ҚМЖ Қазақ тілі 4 сынып орыс мектеп КСП Алматыкітап Казахский язык 4 класс для русской школы Алматыкитап

Даулеткереева Н.Ж., Бекетова А.Б., Кенжина А.Х, Қожағалиева А.М.

Қысқа мерзімді жоспар

І. Менің Отаным – Қазақстан

 

Сабақтың тақырыбы Қазақстанның қалалары. (1-тоқсан, 1-ортақ тақырып)

1-сабақ

Дағды Айтылым және оқылым
Оқыту мақсаттары 4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты

тауып/шолып/белгі қойып оқу

Лексикалық минимум Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, аймақ
Алдыңғы білім (алғашқы сабақ)
Пәнаралық байланыс Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қарым- қатынас Оқыту ресурстары
Кіріспе Мұғалім оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Жазғы демалыс кезінде Қазақстанның қандай аймақтарында немесе қалаларында болғандығы туралы қызықты әңгіме өрбітеді. Әңгімелеу барысында барған жерінің 2-3 суретін көрсетеді, қалалардың атын карточкаларға жазып, тақтадағы картаға орнатады. Сонымен бірге мұғалім өзі әңгімелеу барысында оқушылардың оңай түсінуі үшін және алдағы тапсырманы орындауда басшылыққа алуы үшін үлгі болатындай сөйлемдер

құрылымын (шаблонын) қолданады.

2 мин Мұғалім-сынып Қазақстанның қалалары көрсетілген карта.

Оқулық. Сөйлемнің шаблондары

Оқушылар келесі кезекте «Сөйлесейік» айдарымен берілген оқулықтың 1-тапсырмасын орындауға жұмылдырылады. Ол үшін алдымен мұғалім қасына бір оқушыны алып сөйлесім үлгісін көрсетеді. Оқушылар жұппен немесе үшеуден бірігіп, топпен сұрақтарды талқылайды. Мұндай жұмыс барлық сынып алдында жауап беруге өз тобы арасында дайындалуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, шаблондарды қолдана білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Мұғалім өзінің байқап, бағамдауы бойынша үлгі бола алатын қабілеті жоғары балаларды

ортаға шақырып, тапсырмаға сай өзі туралы айтып беруін сұрайды.

7 мин Топтық жұмыс
Негізгі бөлім Оқулықта ұсынылған «Көрсетейік және айтайық» (2- тапсырма) айдарымен берілген тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың қандай қалаларды білетінін сұрайды. Дер кезінде қала атауларының дұрыс айтылуына ден

қояды.

6 мин Мұғалім мен сынып Оқулықтағы сөйлесім үлгісі
Ары қарай оқулықта берілген картаға оқушылардың қараулары сұралып, ол қалалардың қай аймақта орналасқаны туралы талқылайды. Осы тұста жаңа сөздер үйретіледі. Оқушылар

дүниетану сабағында алған білімдерін қолданады.

3 мин Мұғалім- сынып Бағыт көрсетілген плакат не

сурет

«Ойнайық» тапсырмасы Қазақстанның қалаларының атауын жаттату мақсатында немесе олардың қай аймақта орналасқанын есте сақтаулары үшін ұйымдастырылады. Тапсырманың оқулықтағы нұсқасы бойынша оқушы картаға қарап алып, есінде қалған қалалардың қай аймақта орналасқанын айтып беруі тиіс. Кемінде 5 қаланың қай аймақта орналасқанын білу міндеті алға қойылады. Бұл тұста тапсырманы басқаша түрлендіріп ұсынуға да болады. Оқушылардан қалалар атауы жазылмай берілген картаны

белгілеу немесе оны нұсқап айту сұралады.

5 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып Оқулық. Карта қалалары көрсетілмеген картаның сұлбасы
«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға қажетті сөздерді қояды. Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді. 4.3.1.1 мәтінді іштей  түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойып оқу

мақсаты жүзеге асады.

7 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс

Сынып

Оқулық
Оқулықтың келесі тапсырмасы орындалады. Оқушылар  әр кейіпкер туралы мәліметті естеріне сақтағаны бойынша рөлдік ойынға қатысып, диалогке түседі. Сөйлесім барысында осы сабақта үйренген жаңа сөздерін қолданады. 4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын

келтіріп сөйлеу оқу мақсаты жүзеге асады.

5 мин Топттық жұмыс (4 оқушы) Оқулық
Сабақты пысықтау мақсатында жаттығу жұмысы ауызша

орындалады. Бұл тапсырма тілдік қабілеті төмен оқушылар үшін ұсынылады.

2 мин Жеке ж. Жұптық

жұмыс

Оқулық
Қор. бөлім Оқушыларға үйдің суреті бар карточка үлестіріледі. Мұғалім өзен суретін алып: «Өзен қай жақта орналасқан?» – деген сауал тастайды. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақыт ішінде

оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланыс алады.

3 мин Сынып- мұғалім Үйдің суреті
Бағалау
Бағалау критерийлері Дескрипторы
1.      Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты

тауып/шолып/белгі қойып оқу.

2.      Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау,

дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

·        Мәтін мазмұнын оқып түсінеді.

·        Мәтінді қажет сөздермен толықтырады.

·        Оқыған мәтіні бойынша рөлдік ойынға қатысады.

·        Жаңа сөздерді қолданып сөйлейді.

Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

 

 

 

Сабақтың тақырыбы Бурабайдағы демалыс. (1-тоқсан, 1-тарау)

2-сабақ

Дағды Тілдік бағдар және тыңдалым
Оқыту мақсаттары 4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің

мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

Лексикалық минимум Аудан, орталық, алыс
Алдыңғы білім Қазақстан қалалары
Пәнаралық байланыс Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қарым- қатынас Оқыту ресурстары
Кіріспе «Ойнайық!» тапсырмасы алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру және білім мен түсінікті жетілдіру ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырма жұпта орындалады. Тапсырманы орындату барысында «Кім білгір?» әдісін қолдануға болады. Қағаз қиындысына 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылып, оқушылар санға сәйкес сұраққа жауап береді.

1.  Сен қайда тұрасың?

2.  Сенің көшеңде ескерткіш бар ма?

3.  Кемені қай қалада жасайды?

4.  Сенің ата-әжең қай қалада тұрады?

5.  Қай аймақта түйені көп өсіреді?

6.  «Медеу» мұзайдыны қай аймақта орналасқан?

7.  Атырау қаласы қайда орналасқан?

8.  Жеміс-жидек қай аймақта жақсы өседі?

9.  Фарида қайда тұрады?

Сұрақты бір оқушы жұбына қояды, екінші оқушы сұрақты мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді. Сұраққа барынша жылдам әрі қатесіз жауап берілуі керек. 4.5.1.2 көптік/тәуелдік

/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

оқу мақсаты жүзеге асады.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын бақылап отырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. «Жарайсың!»,

«Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Талпын», «Жауабыңды

толықтыр!» т.б. (Мұғалімнің қалауы бойынша)

2 мин Мұғалім-сынып Бурабай тауының суреті

 

Оқулық

 

Сөйлемнің шаблонда- ры қима қағаздар

«Есте сақтайық!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға -да/-де, — та/-те жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып,

«Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен жалғауларды сәйкестендіреді.

 

Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді

.

 

-да

 

-де

Қайда? Нұр-Сұлтан Атырау

Шымкент Оңтүстік Шығыс Орал Өскемен

Өлке

 

-та

 

-те

 

3 мин Топтық жұмыс  

Жалғаулар жазылған үлестірмелі кестелер

Негізгі бөлім Мұғалім оқушыларға Бурабайдың суретін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қойылады: Бұл қай жер? Бұл жер туралы не білесіңдер? Сендер Бурабайда болдыңдар ма? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, Бурабай туралы қысқаша мәлімет береді.

Қосымша мәлімет:

Бурабай – Көкшетаудағы ең әсем жер. Бурабай көлі емдік қасиетімен танымал. Суы – таза, жұмсақ, тұщы. Бурабайда демалыс орындары көп. Бурабай аудан орталығынан алыс. Адамдар

Бурабайға демалу үшін барады.

2 мин Жеке Бурабай көлінің, таулардың, орманның, демалыс орындары- ның суреттері
Оқулықта ұсынылған «Жаттығайық» айдары бойынша диалогтегі сөздерге «Қайда?» сұрағын қойып, тиісті жалғауды жалғайды. Мұғалім оқушылардың «Қайда?» сұрағына дұрыс жауап беруі мен тиісті жалғаулардың дұрыс жалғануын бақылайды, оқушылардың қателерін өздеріне түзеттіреді. 4.5.1.2

көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді

ауызша/жазбаша тілде қолдану оқу мақсаты игертіледі.

3 мин Мұғалім-сынып  

Оқулық

 

«Сөйлесейік!» айдары бойынша оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып, рөлдік ойынға қатысады және Еркін ағаймен танысады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерінің алдыңғы алған білімдерін қолданады. Оқушылар Еркін ағайдың арбасына отырып, өздерін таныстырады:

Мысалы:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Сәлеметсіз бе, аға! Сізге қонаққа келдік.

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Тапсырма ауызша орындалады және оқушылардың –д/-де/-та/-те септік жалғауларын қолданып сөйлеу білігін қалыптастырады.

8 мин Мұғалім-сынып  

Сурет, оқулық

«Тыңдайық және оқиық» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тыңдайды. Мәтінде оқушылар өздерін қалай таныстырды? Тапсырма оқушылардың сабақ барысында алған ақпаратын өздері білетін мәліметтермен салыстыра отырып, қорытындыға келуге бағытталған. Мұғалім әр тапсырманы орындауда саралауды ескеруі қажет. Ол үшін өзін ерекше таныстырған оқушыларды ескеріп, қосымша сұрақтар немесе бағыттау сұрақтарын беруіне болады. Оқушылардың жауаптары сынып немесе мұғалімнің мадақтауы

арқылы бағаланады.

5 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып
«Тыңдайық және жауап берейік» айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа жауап береді, кестені толтырады. 4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну оқу

мақсаты игертіледі.

7 мин Жеке ж.

 

Сынып

Оқулық
Сыныптың білім деңгейіне қарай оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. Оқушыларға тірек сөздер беріледі, оқушылар тірек

сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.

Тірек сөздер: Қош келдіңдер!, сұлу жер, қонақтар, атарба,

қыдырту.

5 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс Тірек сөздер жазылған үлестірмелі қағаздар
Қорытынды бөлім Оқушылар тақтадағы кері байланыс парағына стикерлер жапсырады. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде

қалыптасқаны бағаланады.

5 мин Сынып-мұғалім  

Кері

байланыс парағы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін

бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау
Бағалау критерийлері

1.      Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

2.      Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну.

Дескрипторы

·        -да/-де/-та/-те қосымшасының мағынасын түсінеді, орынды қолданады.

·         Таныс сөздер мен сөз тіркестеріне сүйене отырып тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

·        Тыңдаған мәтіндегі жасырын ақпаратты таба

біледі.

Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

 

 

 

Сабақтың тақырыбы «Туған ел» көрмесі. (1-тоқсан,1-тарау)

3-сабақ

Дағды Тыңдалым және айтылым
Оқыту мақсаттары 4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/

кластер құрастыру

Лексикалық минимум Халық, ұлт, шаңырақ, ту, бейнелеу, орын
Алдыңғы білім Бурабайда
Пәнаралық байланыс Дүниетану, Көркем еңбек
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

а Қар.қат Оқыту ресурстары
Кіріспе «Микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Алдымен микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды. Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.

«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

«Жаттығайық» айдары оқушыларды меңгерген жаңа сөздерін

бекітуге бағытталған және де Қазақстан туралы мәліметтерді толықтыруға арналған.

3 мин Мұғалім-сынып  

Микрофон

 

Жаңа сөздерге қатысты суреттер

«Анықтайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында меңгерген жаңа сөздерді қолданып сөйлеуіне жағдай туғызу керек. Тапсырма сыныппен және топпен орындауға арналған. Бұл тапсырманы әр сурет бойынша жеке топтарға бөліп беруге болады. Оқушылар оқулықта берілген сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Ортақ шаңырақ», «Біздің көше», «Қазақтың даласы», «Әсем табиғат» тақырыптары аясында сөйлейді.

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Талпын»,

«Жауабыңды толықтыр!» т.б. (Мұғалімнің қалауы бойынша).

5 мин Топтық жұмыс
Негізгі бөлім «Жазайық!» айдары. Оқулықта келесі ұсынылатын тапсырма алдыңғы тапсырмамен тығыз байланысты болып келеді. Балалардың салған суреті туралы балалар сөйлем құрастырып жазады. Осы тұста оқушылар сабақ басында танысқан жаңа сөздерін қайта қолданады. Бұған дейін ауызша айтып берген мәліметтерін жазбаша түрде жеткізіп, жазу дағдыларын дамытады. Кестеге сүйеніп, балалар туралы мәліметті

дәптерлеріне жазады.

5 мин Жеке
«Сөйлесейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың сөйлесім дағдысын дамытуға, ойлау дағдысын жетілдіруге, оқушының өз ойын жасқанбай айтуына, қорытынды жасай білуге бағытталған. «Неліктен?» деген сұраққа жауап беру арқылы оқушының сыни ойлауы қалыптасады. Оқушылар қазылар алқасының орнында болса өздері қандай мазмұндағы

суретті үздік деп танитындықтарын әңгімелейді.

7 мин Мұғалім-сынып  

Оқулық

«Тыңдайық» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың тыңдау арқылы есте сақтау дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар диалогті тыңдайды, қандай таныс  сөздердің есінде қалғандығын атап айтады.

Саралау тапсырмасы. Оқушылар диалогті оқып болған соң, өз сөзімен не туралы екенін баяндап береді. Мұғалімнің шеберлігіне қарай қабілеті жоғары оқушылар «Репортер» әдісін қолданып, жүргізуші мен оқушылардың сұхбатын рөлдік ойын ретінде көрсетуге болады. Оқушыларға тірек сөздер немесе диалогке қажетті сөз тіркестері алдын ала берілуі қажет. 4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің

қолдауымен анықтау оқу мақсаты игертіледі.

5 мин Мұғалім-сынып Сурет,
репортер әдісіне
арналған
микрофон,
тілшілердің
папкасы, қалам
«Тыңдайық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда 10 мин Жеке ж. Жұптық

жұмыс Сынып

оқушылар мәтінді қайталап бір рет тыңдайды. Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап береді. Бұл тапсырма ауызша орындалады.
Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін
бекітуге арналған. 4.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және
түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/ кластер
құрастыру оқу мақсаты қосымша жүзеге асады.
Қорытынды бөлім Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушылармен «Ең жылдам» әдісін қолдана отырып, ойын ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс арқылы оқушылар логикалық ойлауда ширақтыққа, жылдамдыққа тез бейімделеді және оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Оқушыларға бүгінгі сабаққа қатысты сөздер керісінше жазылып беріледі. Сөздер тақтада маркермен А4 парағына жазылып ілініп тұрады. Кез келген оқушы шығып, сөзді дұрыс жазып беруі керек. Жылдам әрі қатесіз жазған оқушы марапатталады.

Мысалы: қылах, тлұ, қарыңаш, ігңәм, ле нағут,  емрөк,  терус т.б.

Рефлексия. Оқушыларға «Жетістік баспалдағы» ұсынылады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қай баспалдақта тұрғанын көрсетеді.

5 мин Сынып-мұғалім Керісінше

жазылған сөздері бар парақша

 

«Жетістік

баспалдағы»

Үйге тапсырма ретінде оқушыларға «Туған ел» тақырыбына

фотоколлаж жасап келуге тапсырма беруге болады.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін

бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау
Бағалау критерийлері

1.             Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп- салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау.

2.                      Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

•                     Тыңдаған мәтіннен оқиға, кейіпкер туралы ақпаратты анықтайды.

•                     Ұсынған ақпараттың дұрыстығының себебін түсіндіре алады.

·        Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере

алады.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?

 

 

 

Сабақтың тақырыбы Мемлекеттік рәміздер. (1-тоқсан, 1-тарау)

4-сабақ

Дағды Грамматика және айтылым
Оқыту мақсаттары 4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас

сөйлем құрастыру

Лексикалық минимум Елбасы, елтаңба, гимн, мемлекет, тәуелсіз, рәміз, ұлан
Алдыңғы білім «Туған ел» көрмесі
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қарым- қатынас Оқыту ресурстары
Кіріспе Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын, логикалық ойлауын дамыту мақсатында орындалады. Біріншіден, оқушыларға тақырыптың не жөнінде болатынын білдірсе, екіншіден оқушылардың қызығушылығын арттыруға негізделеді. Оқушыларға «Қазақстан» сөзі беріледі. Оқушылар сызба бойынша осы берілген сөзге ассоциациялық қатар құрастырады. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.

«Сөйлесейік» айдарында «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырып төңірегіндегі жетелеу сұрақтарын қояды. Мұғалім сұрақтарды

«Хатқалтадағы сұрақтар» әдісі арқылы береді.

1.  Қазақстан қандай ел?

2.  Қазақстан қанша аймаққа бөлінеді?

3.  Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

4.  Қазақстанның Туының түсі қандай?

Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды қойып, жауап беруге көмектеседі. Тапсырма топта орындалады.

Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы жаңа сөздерді меңгерту тапсырмасы «Суретті сөздік» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларға елбасының, елтаңбаның, гимн орындап тұрған адамдардың, тудың суреттері көрсетіледі. Мұғалім суреттің астындағы сөзді атайды, оқушылар қайталайды. Оқушылар сөз тіркестерін құрастырып айтады. «Ал, балалар, біз қандай сөздермен таныстық? Қазақстанның президенті кім? Гимнді кім жатқа біледі?» (Қосымша сұрақтар қою арқылы тапсырманы тереңдетуге, оқушы білімін пысықтай түсуге болады).

Назар аударайық! айдарында оқушыларға мемелекеттік

рәміздерге нелер жататыны туралы түсінік беріледі.

3 мин Мұғалім-сынып  

«Ассоциациялық қатар» жасауға

берілген А4 парағы

 

Сұрақтар

жазылған түрлі

түсті қағаз қиындылары.

 

Хатқалта

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың  үйренген жаңа сөздерін пысықтау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында меңгерген жаңа сөздерді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдер құрастырады.

Мысалы: Олимпиада кезінде айтамыз.

……, ……, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері.

 

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексереді, кері байланыс орнатады.

7 мин Топтық жұмыс  

Оқулық

Негізгі бөлім «Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар мұғалімнің көмегімен мәндес сөздердің мағынасын түсінеді. Мысалы: ел- мемлекет, еркін-тәуелсіз. Мұғалім оқушыларға осы сөздердің мағыналарын түсіндіреді. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді оқу арқылы Қазақстанның рәміздері туралы қысқаша мәлімет алады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Балалар, «Мәңгілік ел» дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларына қарай мәңгілік елді қалай түсінетіндерін айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Оқушыларды бағалау мақсатында мадақтау сөздерін қолданады.

Дұрыс жауап: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік Рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін білдіретін символдар. Мен Қазақстанның ұланымын. Елімді мақтан етемін, Оның

«Мәңгілік ел» болғанын қалаймын. Мұғалім гимннің авторлары жайлы мәлімет береді. Гимннің сөзін жазған: Н.Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, әнін жазған: Ш. Қалдаяқов (осыны оқушыларға

бірнеше рет қайталатады).

5 мин Жеке  

Қазақстан Республикасына

қатысты суреттер,

«Мәңгілік ел» деген жазу немесе плакат

«Есте сақтайық!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға -дар/- дер, -тар/-тер, -лар,/-лер жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып, «Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен қосымшаларды сәйкестендіреді.

 

Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуға жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Осы тапсырмадан кейін грамматиканы бекіту мақсатында оқушылармен «Жылдам доп» әдісін қолдана отырып, ойын ойнатуға болады. Әр топтан 3 оқушыдан шығады. Мұғалім оқушыларға допты лақтырып бір сөзді айтады, допты қағып алған оқушы сол сөзді көптік мағынасында айтуы керек. Осылай ойынға шыққан барлық оқушылар айтып болғанша, жылдам ойнатып шығуға болады. Бұл ойын арқылы оқушының білімі

 

-дар

 

-дер

 

-лер

Нелер?

мемлекет рәміз ұлан халық

ел шаңырақ

ту елтаңба бала

жер

ұлт

 

-тар

 

-тер

 

-лар

 

артып, өз-өзіне сенім пайда болады.

5 мин Мұғалім–сынып  

Оқулық, көптік

жалғаулары

жазылған плакат

 

Доп

«Орындап үйренейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар каллиграфиялық

нормаға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, берілген

сөздерге көптік жалғауын қосып жазып шығады.

5 мин Мұғалім- сынып Тақырыпқа қатысты суреттер, А3 парағы, түрлі

түсті маркерлер

«Ойнайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға әр топқа жеке-жеке суреттер беріледі. Оқушылар сол суреттерге қарап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Бұл тапсырманы орындауда саралау тапсырмасын орындатуға болады. Мысалы, білім деңгейі төмен оқушылар сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырады, ал білім деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындату барысында «Айналма бекет» әдісін қолданған тиімді. Әр топқа берілген суреттер келесі топтармен алмастырылып отырады. Нәтижесінде бір суретпен оқушылар бірнеше сөз тіркестерін, бірнеше сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін бағалауды үйренеді. Ең жақсы сөйлем құрастырған топ «Дүркін шапалақ» әдісімен оқушылар тарапынан бағаланады. Тапсырманы орындамас бұрын ойынның шарты түсіндірілуі тиіс. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын дамытуға, алған білімдерін бекітуге, сөйлеуін дамытуға арналған. 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру, оқу және 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу мақсаты жүзеге

асады.

5 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып Суреттер
«Тыңдайық» айдарында оқушыларға бүгінгі сабақта меңгерілген бірнеше сөзді алдымен дискіден тыңдайды, содан соң мұғалім оқиды, оқушылар мұқият тыңдап, қайталайды. Бұл жаңа сөздерді жаттауға көмектеседі. (Мысалы: Елбасы, елтаңба, гимн, ұлан, мемлекет). Оқушылардың сөздерді қатесіз жазуына айрықша көңіл бөлуді жоспарлап жатса, яғни сыныпта қабілеті нашар оқушылар болған жағдайда сөздерді еске сақтап жазу тапсырмасын ұйымдастыруға болады. 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір

жолға көркем жазу мақсаты жүзеге асады.

7 мин Жеке жұмыс

 

Сынып

Оқулық
Қорытынды бөлім Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша пысықтау сұрақтары қойылады:

1. Қазақстан қандай мемлекет? 2. Мемлекеттік Рәміздерге нелер жатады?

3. Көптік мән беретін жалғауларды ата. 4. Елтаңбада не бейнеленген?

5. Туда не бейнеленген? 6. Тудың түсі қандай? 7. Әнұранның авторлары кімдер?

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

 

3 мин Сынып-мұғалім  

Хатқалтадағы сұрақтар

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау
Бағалау критерийлері

1.             Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру,

2.             Оқу және каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын

сақтап, бір сызықта көркем жазу.

Дескрипторы

·        Суретке қатысты сөйлем құрап жазады.

·        Каллиграфиялық нормаға сай көркем жазады.

Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?

 

 

 

Сабақтың тақырыбы Рәміздер туралы білім сайысы. (1-тоқсан, 1-тарау)

5-сабақ

Дағды Оқылым мен айтылым
Оқыту мақсаттары 4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум Барыс, тұлпар, қыран, құрметтеу, тіршілік ету, үлгі ету
Алдыңғы білім «Мемлекеттік рәміздер»
Пәнаралық байланыс Дүниетану, жаратылыстану
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қар.қат Оқыту ресурстары
Кіріспе Сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Анаграмма» беріледі. Ол анаграммада оқушыларға таныс және таныс емес сөздер беріледі. Оқушылар өздеріне таныс сөздерді сары түспен, таныс емес сөздерді жасыл түспен белгілеп шығады.

Қ    Ы     Р     А   Н    Б    А     Т     С    У    Т     А    Ұ    Ә А Е Н Г М А Г У Ң Ғ Ұ Һ Л Н

Ә     Ң     І     П   Т    Р    Е      Л      Т     А    Ң    Б     А    Ұ  С М Т Ь Б Ы Ч Я Ю Д Ж Э Н Р

Я Ф Й В А С Е Л Б А С Ы П А

Т Ұ Л П А Р М И Т Ь Б Ю В Н

Қ Ұ Р М Е Т Т Е Й Д І Ф Х А

Ш А Ң Ы Р А Қ М В Ф С П Е Ц

Жаңа сөздерді белгілеп алған соң, қайталап, сөз тіркестерін құрастырамыз.

5 мин Мұғалім-сынып  

Анаграмма

«Сөйлесейік» айдарында оқушылармен интеллектуалды ойын ойнаймыз. Әр топ өзі кімнің тобында болатынын таңдауына болады (Расул, Дина, Медет суреті оқулықта берілген) немесе мұғалім мұны өзі ұйымдастырады. Сонымен қатар мұғалім осы сабақ бойында қолданылатын жаңа сөздермен оқушыларды таныстырып кетеді. Оқулықта сұрақ нөмірі жарысатын Дина, Расул, Медет нөмірлеріне сай берілген. Демек, сол оқушылардың тобына қарасты оқушылар төмендегідей сауалдар төңірегінде ойланып, бұрыннан білетін сөздік қорларын қолданып өз жауаптарын береді.

1.  Барыс қандай аң?

2.  Қыран қандай құс?

3.  Тұлпар қандай жануар?

Оқушылар осы кезеңде өздерінің білетін білімдерін ортаға салады және осылар туралы не білетінін ортаға салғаннан кейін өзара бағалау жүзеге асады.

4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа

монолог құру оқу мақсаты игертіледі.

5 минут Оқулық
Негізгі бөлім Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар келесі 2-тапсырмаға көшеді. Бұл кезеңде оқушыларға ойлантатын сұрақ беріледі. Оқушылар өз болжамдарын айтып, жауап беретін болады. Бұл тапсырманы орындауда оқулықта нақты қолданып сөйлеуге ұсынылған құрылым беріледі. Осы құрылымды тілге тиек ету арқылы оқушылар өз ойларын әрі қарай сабақтайды.

1.  Қазақ халқы барысты аса құрметтейді. Өйткені…..

2.  Қазақ халқы қыранды аса құрметтейді. Өйткені…..

3.  Қазақ халқы тұлпарды аса құрметтейді. Өйткені…..

4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру оқу мақсаты жүзеге асады.

5 мин Жеке Оқулық
«Оқиық» айдары – оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған және бұл оқушылардың алдыңғы тапсырма бойынша сөйлесімдерін толықтыратын, қосымша мәліметпен қамтамасыз ететін тапсырма. Оқушылар мәтінді оқылым әдістерін қолданып мұқият оқиды, мәтінге сай берілген бірнеше тақырыптардың ішінен өз таңдауын жасайды, өз мәтіндеріне сай тақырып таңдайды.

Мәтінді оқушыларға «Джигсо» әдісі арқылы меңгертуге болады.

«Джигсо» әдісі ақпарат алу мен пысықтауға, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулуға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену және үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа әртүрлі  мәтін беріледі. Әр топ өз мәтіндерін мұқият оқып, түсініп болған соң, басқа топқа барып, өз мәтінін баяндап береді. Осылай топтар өзара алмасып, бір-біріне өздерінің мәтінін баяндап береді, сонымен қатар, оқушылар алдыңғы тапсырманы орындау барысында қаншалықты дұрыс мәлімет бере алғандарына есеп береді. Өз жауаптарын, өзге топ жауаптарын салыстырады, бағалайды.

Мәтінді тыңдап отырған топ мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыруы керек. Егер мәтінді дұрыс тыңдамаса, сұрақ құрастыра алмайды. Мұғалім оқушыларға барынша қолдау көрсетеді, көмекті қажет ететін оқушыларға бағыт-бағдар береді. Оқушылар бір-бірін

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. 4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну оқу мақсаты

жүзеге асады.

10 мин Мұғалім-сынып  

Оқулық. Әртүрлі мәтіндер жазылған

парақшалар немесе оқулық

«Оқиық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Тақтадағы ұяшықтарда мәтін бойынша сұрақтар жазылып тұрады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап беруі керек. 5 мин Мұғалім- сынып  

Сұрақтар жазылған плакат

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма грамматиканы бекітуге бағытталған. Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар осы сөздерге көптік жалғауын жалғап, кесте бойынша іріктеп жазып шығады.

Батыр, халық, ұлт, барыс, қыран, ағаш, аң, жігіт, ту, елтаңба, сурет,

көрме, тау, т.б.

5 мин Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс

Сынып

 

Көптік жалғау- лары жазылған кесте

-лар,-лер -дар,-дер -тар,-тер
Қорытынды бөлім Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша «Жіпке жан бітіру» әдісін пайдаланып, ойын ойнатылады. Әр топтан оқушыларға 10–12 см- лік жіп беріледі. Әр топтан 2 оқушыдан бүгінгі сабақтан үйренген- білгені бойынша жіп саусағына оратылып біткенше «Не білемін? Не есімде қалды?» сұрағы бойынша айтады.

Рефлексия

«Пирамида» әдісі. Оқушыларға пирамидалар таратылады. Оқушылар пирамиданың ішіне бүгінгі сабақ бойынша өздері білген бір нәрсе мен бүгінгі сабақта үйренген екі нәрсе туралы жазады.

 

Мен білетін бір нәрсе

 

                         Мен үйренген екі нәрсе                            

3-5 мин Сынып-мұғалім  

Ұзындығы 10-

12 см тоқыма жіп

 

Әр оқушыға арналған

рефлексия парақшасы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.  Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау
Бағалау критерийлері

1.             Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.

2.             Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

Дескрипторы

·        Тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

·        Нақты тақырып көлемінде ойын жеткізе алады.

·        Оқыған шағын мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?

 

 

42

 

Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы Өнертапқыш бала. (4-тоқсан, 8-тарау). 133-сабақ
Дағды Оқылым мен айтылым
Оқыту мақсаттары 4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып\ белгі қойып оқу

4.2.1.1 *Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді

табу және сөйлеу барысында қолдану

Лексикалық минимум Өнертапқыш, үміт ақтау сөздерін меңгерту. Ауыспалы келер шақ.
Алдыңғы білім Болашақтың жоспары
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қар.қат Оқыту ресурс- тары
Кіріспе «Балалар, бүгінгі сабақ ізденіс сабағы болмақ. Бүгін сабақта сөздіктерді пайдаланып сөз мағыналарын анықтаймыз және бірнеше жаңа сөздермен таныс боламыз» — деп мұғалім сабағын бастайды. Оқушыларға мұғалім бұл сабақтың да алдыңғы сабақтармен өте  тығыз байланысты болып келетінін айтып өтеді. 2 мин Мұғалім- сынып  

«Сая- хат сабақ»

«Көрсетейік және айтайық» айдарында ұсынылған суретті сұрақтарға жауап беру арқылы сипаттау тапсырылады. Мұнда оқушы қолына көрсеткіш таяқша алып, сурет оқиғасын баяндай отырып, сұрақтарға жауап береді. Оқулықтың бетіндегі суретті интерактивті тақтадан үлкейтіп көрсетуге болады. 3мин Топтық жұмыс Сурет, айты- лым
Негізгі бөлім «Ізденейік» айдарында жаңа сөздердің мағынасын сөздіктерден іздену тапсырмасы беріледі. Мұнда 4.3.5.1 мақсаттары жүзеге

асырылады.

5 мин Жеке Сөздік тер
«Оқиық» айдарында мәтінді түсініп оқу 4.3.1.1 мақсаты

орындалады. Мәтінді оқып болып, қарамен көрсетілген жаңа сөздерді синонимдер қатарымен сәйкестендіру тапсырмасын қатар орындатуға болады.

үміт әуес

Үлгі:

өнертабыс сенім құштар еңбегі

5 мин Мұғалім-сынып Оқу- лық
 

«Оқиық және жауап берейік» айдары бойынша 2 тапсырма жүзеге асырылады.

Мәтінді түсініп оқи отырып, мысалға берілген сөйлемдерді оқу және мәтін ішінен мағыналас сөйлемдерді табу көзделеді.

Осы тапсырманы сөйлемдердің тек рет сандарын сәйкестендіру арқылы орындатуға болады.

Оқылым тапсырмасын орындау барысында мұғалім қосымша түсіндірме жұмысын да қатар жүргізуіне болады. Оқитын мәтіннің ішінде кездесетін өнертапқыш, үміт ақтау сынды т.б. сөздерді көпшілік оқушылар түсінбей жатса, мұғалім бүгінгі  күнгі өнертапқыш оқушылар мен жас чемпиондар әрекеттері баяндалған бейнероликтерді сабаққа әкеліп түсіндіру жұмысын жүргізе алады.

Оқушыларды өз-өздерін «бағдаршам» арқылы бағалайды.

3 мин Мұғалім-сынып Оқу- лық

 

Келесі мәтінді түсіне отырып оқып, ішінен 4 нақты ақпараттар тауып, кластер құрау тапсырылады.

Нақты ақпарат

5 мин Жеке ж. Жұпт.

Сынып

«Жаттығайық» айдарында 4 түрлі нұсқадағы тапсырма жүктелген.

Ол тапсырманың ( А ) алғашқысын мәндес сөздерді бірдей түсті бояулармен бояту арқылы анықтатуға болады.

Ә тапсырмасында берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрау берілген.

Келесі Б тапсырмасында Сұңғат туралы оқушылар өз ойларын алдын ала ұсынылған жоспарды басшылыққа ала отырып жазады.

Жоспар:

1.  Сұңғат жақсы дос, өйткені …

2.  Сұңғат өте тәрбиелі, өйткені …

3.  Сұңғат өте білімді, өйткені …

4.  Сұңғат ғылымға жақын, өйткені …

5.  Сұңғат үлкенді сыйлай білетін бала, өйткені …

6.  Сұңғат қамқор бала, өйткені …

7.  Сұңғат салауатты өмір салтын ұстанады, өйткені …

8.  Сұңғат ата-анасының үмітін ақтады, өйткені … (себеп мәнді құрмалас сөйлем жасайды).

Мұғалім оқушыларды «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды.

7 мин Жұптық Жұпт.ж.Сынып Тақта

 

Жос- пар

В тапсырмасында оқушыларға Сұңғат пен Тілеуханды салыстыра сипаттап беру тапсырылады.

Үлгі: Тілеуханға қарағанда Сұңғат салмақтырақ.

5 мин Жеке жұмыс (4

оқушы)

Оқу- лық
Сергіту: Сұңғатқа мінездеме беру мақсатында мұғалім Сұңғатқа сай мінез айтылса, қол шапалақтайды, ал сай келмесе, аяқтарын

тарсылдатады. «Ол қандай?» деп аталатын ойын ойнатылады.

2 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс Оқу- лық
Қорытынды бөлім Сабақ рефлексиялық эссе арқылы қорытындыланады. Оқушылар жұптаса отырып, мына сұрақтарға жауап беру арқылы сабақта туындаған өз ойларын төмендегі үлгідегідей тізбектейді: Алдымен біз былай деп ойладық…

Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық Проблеманы шешу үшін … жасадық

Бұдан біз … көрдік

Демек, бұл мынаны білдіреді…..

Сонымен біз деген шешімге келдік.

3 мин Сынып-мұғалім Реф- лек- сиялық эссе
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері Дескриптор
4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты ·         Мәтіннен нақты ақпаратты таба алады.
тауып\шолып\ белгі қойып оқу ·         Қарсы немесе мәндес сөздерді мәтіннен
4.2.1.1 *Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, таба алады.
мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы Айға сапар. (4-тоқсан, 8-тарау). 134-сабақ
Дағды Оқылым мен жазылым
Оқыту мақсаттары 4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын

сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум Өтірік өлең, түс және Кім? Не? сұрақтары
Алдыңғы білім Өнертапқыш бала
Пәнаралық байланыс Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қар.қат Оқыту ресурс- тары
Кіріспе «Балалар, бүгінгі сабақ шығармашылық сабақ болмақ. Шығармашылық сабақта аты айтып тұрғандай өлең шығаруға тырысамыз» — деп мұғалім бүгінгі сабақты да оқушыларды

қызықтырудан бастайды.

2 мин Мұғалім- сынып
«Сөйлесейік» айдарында мұғалім оқушыларға ой тастайды.

—          Ал, балалар, ай туралы қандай аңыз, ертегілер білесіңдер?

—          Балалар, қалай ойлайсыңдар, айда тіршілік бола ма екен?

… Оқушылар өз болжамдарын жасайды және болжау стратегиясына сүйене жұмыс жүргізіледі. Мұнда оқушылар осы сұрақты жұпта, кейін топта талқылап болжайды.

3 мин Топтық жұмыс Айтылым
Негізгі бөлім Келесі «Оқиық» айдарында оқушыларға өлеңді түсініп оқу жүктеледі. Мұнда оқушылар әдеттегідей кейіпкерлердің бірі – Алматтың суретіне қарап, бұлт сөздері арқылы оның түс көргені және түсінде өтірік өлең шығарғаны туралы мәліметпен таныс болады. Мұғалім:

— Балалар, сендер түстеріңде өтірік өлең шығарып көрдіңдер ме?

-Иә, тіпті өңдеріңде де өлең шығарып көрмедіңдер.

—   Кейіпкеріміздің өтірік өлеңі ұнады ма сендерге?

—   Иә.

-Алмат өтірік өлеңіне сурет те салған екен. Кәне, оны да тамашалап көрейік.

5 мин Жеке Оқулық
Келесі «Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушылар Азаматтың өтірік өлеңі мен суретінің мазмұн сәйкестігін салыстырады. Тексереді. 4.3.5.1 мақсаттарын басшылыққа алады. Осы тұста тағы бір кейіпкеріміз Сұңғат қосылып, оқушыларға өзінің керемет ойын жеткізеді. Оны оқушылар оның суреттегі бұлт сөзінен танысып біледі. Ол: –Балалар, мен сендерді айға апара аламын. Кеңістікке сапар жасайтын құрылғы ойлап таптым. Жүріңдер, қыдырып қайтайық. Тек бір шартым бар. Осы сапар туралы өлең шығарасыңдар.

Балалар мұғалімнің көмегімен ойлана келе бір шешімге келеді. Сұңғат талаптарына келіседі.

Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!»,

«Тамаша!» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.

5 мин Мұғалім-сынып Сөздіктер
Келесі «Жаттығайық» айдарында оқушылар Азаматтың сұрақтары туралы ойланады және өз ойларымен бөліседі. 4.1.5.1 мақсатын жүзеге асырады.

Айға балалар немен барғалы жатыр? Айда олар не көруі мүмкін?

3 мин Мұғалім- сынып Оқулық
«Бөлісейік» айдарында «Интервью» әдісі арқылы оқушылар екі топ қарсы топтарға сұрақ қою арқылы сұрақтар қызу талқыланады. Оқушылар толық сөйлеп, ойларын толық жеткізуге тырысады. 5 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс «Интер- вью» әдісі
«Жазайық» айдарында оқушыларға «Айға сапар» атты өлең шығару тапсырылады. Онда берілген үлгіні басшылыққа  алады. Ал оқушы шығармашылығына, өлеңіне арқау болар заттар тақтадағы суреттерде көрсетіледі. Бұл тапсырма екі топқа екі сиқырлы сандық беріп, ол сандықтан өлең шығаратын зат атауларын шығарып беріп, оқушы қызығушылығын арттыру жасалады.

Оқушылар бір-бірін «Дүркін шапалақ» әдісімен бағалайды.

7 мин жұптық Жұптық жұмыс Сынып Сиқырлы сандық

 

Жазылым

«Сөйлесейік» айдары арқылы жазба жұмыстары болған соң, әр топ өз шығармашылық топтамаларымен ортаға шығып бөліседі. Мұнда оқушылар «Постер қорғау», «Біздің шығармашылығымыз» атты жазған шығармашылықтарымен таныстырылым өткізеді. 5 мин Жеке,топтық, жұптық жұмыс (4оқушы) «Постер қорғау»,

«Біздің шығарма- шылығы- мыз»

Сергіту: оқушылардың өздері шығарған немесе Азаматтың жаңылтпашын айтқызу, жаттықтыру мақсатында «Мені қайтала» ойынын ойнатады. 2 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс
Қор. бөлім «Білім ағашы». Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

«Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып жапсырады.

3 мин Сынып- мұғалім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері

1.  Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

2.  Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің

өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Дескриптор

 

·         Қажетті ақпаратты дереккөздерден ізеп таба біледі.

·         Каллеграфиялық нормаға сай көркем жазады.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

 

Сабақтың тақырыбы Қайта оралу. (4-тоқсан, 8-тарау)

135-сабақ

Дағды Айтылым мен жазылым
Оқыту мақсаттары 4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.4.3.1 *Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

Лексикалық минимум Алдыңғы сабақтарды қайталау
Алдыңғы білім Айға сапар
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қар.қат Оқыту ресурс- тары
Кіріспе —   Балалар, сендер болашаққа сенесіңдер ме? Болашақ өмірлеріңді көз алдарыңда қалай елестетер едіңдер? Осындай ойлар сендерді ешқашан мазалаған жоқ па?

—   Ендеше, балалар, біздің әдеттегі кейіпкерлеріміз өте қиялшыл балалар болып шықты. Олар болашақты ойлағандары сонша – неше күннен бері түстерінде де көріп, өң мен түсті ажырата алмайтындай бола бастаған. Сол оқиғаларға тоқталып көрейікші. Кәне, Тілеуханның оқиғасына зер салайықшы. Қалай  ойлайсыңдар, балалар, Тілеухан қандай оқиғаға тап болуы мүмкін? Кім қандай болжам жасайды?… Бұл ретте «Болжау» стратегиясы

қолданылады.

2 мин Мұғалім-сынып  

«Бол- жау» страте- гиясы

 

Айты- лым

«Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушылар назарына бірнеше суреттер беріледі. Суреттердегі оқиға желісіне назар аудара отырып, әр оқиғаның мазмұнына тоқталады. Кейіпкерлердің қайда  жүргенін, немен шұғылданып, не істеп жүрген іс-әрекеттеріне сай оқиғаның немен аяталатынын өзбеттерінше болжайды. Ойларымен бөліседі. Бұл ретте әр суретті нөмірлеп қойып, кім қай нөмірді суырса, сол суреттің қалай аяқталуын не жалғасын болжайды. Бұл ойын «Сиқырлы қорап»

деп аталады. Қорап ішінде сандар жазылған парақшалар болады.

3 мин Топтық жұмыс Сурет- тер
Негізгі бөлім Келесі «Тыңдайық» айдарында диалог беріледі. Аудиотаспадан оқушылар тыңдап танысады немесе қағазға жазып, әр партаға парақшамен үлестіріледі. Тыңдап, жүргізіп оқып танысады және түсінгенін айтып береді. Бұл ретте оқушылар алдыңғы айтқан өз болжамдарымен осы диалог арқылы Тілеухан хикаясының түсі екенінен хабардар болады.

Бұл тыңдалым тапсырмасын орындату барысында мұғалім аудиотаспаға назар аударып, оқиға жауабын таба алатындықтарын болжауына немесе нақты айтуына мүмкіндік туғызады.

Тыңдалым мәтіні:

Диалогті тыңда, жүргізіп оқы. Түсінгеніңді айтып бер.

 

Анасы: Тілеухан, тұр, балам, таң атты. Тілеухан: Жақындама! Үйге оралу керек. Анасы: Тілеухан, ояншы.

Тілеухан: Жоқ, қорапты ашпа! Анасы: Қорап! Қандай қорап?

Тілеухан: А-а-а-а! Үйге қайтқым келеді!

Анасы: Тілеухан үйде, анасының қасында. Тілеухан: Уф, түсім екен ғой!

5 мин Жеке Аудио- таспа
Келесі «Сөйлесейік» айдарында оқушылар назарына бірнеше сұрақтар легі ұсынылып, көршісімен талқылау тапсырылады. Бұл орайда

төмендегідей кесте пайдалануға болады.

 

Тапсырманы аяқтап болған соң:

-Менің ойымша,… себебі… өйткені… сондықтан… деген түйіндермен қорытындылайды. Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы

бағалайды.

 

Сұрақ-

тар

Келісемін Келіспей-

мін

 

5 мин Мұғалім-сынып Оқулық
«Жазайық» айдарында ұсынылған үлгіні оқушылар орынды пайдалана отырып, жазылым тапсырмасына кіріседі. Жазылым тапсырмасы «Мен болашаққа сенемін» атты еркін жазу эссесін жүзеге асырады. Эссені өз беттерінше орындап, оқушылар жұптаса бірін-бірі

тексереді.

3 мин Мұғалім- сынып Оқулық
Түзетілген эссе қайта өңделіп, енді дәптерге көшіріледі. Мұнда 4.4.3.1 мақсаттары жүзеге асады.

ҚБ. Мұғалім бір минуттық эссені – тақырып бойынша нені білгендігін анықтау үшін оқушыларға кері байланыста қолданады.

Бір минуттық эссені жаздыру үшін мұғалім келесі сұрақтарды бере алады:

·         Сен бүгін ең басты не туралы біле алдың?

·           Сен үшін қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды?

Оқыту ортасы мен форматына байланысты бір минуттық эссе әртүрлі қолданылуы мүмкін:

·         Сабақ кезінде: сабақ бірнеше кезеңге бөлінеді, оқушылардың материалды кезеңдерге сай меңгеруі қадағаланады.

Сабақ соңында оқушыларға келесі сабақта олардың не істейтіндігін

хабардар ету үшін.

5 мин Жеке ж. Жұпт. ж. Сынып Оқулық
Келесі «Автор орындығы» әдісі арқылы оқушылар өз шығармаларымен өзгелерді таныстыруға мүмкіндік алады. 7 мин Жеке

 

Сынып

«Автор орынды- ғы» әдісі
Сергіту: «Шеңбердегі доп» ойыны арқылы әрбір допты ұтқан оқушы эссе оқыған оқушыларға арнап өз пікірлерін ортаға салады. 5 мин Жеке жұмыс (4оқу
Келесі «Ұрандар» айдарында оқушылар бүгінгі жазған эссе тақырыбына орай жалынды ұрандар жазып стикерлермен Білім ағашын безендіреді. 2 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс Стикер
Қор. бөлім Сабақ соңы «Екі жұлдыз, бір ұсыныспен» қорытындыланады. Мұнда алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар

сілтейміз.

3 мин Сынып- мұғалім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері

1.  Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

2.  Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс

белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

Дескриптор

·         Жоспарға қарап мәтін мазмұнын айтып береді.

·         Сөйлемнің тыныс белгілерін қоя біледі.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы Қайталау. (4-тоқсан, 8-тарау). 136-сабақ
Дағды Оқылым мен айтылым
Оқыту мақсаттары 4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4 .2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс

ырғағын келтіріп сөйлеу

4.2.4.1 Жоспар\ жазбаларын қолданып мәтінді толықтыру

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып \ белгі қолдану

4.5.1.2 Көптік\тәуелдік\септік\жіктік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша тілде қолдану

Тілдік міндеттер Жаңа сөздерді айту барысында қайталап,

Қанша? Неше? сұрақтарына жауап бере білуге үйрету.

Алдыңғы білім Қайта оралу
Сабақтың барысы
С.кезеңі  

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты Қар.қат Оқыту ресурс- тары
Кіріспе —          Балалар, бүгін қайталау сабағы болғандықтан сағат айта білетіндіктерімізді нақтылап, білімдерімізді пысықтайтын боламыз.

—          Ендеше «Сағат неше болғанын айта аламын» айдарында берілген суреттердегі сағат тілін айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2 мин Мұғалім-сынып Сағат
«Берілген сөздермен сөз тіркесін құрай аламын» айдарында бұл тапсырмада берілген сөздерден сәйкесінше сөз тіркестерін құрау

көзделеді.

3 мин Топтық жұмыс Тақта
Сөздер Сөз тіркестері
Негізгі бөлім «Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі» айдарында оқушылар

сөздерді орындарына қояды.

Келесі «Адасқан сөздердің орнын тап» айдарында адасқан сөздерді орын тәртібі арқылы орналастыра отырып, дұрыс сөйлемдер шығару тапсырмасы орындалады.

5 мин Жеке
«Мәндес сөздерді білемін» айдарында сөздердің мәндес жұптарын тауып жұптастыру тапсырылады. Бұл тапсырма 4.2.1.1 мақсаттарын жүзеге асырады. 5 мин Мұғалім — сынып Оқулық
 

«Мәтінді оқимын және түсінемін» айдарында есепті шығарады, жауабын айтады

3 мин Мұғалім

-сынып

Оқулық
«Сөздердің мағынасын түсіне аламын» айдарында берілген тапсырмада сөздердің мағынасын өз сөздерімен түсіндіріп, өткен тақырыптардағы жаңа сөздерді еске түсіреді, айтады, қайталайды.

«Бір сөйлемде қорытындылау». Оқушылардан мұғалім оқылған тақырып бойынша қорытындылай отырып бір сөйлем таңдауын және ол сөйлемнің төмендегідей сұрақтарға жауап беруін сұрайды.

«Кім? Не? Қайда? Қашан? Не үшін? Қалай?»

5 мин Жеке ж. Жұпт. ж.

Сынып

Оқулық
«Сұрақтарға жауап жаза аламын» айдарында «Интервью» әдісін пайдалана отырып, оқушылар сұрақтарға толық жауап беріп отырады. Мұнда айтылым дағдысы арқылы 4.2.3.1 мақсаты жүзеге асырылады. 7 мин жұптық Жұпт.ж. Сынып «Интер- вью»

әдісі

«Өтірік өлең шығара аламын» айдарында оқушылар өлең жолдары арасындағы бос жолға сәйкес сөзді тауып өлең мағынасын келтіре жазады. Бұл жазылым тапсырмасы болмақ.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» оқушылар бір-біріне шығармашылық жұмыстарын, шығарманы, эссені бағалауда қолданылады.

Мұғалім сыныптасының жұмысын тексеруді ұсынады. Оқушылар бір-бірінің жұмысына пікір айтқанда жұмыстарды бағаламайды, олар жұмыс барысындағы екі жағымды сәтті анықтап көрсетеді және

толықтыруды қажет ететін бір сәтіне өз тілектерін білдіреді.

5 мин Жеке,топтық, жұптыққ жұмыс

(4 оқушы)

 

Оқулық

Сергіту: «Сағат неше?». Осы сұрақтан басталатын сұрақ- жауап арқылы «Шеңбердегі доп» ойынын ойнату арқылы бірнеше сұрақтар қойылады. Мысалы: Сағат неше? Кешке нешеде жатасың?

Таңғы жаттығуға нешеде тұрасың? т.б.

2 мин Жеке ж. Жұптық жұмыс
Қор. бөлім Мұғалім сабақты «3-2-1» әдісі арқылы қорытады. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат.

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 нәрсе.

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

3 мин Сынып- мұғалім
Қосымша ақпарат
Бағалау критерийлері:

1.  Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу

барысында қолдану

2.    Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері

байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

3.  Жоспар\ жазбаларын қолданып мәтінді толықтыру

4.  Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып \ белгі қолдану

5.  Көптік\тәуелдік\септік\жіктік жалғаулы

сөздерді ауызша\жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

·         Сөздердің қарсы және мәндес мағыналы сыңарларын анықтай алады.

·         Тақырыппен байланысты сұқбатқа қатыса алады.

·         Сызбаларды сөйлеммен толықтыра алады.

·         Жоспар бойынша мәтін мазмұнын айтып бере алады.

·           Мәтіннен нақты ақпаратты тауып оқиды.

·         Қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғайды.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *