылы    топ    ішінде    бірін-бірі           бағалауын ұйымдастыруға болады.

(ЖЖ) «Салыстыр» айдары

«Ақынның Отан туралы түсінігі сенің ойыңмен ұқсас па?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, «Венн» диаграммасы арқылы әр оқушы Отан жайлы өз ойын ақын ойымен салыстырады.

Дескрипторы:

1.  Отан туралы өз ойын білдіреді.

2.  Өз ойын ақын ойымен салыстырады.

ҚБ: Өзара бағалау

(Ж) Дәптермен жұмыс.  Оқулықтағы «Отан» өлеңінің мазмұны бойынша үлгіге қарап, Отан сөзіне кластер жасайды. Қазақстан Республикасының астанасы туралы «бес жолды өлең» жазады.

Дескрипторы:

1.      Өлең мазмұнына сәйкес «Отан» сөзіне кластер жасайды.

2.      «Астана» тақырыбына бес жолды өлең жазады.

ҚБ: «Оң көрші» әдісі

Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақ парақтар

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптер

Аяқталуы Ойтолғаныс

(МК) «Ойыңмен бөліс» айдары.

Әрбір оқушы «Отан ұғымына өзің қандай ой қосар едің?» деген сауал төңірегінде өз ойын ауызша айтып білдіреді.

Шығармашылық жұмыс. «Отан қайдан, неден басталады?» деген тақырыпқа қысқаша эссе жазады.

Дескрипторы:

1.      Тақырыпқа сай эссе жазады.

2.      Эссені дауыс ырғағын келтіріп оқиды.

ҚБ: «Менің бағам» әдісі бойынша басқа оқушылар смайл беріп кетеді.

Үй тапсырмасы: Өлең мазмұны бойынша, отан ұғымына топтастыру құрып, жаз.

Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.

 

 

 

 

 

 

 

Смайлдер

Қосымша ақпарат

 

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Қорытынды: Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз

тұстарына қарай жауап береді.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Смайлдер, «Оң көрші», «Менің бағам»
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

 

Comments

  1. Рымжан

    Шығармашылық табыс тілеймін,Жақсы жазылған жоспар,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *