Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем 

 

Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
                                                      Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы        Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау

 

ББ кестесін толтыру
Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Екі топтан екі оқушы шығып карточкалармен жұмыс жасайды.
Фонетикалық ( дыбыстық ) талдау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау.
1 — карточка.
Ақыл мен қайрат жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
( Абай ).
2 — карточка.
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
( Абай ).

Кім көп мақал біледі?
Мына мақалдардың екінші сыңарын тап.
( Ауызша оқып беремін ).
1. Ашу – дұшпан,……. ( ақыл дос ).
2. Ақ –……. ( ақталар ).
Қара –……. ( байланар ).
3. Сабыр түбі –……. ( сары алтын ).
4. Жігіт бір сырлы –……. ( сегіз қырлы болсын ).
5. Аузында әзілі жоқтың……. ( қолында қол шоқпары бар ).

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс Әзіл – аралас сұрақтар. ( Мақал – мәтелмен жауап беру. Сандарды орыс және ағылшын тілдерінде атау)
1. Неше қошқардың басы қазанға сыймас? (екі — два — two)
2. Неше рет өлше,… кес.? (Жеті — Seven, бір — one)
3. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Бір — One, мың — thousand)
4. Жігітке неше өнер аз? (сегіз — eight)
5. Нешеу ала болса ауыздағы кетеді? ( алтау — six)
6. Неше сомың болғанша, неше досың болсын? ( жүз — one hundred)
7. Жалқаудың ісі нешеу? (екі — two)
8. Қанша саусақтан өнер тамады?
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау,ереже жаттау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау парақшаларын толтыру.

 

 

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы        Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау

 

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ. Мына сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларын жаз.
Күшті, биік, қысқа, үлкен.
ІІ топ. Заттың сапасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін
бірнеше сын есім ойлап жаз.
Түрі, түсі:
Сыры, сипаты:
Аумағы, көлемі:
Дәмі, иісі:
Пішіні:
ІІІ топ. Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырып жаз.
Қысқа – қысқа, көк ала, ап – аласа, ал қара көк, шымқай қара, тәп – тәуір, сұп – сұйық, өте ащы, қызыл шырайлы, сарырақ, ұзындау, ірілі – ұсақты.

Бүлдірген теру» ойыны арқылы.
Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз
Өнерпаз………….(сөйлем)
Әуесқой……………(ой)
Түйінді…………….(шопан)
Таңдаулы…………(адам)
Жасанды………..(бала)
Сөзшең…………….(торқа)
Басыңқы…………(суретші)
Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақтар екенін түсіндір.
а) Көкірегі сезім…., тілі орам….,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
ә) Ерін…. адамның ертеңі бітпес.
б) Қаб…. иттің тұмсығына тор кигізген.
Мына бос тор көздерді дұрыс толтыр.
1. Ешкімге еш нәрсесін бермейтін, беруге қимайтын адам.
2. «Тентек» сөзінің синонимі.
3. Заттың пішіні.
4. Заттың көлемі
5. Айтқанға сене алатын, еш нәрсені байыптап байқамайтын адам.
6. Малдың түсі.
7. «Ақ» сөзінің антонимі.
3 топқа үш тапсырма.
1. «Алғырлар» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жаса.
2. «Білімділер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.
3. «Зерек» сөзіне лексика – грамматикалық талдау жаса.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс Шығармашылық саты
І топ. Сын есімді қатыстырып «Әсем табиғат аясында» тақыры – бына ойтолғау жаз.
ІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Ардақты ана» тақырыбына ойтолғау жаз.
ІІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбына ойтолғау жаз.«Жасырынбақ» ойыны.(Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қою)
Әл…де болс… с…лқ…н, б…рлық ж…рд… қ…р бас…п ж…тыр. Н…урыз к…ні әл…мг… шу…ғ…н ш…ш…п т…р, бір…қ қ…зуы әлс…з …йткен…н к…кт…м де к…ліп қ…л…пты.
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау,ереже жаттау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау парақшаларын толтыру.

 

 

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Буын үндестігі
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 1. Білімділігі: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой — өрісін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, интерактивті тақта, оқулық т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары т. б.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты пазл арқылы топтарға бөлі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы        Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау

 

ББ кестесін толтыру
Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Үлестірмелермен жұмыс.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл – жас…, асыл тас…,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс… — тер
аң… — шы
көбелек… – дар
— Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?
— Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс Жұмыс (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)
Еңбек (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)
1. Буын үндестігі дегеніміз не?
2. Сіз оны қалай түсінесіз?
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау,ереже жаттау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау парақшаларын толтыру.

 

 

 

 

Қазақ тілі

4-сынып

Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

 

Р/с Р/с  

Тақырыптар

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары Сағат саны Мерзімі Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы Үйрену барысын бағалау Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар
1 1 3-сыныпта өткенді қайталау 3-сыныпта өткен білім туралы түсінік 1 Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды Топпен жұмыс, «Ұқсастық пен даралық», «3 қадамдық сұхбат» стратегиялары Деңгейлік тапсырмалар Өзін-өзі бағалау парақшалары 4-сынып Қазақ тілі оқулығы.

Ғаламтор.

Көрнекілігі: сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, суреттер

2 2 3-сыныпта өткенді қайталау 3-сыныпта өткенді қайталауға арналған тапсырмаларды орындау 1 Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. Топпен жұмыс,АКТ Деңгейлік тапсырмалар Өзін-өзі бағалау парақшалары Тірек сызба, топтық тапсырмалар, суреттер,
адасқан сөздер, суреттер топтамасы
3 3 Буын үндестігі Буын үндестігі туралы түсінікті қалыптастыру 1 Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. Сұрақ — жауап, кубизм стратегиясы Дарынды оқушыларға тапсырма

Топтастыру

Өзін-өзі бағалау парақшалары 4-сынып Қазақ тілі оқулығы.

Кеспе қағаздар, текше

4 4 Буын үндестігі Буын үндестігі тақырыбына берілген тапсырмаларды орындау 1 Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды Сұрақ – жауап,топпен жұмыс БББ Бағалау парақшалары Қазақ тілі оқулығы.

І.Жансүгіров портреті,шәркейдің суреті

5 5 Дыбыс үндестігі Дыбыс үндестігі туралы түсінік 1 Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. «Топтастыру», «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ — жауап БББ Бағалау парақшалары Кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама
6 6 Дыбыс үндестігі Дыбыс үндестігі тақырыбындағы  тапсырмаларды орындау 1 Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. Түсіндіру, сұрақ — жауап, ассоциация, топтастыру стратегиясы Деңгейлік тапсырмалар Бағалау парақшалары интерактивті тақта, сөзжұмбақ, суреттер, жұмбақтар
7 7 Диктант Диктант жазу арқылы оқушылардың қатесіз жазу дағдысын қалыптастыру 1 Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды Сұрақ-жауап,түсіндіру Деңгейлік тапсырмалар Бағалау парақшалары  «Бәйтерек» суреті бейнеленген

плакат,ребус

 

8 8 Фонетикалық талдау Фонетикалық талдау тақырыбына берілген тапсырмаларды орындау 1 Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. Сұрақ-жауап,түсіндіру Деңгейлік тапсырмалар Бағалау парақшалары Абай Құнанбаевтың суреті, сөзжұмбақ, сызбалар.
9 9 Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейтуге берілген тапсырмаларды орындау 1 Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. Топтастыру», «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ — жауап  

Тест

 

Смайликтер

4-сынып Қазақ тілі оқулығы.

Тест жинақтары

10 10 Әңгімелеу мәтіні Әңгімелеу мәтіні туралы түсінікті қалыптастыру 1 Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды Шығарма кестесі,түсіндіру Үлестірмелі парақшалар Шығарма кестесі, сурет, плакат
11 11 Әңгімелеу мәтіні Әңгімелеу мәтіні тақырыбындағы тапсырмаларды орындау 1 Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. Түсіндіру,сұрақ-жауап  

Мәтіндер

Бағалау парақшалары Тақта,бор,дәптер