ҚМЖ Көркем еңбек 4 сынып Қысқа мерзім жоспары Атамұра баспасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

1-бөлім. Менің Отаным – Қазақстан


 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты. Кеңістік перспективалы пейзаж саламыз. Кеңістік перспективасы. Түс қанықтығы. Туған өлке табиғатын бейнелейміз Мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні
Сынып: 4 Қатысқан оқушылар саны Қатыспағандар
Оқу мақсаттары Туған жерінің табиғатына сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту. Табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды, әсіресе кеңістік перспективасын түсінуге ықпал ету. Түс қанықтығымен таныса отырып және алған білімдерін жұмыста қолданып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бағдарламалық міндеті 4.1.3.1

4.3.3.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер Мұғалім үшін: туған жер табиғатына қызығушылық- тарын қалыптастыру. Кеңістік перспективасы құбылысымен, оны графика мен кескіндемеде көрсету тәсілдерімен таныстыру. Түстің тағы бір белгісі – қанықтығымен таныстыру. Туған өлкенің табиғатын бейнелеу барысында алған білімдерін пайдалана білу. Оқушылардың шығармашылық міндеті: кеңістік перспективасын көрсете отырып, еліміздің табиғат көрінісін бейнелеу.

№1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау (3–8-беттер).

Оқушылардың міндеті Қазақстанның табиғат нысандарын суреттеп, «кеңістік перспективасы» терминінің мағынасын түсіндіре білу, қанық және қанық емес түстердің айырмашылығын түсіндіру. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

Тірек сөздер: Қазақстанның табиғаты, еліміздің табиғи қорықтары, кеңістік перспективасы, сызықтық перспектива, қанық түстер, қанық емес қою, қанық емес ашық түстер.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

1.            Туған жер деген не?

Жауап.  Туған жер – адамның туып-өскен жері.

2.            Ата-анаң, өзің дүниеге келген жер туралы айтып бер.

Жауап. Оқушылар ата-аналарының және өздерінің туған жерлері туралы айтып береді.

3.            Қазақстанның табиғаты бай ма?

Жауап. Иә. Қазақстанда таулар, теңіздер, өзен-көлдер, жазық далалар, шөл дала мен қорықтар бар

 

(негізгілерін атайды).

4.            Сызықтық перспективасы туралы не білесіңдер? Айтып беріңдер.

Жауап. Сызықтық перспектива өлшемі бірдей заттардың көрерменнен алыстаған сайын алдыңғы қатардағы заттарға қарағанда кішірек көрінетін құбылыс. Суретші сызықтық перспективасын қолдана отырып, жазық қағаз бетінде кеңістік пен тереңдікті береді.

5.            Қанық түстер дегеніміз не?

Жауап. Қанық түстер ақ және қара түстерінің қоспасынсыз таза түстер.

6.            Қанық емес ашық түстерге қандай түстер жатады? Жауап. Қанық емес ашық түстер ақ түс қосылған түстер.

7.            Қанық емес қою түстерге қандай түстер жатады? Жауап. Қанық емес қою түстер қара түс қосылған түстер.

8.            Кеңістік перспективасы қалай байқалады? Жауап. Біз өзімізден алыстаған заттарды ауа қабаты арқылы көреміз, онда заттардың түсі ағарып, қанық емес ашық түстерге айналады да, суық реңкті болып көрінеді. Бұл құбылыс кеңістік перспективасы деген атауға ие болды.

9.            Сызықтық және кеңістік перспективасы бір-бірімен тығыз байланысты ма?

Жауап. Сызықтық және кеңістік перспективалары тығыз байланысты. Бізге алыстағы заттар кіші әрі қанық емес бояулы боп көрінеді.

Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: кеңістік перспективасы не екенін, қанық және қанық емес түстерді, оларды кеңістік перспективалы сурет салғанда қалай қолдануға болатынын біледі.

Кеңістік перспективасы мен қанық және қанық емес түстерге анықтама бере алады.

Оқушылардың көпшілігі: кеңістік перспективалы пейзаждарды суреттеп, табиғат нысандарының түстерін анықтап, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындай алады.
Кейбір оқушылар: кеңістік перспективалы табиғат көрінісін бейнелегенде қанық және қанық емес түстерді таңдап, өзінің шығармашылық ойын түсіндіре алады.
Бұрын алған білімдері Оқушылар «Менің туған өлкем» (2-сынып), «Жанды табиғат» (3-сынып) тақырыптары арқылы және түстердің қасиеті, сызықтық перспектива, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы меңгерген білімдерін пайдаланады.
Пәнаралық байланыстар Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка.
Сабақтың барысы

 

Сабақ кезеңдері Жоспарланған жұмыс түрлері Дереккөздер
Сабаққа кіріспе Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында тақтаға кеңістік перспективасы айқын көрінетін еліміздің табиғат көріністерінің фотосуреттерін іліп қоюға болады. Қазақ халық музыкасын ақырын ойнатып қойған дұрыс. Оқушыларды олар тек еліміздің табиғатын ғана емес, сондай-ақ әсерлі табиғат көрінісін бейнелейтіндеріне бағыттау керек. Қазақстандық пейзажшылардың жұмыстарының репродукциялары мен еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері.
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу Қазақстанның табиғаты, оның географиялық нысандары туралы меңгерген білімдері оқушыларға еліміз бойынша  саяхат жасағанда керек болады.

Сонымен қатар басқа елдердің өкілдерімен қарым- қатынас жасағанда, әрбір адам елі, оның табиғат байлықтары туралы жақсы біліп, оны әдеміліп баяндай білуі тиіс. Кеңістік перспективасы, қанық және қанық емес түстер туралы меңгерген білімдері оқушылар мұражайға барғанда сауатты көрермен болып, әртүрлі суретшілердің қолынан шыққан жұмыстарды бағалауға мүмкіндік береді.

Материалды түсіндіру Сабақтың басында еліміздің табиғатын талқылап болғаннан кейін, сызықтық перспектива дегеніміз не екенін, суретші пейзаж салғанда сызықтық перспекти- ваның қандай ережелерін пайдаланатынын еске түсіреді.

Одан әрі мұғалім оқулықтағы «Пейзаждағы кеңістік перспективасы» тақырыбындағы материалдарды пайдаланады. Мұғалім тақтада оқулықтағы сызықтық перспективасының мысалдарын сызып көрсетсе тіпті жақсы (оқулықтың 6-беті). Оқушыларға: «Суретші алыстағы заттар алдыңғы қатардағы заттардан үлкен болып көрінсе, кеңістік перспективасын қалай көрсетеді?» деген сұрақ қоюға болады. Ондай жағдайлар жиі болып тұрады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кеңістік перспективасы анық көрінетін пейзаж фотосуреттерін көрсету керек (оқулықтағы суреттерді пайдаланып немесе көлемі үлкенірек суреттерді таңдап алуға болады). Бәлкім, балалардың ішінде кейбірі алдыңғы және артқы қатардағы суреттердің айырмашылығын анықтап қалар. Егер балалар сұраққа жауап беруге қиналса, онда мұғалім түс үйлесімі туралы сұрақ қояды, ал балалар алдыңғы және артқы қатардағы заттардың түсін анықтайды. Енді мұны істей алады, өйткені бұл кезге дейін қанық және қанық емес түстермен танысты (алыстағы заттар қанық емес суық түсті, ал жақындары қанық әрі жылы түсті болады). 7-бетте берілген кеңістік перспективасының құбылысы осы. Одан әрі кеңістік перспективасы анық көрінетін бірнеше пейзаж репродукцияларын көруге болады. Балалардың назарын тек кеңістік перспективасына ғана емес, сондай-ақ сызықтық

Оқулық.

4-сыныпқа арналған CD- диск.

Әр елдегі пейзажшылардың жұмыстарының репродукциялары мен еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері.

 

перспективасына да аудару керек. Егер мүмкіндік болса, онда бірінші сабақтың соңын таза ауада өткізіп, оқушыларға нағыз зерттеушілер тәрізді арақашықтық түстің өзгеруіне қалай әсер ететінін тексеруді тапсырады. Табиғат аясында оқушылар табиғат нысандары шынымен де алыстаған сайын түсін өзгертетініне көздері жетеді. Егер сабақта мұғалім бәрін түсіндірсе, онда экскурсияда оқушылар өздері тәжірибе жасайды. Олар ағаш діңінің, таулар мен жоталардағы, ғимараттардың түсі қандай болатынын өздері айтсын.
Өздік жұмысты орындау Мұғалім материалды түсіндіргеннен кейін оқушыларға алдымен №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындауды тапсырады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін өздік шығармашылық жұмысына кіріседі. №1 жұмыс дәптері, сурет салатын альбом, акварель және гуашь бояулары, қылқалам, палитра, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, қағаз парағы, қанықтығы әртүрлі сұр түсті қағаз, қайшы.
Сабақтың қорытын- дысы Оқушылар еліміздің табиғат нысандары, кеңістік перспективасы не екенін білді. Түстің жаңа белгісі – қанықтығы туралы, түс қанықтығының кеңістік перспективасымен байланысын білді.

Пейзажда кеңістік перспективасын беру үшін қанық және қанық емес түстерді пайдаланып үйренді.

Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі кеңістік перспективасы, қанық және қанық емес түстер, оларды перспекти- валы сурет жасағанда пайдалануды білді.

Оқушылардың көпшілігі кеңістік перспективалы пейзаждарды сипаттап, табиғат нысандарының суретін анықтап білді. № 1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады.

Кейбір оқушылар кеңістік перспективалы пейзаж салғанда қанық және қанық емес түстерді таңдай алды.

Оқушылардың тақы- рыпты меңгергенін қалай тексересіз?

1)    Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы);

2)    жасаған жұмыстары- нан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

3)    жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.

 

Мұғалім өздік жұмыстың басында қауіпсіздік ережесін сақтауды оқушылардың есіне салады.

 

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

 

Сабақта оқушыларды бағалау:

1)    оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;

2)    жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

3)    жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Құндылықтармен байланыс Адамгершіліктік- құндылықтық қасиеттерін қалыптастыратын пейзаж

жанрындағы әлем мәдениеті жауһарлары, еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері.

Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық  (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.

Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді);

ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі);

б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс.

Мен бүгін … білдім.

… қызықты болды.

… қиын болды.

Мен … тапсырманы орындадым. Мен … түсіндім.

Енді мен … аламын. Мен … сездім.

Мен … жинақтадым. Мен … үйрендім.

Мен … жасай алдым. Менің … қолымнан келді. Мен … жасап көремін.

Мен … таңғалдым.

Бұл сабақ маған өмірде … көмектеседі. Мен … жасағым келді.

Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.

Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.

Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-na- urokakh  http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/

 

3–4-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Еліміздің тарихи- мәдени мұралары. «Ежелгі қала» көлемді панносын жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау Мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні
Сынып: 4 Қатысқан оқушылар саны Қатыспағандар
Оқу мақсаттары Еліміздің өткен тарихына оқушылардың қызығушы- лықтарын қалыптастыру, тарихи-сәулет құрылыс- тарымен таныстыру. Көлемді бейне жасату арқылы жаңа тәсілмен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Бағдарламалық міндеті 4.1.3.1

4.2.3.1

4.2.3.4

4.3.3.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер Мұғалім үшін: еліміздің сәулет ескерткіштерімен таныстыру, қағаз массасынан көлемді панно жасап үйрету.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау және «Ежелгі қа- ла» көлемді панносын жасау.

Оқушылардың міндеті Еліміздің сәулет ескерткіштерін сипаттау. Өзінің жасап жатқан жұмысын айта білу: жасалу кезеңдері мен ерекшеліктері, идеясымен таныстыру. Жасаған жұмысын таныстыру.

Тірек сөздер: еліміздің тарихи-мәдени өткен жолы, Ұлы Жібек жолы, сәулет өнері, еліміздің сәулет ес- керткіштері, көлемді панно, ежелгі қалалар.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

1.                Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?

Жауап. Ұлы Жібек жолы – Азиядан Европаға созылған ежелгі сауда жолы. Саудагерлер осы жол арқылы тауарларын Азиядан Европаға тасыған. Бұл жол қазіргі Қазақстанның аумағын да кесіп өткен.

2.                Еліміздегі қандай сәулет ескерткіштерін білесің? Жауап. Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі, Тараз маңындағы Айша бибі мен Бабажа хатун кесенесі, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

3.                «Туған жер» бағдарламасы туралы не білесің? Айтып бер.

Жауап. «Туған жер» – «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының бір тармағы. Бұл бағдарлама Отансүйгіштікке, туған жерге сүйіспеншілікке, еліңнің тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін бағалай білуге шақырады.

4.                Көлемді панно жасау жолын түсіндіріп бер. Оқулықтағы мәтінге қарап жауап береді.

 

5. Жасаған бұйымың арқылы қандай идеяны көрсеткің келді?

Әр оқушы өз бетінше жауап береді.

Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: еліміздің аумағындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы біледі.

Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алады.

Оқушылардың көпшілігі: үлгі бойынша бұйым жасап, жұмыстың жасалу ретін айтып бере алады.
Кейбір оқушылар: өз бетінше шығармашылық жұмыс жасап, жасаған жұмысының идеясын айтып бере алады.
Бұрын алған білімдері Оқушылар «Менің туған өлкем» (2-сынып), «Сәулет өнері» (3-сынып), түстердің қасиеттері, сызықтық перспектива, геометриялық пішіндер туралы білетін- дерін қолданады.
Пәнаралық байланыстар Бұл сабақта дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка пәндерімен байланыс орнайды.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Жоспарланған жұмыс түрлері Дереккөздер
Сабаққа кіріспе Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығарма- шылық жағдай жасау. Сабақтың басында тақтаға елі- міздің сәулет құрылыстары бейнеленген әдемі сурет- терді, сондай сәулет ескерткіштерін іліп қоюға бола- ды. Дауысын ақырын шығарып қазақ ұлттық музыка- сын қосып қояды. Оқушыларды еліміздің сәулет ес- керткіштері туралы біліп қана қоймай, өздері де сәу- лет құрылыстарын тұрғызып, сәулетші болып жұмыс атқаратынына бағыттау керек. 4-сыныпқа арналған CD- диск. Еліміздің суретшілерінің сәулет ескерткіш- терін бейнелеген картиналарының репродукцияла- ры, еліміздің та- рихи ескерткіш- терінің фотосу- реттері.
Алған білімнің өмірмен байланысы.

Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Еліміздің сәулет ескерткіштері туралы білімдері оқу- шыларға Қазақстанды аралап, саяхат жасағанда керек болады. Сонымен қатар өзге елдің өкілдерімен аралас- қанда әрбір адам өз елі, оның тарихи-мәдени өткен жолы туралы білуі тиіс.
Материалды түсіндіру Сабақтың басында сәулет өнері, сәулет кешені дегені- міз не екенін еске түсірген жөн. Мұғалім бұл сабаққа еліміздің сәулет ескерткіштерінің фотосуреттерін, слайд, бейнематериалдарды дайындайды. Оқушылар сәулет ескерткіштері туралы білетіндерін айтады. Бәл- кім оқушылардың кейбірі Түркістанда, Таразда болған шығар, не осы жерлерде тұруы мүмкін. Сәулет ескерт- кіштеріне қатысты аңыздарды айтып беруге болады.

Мысалы, Тараз маңында орналасқан Айша бибі кесе- несіне қатысты аңыз бар. Материалдарды қарап шық- қаннан кейін, бұйым жасау кезеңін түсіндіруге көшеді. Оны оқулық бойынша жүргізеді.

Оқулық. 4-сыныпқа арналған CD-диск. Еліміздің сурет- шілерінің сәулет ескерткіштерін бейнелеген картиналарының репродукциялары, еліміздіңтарихи ескерткіштерінің фотосуреттері.

 

Өздік жұмысты орындау Оқушылар сабаққа қағаз массасын дайындап әкелуі тиіс. Оқулықта оны қалай жасау керегі нақты жазыл- ған. Жұмысты бастамас бұрын нобайын жасап алған дұрыс, сонда бұйым жасау жеңілірек болады. Өз бе- тінше жұмысқа кіріскенде, мұғалім жеке-дара көмек көрсетіп, кеңес береді. Бұйымды оқулықтағы үлгіге қарап жасайды. №1 жұмыс дәптері, қағаз, ПВА желімі, су, су құятын ыдыс, акварель

бояуына қажетті бір құты су, акварель бояуы, қылқалам, пали- тра, қол сүртетін орамал, қалың қағаз.

Сабақтың қорытындысы Жұмысты аяқтағаннан кейін жасаған бұйымдарын таныстырып, талқылайды. Таныстырылым жұмысын ежелгі қалаға саяхат түрінде жүргізуге болады. Таныс- тырылым жұмысына ең үздік жұмыстар іріктеліп алы- нады (пейзаж, сондай-ақ көлемді паннолар). Оқушы- лар еліміздің табиғаты мен сәулет өнері, олардың ерекшеліктері туралы не айтатындарын ойланады.

Оқулықтағы сұрақтарға жауап бере отырып, меңгер- ген материалды кеңірек түсінеді. Сынып оқушыларын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ жасаған жұмыс- тары бойынша сұрақ қоятын сарапшылар, екінші топ сұрақтарға жауап беретін авторлар болады. Әрбір мұ- ғалім таныстырылым жұмысын қалай жүргізетінін өзі ұсына алады.

Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі еліміздің аума- ғындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы білді. Мұғалімнің және оқу- лықтағы сұрақтарға жауап беріп, жұ- мыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алды.

Оқушылардың көпшілігі үлгіге қарап бұйым жасап, жұмыс барысын сипаттай алды.

Кейбір оқушылар өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасап, жасаған жұмысының идеясын түсіндіре алды.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?

1)    Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы );

2)    жасаған жұмыс- тарынан ( жақсы жа- салған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

3)    жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұ- ғалім СD-дискідегі мате- риалдарды, сондай-ақ ин- тербелсенді тақтаны да қол- дана алады.

 

Мұғалім өздік жұмыстың басында қауіпсіздік ере- жесін сақтауды оқушылар- дың есіне салады.

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақ- тарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысан- дарын жақсы суреттейсің (суретші- лер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

1)    оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;

2)    жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

Құндылықтармен байланыс

Адамгершіліктік-құндылық- тық қасиеттерін қалыптас- тыратын пейзаж жанрын- дағы әлем мәдениеті жау- һарлары, еліміздің табиғат көрінісі мен сәулет ескерт- кіштерінің фотосуреттері.

 

3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.

Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орын- дап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смай- ликтерін көрcетеді);

ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысы- ның нәтижесін көре білуге көмектеседі);

б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс.

Мен бүгін … білдім.

… қызықты болды.

… қиын болды.

Мен … тапсырманы орындадым. Мен … түсіндім.

Енді мен … аламын. Мен … сездім.

Мен … жинақтадым. Мен … үйрендім.

Мен … жасай алдым. Менің … қолымнан келді. Мен … жасап көремін.

Мен … таңғалдым.

Бұл сабақ маған өмірде … көмектеседі. Мен … жасағым келді.

Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.

Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.

Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар: http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-na- urokakh

http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/

 

2-бөлім. ҚҰНДЫЛЫҚТАР

5–6-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстық жанр. Суретшілер туындыларындағы құндылықтар. Бірігіп постер жасаймыз Мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні
Сынып: 4 Қатысқан оқушылар саны Қатыспағандар
Оқу мақсаттары Бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанры арқылы адам- гершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыру. Түсті қабылдау қасиетін дамыту. Бірігіп постер жасау.
Бағдарламалық міндеті 4.1.3.1

4.2.3.2

4.3.2.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер Мұғалім үшін: адами құндылықтарды баса көрсете отырып, бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанрымен таныстыру. Алуан түрлі сезімді білдіретін (нәзіктік, мейірімділік, сүйіспеншілік, жабырқаулық және т.б.) қанық және қанық емес түстермен таныстыру. Оқу- шылардың постер жасау үшін міндеттерін анықтау. Оқушылардың шығармашылық міндеті: қанық және қанық емес түстерді пайдаланып, жұмыс дәпте- ріндегі тапсырманы орындау, адами құндылықтар кө- рінетін суретшілердің салған репродукцияларын, фо- тосуреттер мен өздері салған суреттерді пайдаланып, постер жасау.
Оқушылардың міндеті Адамдар арасындағы адами құндылықтар айқын көрі- нетін тұрмыстық жанр туындыларын суреттеп, талдау жасау. Түс қанықтығына және олардың туындының идеясымен байланысына көңіл бөле отырып, олардың түс үйлесімін сипаттау.

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Постерді бірігіп жасауды жоспарлау.

Тірек сөздер: адами құндылықтар, адалдық, жігерлі- лік, әділдік, достаса білу, еңбексүйгіштік, жақыныңа деген сүйіспеншілік, әлсіздерге қамқор болу, картина- ның  жанры, тұрмыстық жанр.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

1.            Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің? Оларды ата.

Жауап.  Портрет, пейзаж, натюрморт,    анималистік жанр.

2.            Тұрмыстық жанрда не бейнеленеді? Жауап. Тұрмыстық жанрда адамдардың өмірі, күнделікті тіршілігі бейнеленеді.

3.            Тұрмыстық жанр арқылы нені білуге болады? Жауап. Тұрмыстық жанр арқылы адами құндылықтар жайлы (суретшілердің салған суреттері көп), адамдар бұрын қалай өмір сүргенін, бұрынғы адамдар

 

қолданған заттарды көруге болады.

4. Тұрмыстық жанрда бейнеленген туындылар мен олардың авторларын ата.

Жауап. Оқушылар оқулықтағы туындыларды және мұғалім көрсеткен картиналарды атайды.

Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:тұрмыстық жанр деген не екенін, ол не нәрсеге арналғанын, суретшілер тұрмыстық жанрдағы туындыларында адами құндылықтарды қалай көрсететінін біледі.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, №1 жұмыс дәп- терінің 12-бетіндегі тапсырманы орындайды, бірігіп жасаған ортақ жобаны қорғауға қатысып, өзіне қатыс- ты жұмысты орындай алады.

Оқушылардың көпшілігі: №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, ұсынылған идеяны талқылап, дамыта алады.
Кейбір оқушылар №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, топ мүшелері арасында жасай- тын жұмысты жоспарлап, өзара бөліседі.
Бұрын алған білімдері Түстің негізгі сипаты мен әсерлі мүмкіндіктері (1,2,3- сыныптар).

Суреттің өлшем және пішіммен байланысы (1, 2-сы- ныптар).

Түстің әсерлі мүмкіндіктері (2, 3-сыныптар). Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктері (2-сынып).

Пәнаралық байланыстар Бұл сабақта музыка, әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар постерге өлең шумақтарын қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Жоспарланған жұмыс түрлері Дереккөздер
Сабаққа кіріспе Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығарма- шылық жағдай жасау. Сабақтың басында ақырын му- зыка ойнап тұрады, тақтаға адами құндылықтарды білдіретін тұрмыстық жанрдағы туындыларды, қанат- ты сөздерді іледі. Музыкалық үзін- ділер. 4-сыныпқа арналған CD- диск.

Тұрмыстық жанр- дағы туындылар, адами құндылық- тарды көрсететін фотосуреттер.

Алған білімнің өмірмен байланысы.

Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл сабақта меңгерген білімдері адамгершіліктік-құн- дылықтық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигі- зеді. Оқушылардың тұрмыстық жанрмен танысу ар- қылы шығармашылық қабілеттері артып, ой-өрістері кеңейеді. Постер жасауға дағдыланған оқушылар ме- рекелік және ақпараттық плакаттарды безендіре алады.
Материалды түсіндіру Мұғалім материалды оқулық бойынша түсіндіреді. Сабаққа тұрмыстық жанрда бейнеленген туындылар- дың репродукцияларын әзірлеп қою керек. Жұмыс- тарды таңдағанда адамдар арасындағы адами құнды- лықтар көрінетін (сүйіспеншілік, достық, нәзіктік, қамқорлық, еңбексүйгіштік және т.б.) туындыларға Музыкалық үзін- ділер. 4-сыныпқа арналған CD- диск.

Оқулық. №1 жұмыс дәптері.

 

баса назар аудару керек. Жұмыстарды талдап, талқы- лау барысында туындының түс үйлесіміне көңіл бөле- ді. Оқушылардан қанық және қанық емес түстер тура- лы білетінін сұрайды (оны оқушылар кеңістік перс- пективасын өткенде меңгерді), алайда бұл ретте түс қанықтығын белгілі бір сезімді берумен байланысты- ру қажет. Оқушылардың назарын суретшілер адами құндылықтарды білдіретін туындылар салғанда қол- данатын әсерлегіш құралдарға да аудару керек. Тұрмыстық жанр- дағы туындылар, адами құндылық- тарды көрсететін фотосуреттер.
Өздік жұмысты орындау Жаңа материалды талқылып болған соң, оқушылар

№ 1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз таңдаулары бойынша орындайды.

Одан әрі мұғалім постер жасау жолын түсіндіреді. Оқушылар топтарға бөлініп, постер жасау жоспарын талқылайды. Топтық жұмыс орындау барысында мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді.

Түсті қатырма қағаз парағы, су- ретшілер жұ- мыстарының ре- продукциясы не- месе тақырыпқа сәйкес фотосу- ретшілердің су- реттері, тақырып- қа сәйкес қанатты сөздер мен өлең жолдары, постер- ді безендіру үшін түсті қағаз, қай- шы, қылқалам, түсті фломастер- лер, желім, қол сүртетін орамал.
Сабақтың қорытындысы Оқушылар тұрмыстық жанрдың не екенін білді, қанық және қанық емес түстермен танысып, белгілі бір сезімді түстермен бере білді.

Тұрмыстық жанр туындысын анықтап, оларды талдап үйренді. Белгілі бір сезімді көрсете отырып, қанық және қанық емес түстермен жұмыс істеп үйренді.

Постер жасады.

Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тұрмыстық жанр деген не екенін, ол не нәрсеге арна-латынын, суретшілер тұрмыстық жанр арқылы адами құндылықтарды қалай көрсететінін білді.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап бе- ріп, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, бірігіп жасаған жобаны талқылауға қаты- сып, постер жасау барысында өзіне қатысты міндетті орындай алды.

Оқушылардың көпшілігі №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, ұсынылған идеяны тал- қылап, дамыта білді.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?

1)    Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы );

2)    жасаған жұмыста- рынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз);

3)    жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

 

Сабақтың барысында мұға- лім СD-дискідегі материал- дарды, сондай-ақ интербел- сенді тақтаны да қолдана алады.

 

Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ере- жесін салады.

 

Кейбір оқушылар №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап, жұмысты топ арасында жоспарлай алды.
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтар- ға толық жауап бересің! Сен өте бай- қампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

1)    оқушылардың мұға- лімнің және оқулық- тағы сұрақтарға жауа- бы;

2)    жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

3)    жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Құндылықтармен байланыс

 

Сабақта мейірімділік, қамқорлық, сыйластық, жақындары мен достарына сүйіспеншілік сынды қасиеттер айтылады.

Оқушылар оларды назарға алып, жақындарына ашықхат әзірлейді. Сонда сабақта адамгершіліктік- құндылықтық бағдарлар қалыптасады.

Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.

Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орын- дап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смай- ликтерін көрсетеді);

ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысы- ның нәтижесін көре білуге көмектеседі);

б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс.

Мен бүгін … білдім.

… қызықты болды.

… қиын болды.

Мен … тапсырманы орындадым. Мен … түсіндім.

Енді мен … аламын. Мен … сездім.

Мен … жинақтадым. Мен … үйрендім.

Мен … жасай алдым. Менің … қолымнан келді. Мен … жасап көремін.

Мен … таңғалдым.

Бұл сабақ маған өмірде … көмектеседі. Мен … жасағым келді.

Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.

Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.

Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар:

 

 

http://bpk.ucoz.ru/publ/9-1-0-15 http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2013/02/06/kopilka-primerov-refleksii-na- urokakh

http://life-reactor.com/7-primerov-refleksii-v-kontse-uroka/

 

 

 

 

 

 

 

34-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Жылды қорытындылаймыз Мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні
Сынып: 4 Қатысқан оқушылар саны Қатыспағандар
Оқу мақсаттары Жылды қорытындылау. Білімдерін жинақтап, оларды әртүрлі жағдайларда қолдана білуді қалыптастыру.
Бағдарламалық міндеттері 4.1.3.2

4.2.3.3

4.2.4.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер Мұғалім үшін: жылды қызықты түрде қорытындылау, 4 жыл бойы меңгерген білім, біліктерін еске түсіру.

Оқушылардың шығармашылық міндеті:

қорытынды викторинаға қатысу.

Оқушылардың міндеті Түстану, сурет, композиция, әшекейлеу, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша теориялық білімдерін еске түсіріп, оларды атау. Қандай шығармашылық жұмыс жасағандарын атап, қандай білік, дағдыларға қол жеткізгендерін айтады.

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Тірек сөздер: жылдың қорытындысы, 4 жылдық оқу бағдарламасын қорытындылау, викторина, білгірлер, сәттілік, білім, білік, шеберлік.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

1.        Қандай түстерді қанша тырыссақ та шығара алмаймыз?

Жауап. Негізгі (басты) қызыл, көк, сары).

2.        Негізгі түстер жұбын араластырғанда қандай түстер шығады?

Жауап. Қызыл + сары = қызғылт сары Қызыл + көк = күлгін

Сары + көк= жасыл

3.        Бұл түстердің ортақ атауы қандай?

Жауап. Бұл түстер (қызғылт сары, күлгін, жасыл) құрама түстер деп аталады.

4.        Қай түстер Қар ханшайымын ерітіп жібереді? Жауап. Қар ханшайымын қызыл, сары, қызғылт сары түстері ерітіп жібереді. Бұл түстер жылы түстер деп аталады.

5.        Ғажайып құс қандай түстерден қорқады? Жауап. Ғажайып құс көк, көгілдір түстерден қорқады. Оларды суық түстер дейді.

6.        Мысалы, жасыл түс біреу, оның көптеген інілері бар. Оларды не деп атайды?

Жауап. Оларды (бір түстің әртүрлілігі) реңк деп атайды.

 

7.        Қай түстер бір-бірін айқындай түседі? Жауап. Қызыл мен жасыл, сары мен күлгін, қызғылт сары мен көк. Бұл түстер бір-бірін айқындай түседі. Оларды қарама-қарсы түстер дейді.

8.        Ал егер бірнеше түс бір топқа жиналса, олар қалай аталады?

Жауап. Бірнеше түстің жиынтығы түстер үйлесімі деп аталады.

9.        Түс не туралы сыр шертеді?

Жауап. Түс адамның көңіл күйі, мінез-құлқы, сезімін көрсете алады, жыл мезгілдері, тәулік мезгілі, ауа райы, музыка ырғағын білдіре алады.

10.     Сызық нені білдіреді?

Жауап. Сызық адамның көңіл күйін, мінез-құлқын, сезімін, ауа райын, музыканың ырғағын білдіре алады. Сызықтан кез келген пішін пайда болады.

11.     Штрихпен нені бейнелеуге болады?

Жауап. Штрих арқылы кез келген заттың сыртқы түрін, оның фактурасын бейнелеуге болады. Сызық пен штрихтің көмегімен графикада көлемді бейнелерді саламыз.

12.     Қағаз парағын немен салыстыруға болады? Жауап. Егер біз пішім мен өлшем туралы айтатын болсақ, онда қағаз парағын сурет тұратын үймен салыстыруға болады. Сурет үйде өзін жайлы не жайсыз сезінуі мүмкін. Сурет тұратын үй үлкен де, кіші де, аласа да емес, орташа болу керек. Сонымен қатар қағаз парағын тепе-теңдік тұрғысынан қарағанда таразымен салыстыруға болады.

13.     Пішім дегеніміз не?

Жауап. Пішім – қағаз пішіні. Ол тік, шаршы, көлденең, тіпті дөңгелек те болады.

14.     Көпқатарлы композиция дегеніміз не? Жауап. Суреттегі бейнелердің бірнеше қатардан тұруы  көпқатарлы композиция деп аталады.

15.     Композициядағы басты бөлікті қалайша ерекшелеуге болады?

Жауап. Композициядағы басты бөлікті түсі, өлшемі, пішіні және бірнеше тәсілді біріктіре отырып ерекшелеуге болады.

Сонымен қатар бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері, сәндік-қолданбалы өнер, сондай-ақ осы жылы өткен қазақ халқының қолөнері, олардың авторлары туралы сұрақ қоюға болады. Оқушылар өздері танысқан тәсілдер туралы сұрақ қоюы мүмкін (коллаж, монотипия, аппликация, әртүрлі материалдардан мүсіндеу, папье-маше, граттаж, қағаздан жасалған бұйымдар). Әрбір мұғалім оқушыларға викторина сұрақтарын қалай беру керегін өздері шешеді.

Күтілетін нәтиже Оқушылардың барлығы қорытынды викторинаға қатысады.

 

Бұрын алған білімдері Бұл сабақта 4 жыл бойы «Көркем еңбек» пәні бойынша меңгерген білімдерін пайдаланады.
Пәнаралық байланыстар Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет түрлері Дереккөздер
Сабаққа кіріспе Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сынып іші оқушылардың 4 жыл бойы жасаған жұмыстарымен безендіріледі. Тақтаға бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері бойынша орындалған жұмыстарды іліп, олар бойынша викторина сұрақтары беріледі.

Мерекелік музыка таңдап алған дұрыс.

4-сыныпқа арналған СD-диск. Викторина сұрақтары қойылатын

бейнелеу өнері жанрлары мен түрлері бойынша салынған картиналар.

Оқушылардың 4 жыл бойы жасаған жұмыстары.

Алған білімнің өмірмен байланысы.

Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл сабақ 4 жыл бойы меңгергендерін қорытындылауға арналады. Оқушылар көптеген жаңа нәрселер біліп, осы пән бойынша білім қорлары молайғанын, алған білімдерін мұражай, галереяларға барғанда пайдалана алатындарын түсінулері тиіс.

Меңгерген дағды, біліктері өмірде пайдалануға септігін тигізіп, балалар өз өмірлері мен айналасындағы адамдардың өмірін әдемі ете алады.

Материалды түсіндіру Викторинада композиция, түстану, сурет, бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері, суретшілердің жеке туындылары бойынша сұрақтар қойылады.

Викторинаның әр алуан түрін таңдап алуға болады. Сабақты «Ең ақылды» ойыны бойынша жүргізеді. Бірақ оқушылардың бәрін ойынға қатыстыру үшін ойынды «Ең ақылдылар» деп атауға болады. Ол үшін сынып оқушыларын 4 топқа бөледі. Әрбір топ өздеріне атау немесе ұран ойлап табады. Іріктеу турында әрбір топқа 4 жыл бойы өткен материалдар бойынша 6 сұрақ қойылады. Осы сұрақтардың нәтижесі бойынша ең жақсы жауап берген 3 топ таңдап алынады. Олар екінші турға өтеді. Екінші турда оқушылар жауап беретін сұрақтардың тақырыбы таңдалады. Мысалы, «Бәрі түс туралы» немесе «Ертеде суретші болыпты» (бұл жерде оқушылар туындыға қарап суретшіні анықтауы керек). Әрбір топқа бес сұрақтан қойылып, дұрыс жауапқа бес ұпайдан беріледі. Одан кейін оқушылардың әрқайсысы өз қарсыласына бір сұрақтан қояды.

Жауаптары екі ұпаймен бағаланады, егер қатысушылардың бірі сұраққа жауап бере алмай қалса, ол сұраққа жауап бере алатын басқа оқушы екі

Оқулық.

4-сыныпқа арналған СD-диск.

Жұмыс дәптері. Суретшілердің туындылары.

 

ұпайды алады. Осылайша соңғы турға екі оқушы шығады.

Соңғы турда әрбір топқа 2 минуттың ішінде сұрақтар қойылады. Сұрақтарға топтағы кез келген қатысушы жауап бере алады. Тек дұрыс жауаптар ғана есептеледі. Бұл кезде қалған оқушылар сұрақтарды естімейді, олар не сыныптан шығып кетеді, не құлақтарына құлаққап киеді. Екі минуттың ішінде көп сұраққа дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаз топ «Ең ақылдылар» атағымен марапатталады. Марапаттау сыйлығы ретінде әзіл- қалжың түріндегі медаль не диплом немесе қандай да бір кәдесыйды қолдан жасап беруге болады. Бәрі де өздеріңнің қалауларың мен қиял ұшқырлықтарыңа байланысты. Мұнымен сабақты қорытындылау бітпейді. Ең үздік білгір, ең үздік суретші, ең үздік график, ең үздік бұйым жасау шеберін, ең үздік ұжымдық жұмыс, қазақ қолөнерінің ең үздік білгірін анықтап, марапаттауға болады (оны алдын ала әзірлеп қою керек, бәлкім балалардың жасаған жұмыстарын бір апта бұрын іліп қойып, дауыс жинау керек болар). Шығармашылық шешімдерінің ерекшелігіне, жұмыс істеу қабілетіне, асқан шеберліктеріне әр алуан сыйлықтар әзірлейді. Ата-аналарын қазылар алқасының жұмысына және кішкене сыйлықтарды дайындауға қатыстыруға болады. Егер  мақтау қағазын, әзіл-қалжыңды дипломдарды әзірлесе тіпті жақсы.

Мұғалім сабақ аяқталуға жақын қалғанға балаларға мына тақпақты арнайды:

 

Ақ қағаздың жүзіне Алуан бояу түсіріп. Қадап көзін сүзіле Ойын құстай ұшырып.

 

 

Суретші дамылсыз, Сүйкектеген қаламын. Айналаның бәрі үнсіз, Ашық нұры ауаның.

 

Бурыл тартқан самайы, Басқа емес өз сынынан. Тағы қайта қарайды, Тауды қойып қырынан.

 

Тұрақтамай әлі де, Тұр қиялы дағдарып. Байыптайды бәрін де, Ойымен он аударып.

 

Қолын созып ұсынды, Әлденеге ойы ауған. Алмақшы ма бір сырды, Аспандағы бояудан.

 

С. Мәуленов

Өздік жұмысты орындау Оқушылар викторинаға қатысады.
Сабақтың қорытындысы Оқушылар жылды қызықты түрде қорытындылап, төрт жыл бойы меңгерген білім-біліктерін жинақтады.
Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың барлығы викторинаға қатысты. Оқушылардың тақы- рыпты меңгергенін қалай тексересіз?

Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы).

АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

1)    оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;

2)    жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

3)    жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Құндылықтармен байла- ныс

 

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, түс, сызық, штрих, композиция,

бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері туралы білімдерін пайдаланып, бейнелеу өнерінің жауһарлары туралы әңгімелейді.

Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық  (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.

Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді);

ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі);

б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемдерді аяқтауы тиіс.

Мен бүгін … білдім.

… қызықты болды.

… қиын болды.

Мен … тапсырманы орындадым. Мен … түсіндім.

Енді мен … аламын. Мен … сездім.

Мен … жинақтадым. Мен … үйрендім.

 

 

Мен … жасай алдым. Менің … қолымнан келді. Мен … жасап көремін.

Мен … таңғалдым.

Бұл сабақ маған өмірде … көмектеседі. Мен … жасағым келді.

Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша  және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.

Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.

Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар:

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *