Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақтың аты §1.2.3 Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника  жайлы мағлұмат беру

Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыра  білуге үйрету

Ø  өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника  жайлы мағлұмат алады

Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыра  білуге  үйренеді

Ø  өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

1.         Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

2.         ХХ ғасырда адамзат физика  мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

3.         Лазердің дүниеге келуі.

4.         Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау»
 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (техника, құбылыс, материя  сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      Физика  курсы жайлы  шолу жасау

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?

2.      Физиканың мақсаты неде?

3.      «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

 

 

 

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады

  1. табиғат
  2. техника
  3.  құбылыстар

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті  (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

  1. . Аспан денесін көрсет:
  1. Тікұшақ
  2. Ағаш
  3. Комета
  4. Ауа
  1. Қайсысы физикалық дене?
  1. Автомобиль
  2. Ауа
  3. Килограмм
  4. Қайнау

3 . Қайсысы зат болып табылады?

A.     Ай

B.     Жарық

C.     Мыс

D.     Грамм

4 . Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?

  1. Шардың қозғалысы
  2. Қоңыраудың сыңғыры
  3. Таңның атуы
  4. Қардың еруі

5.      «Физика» атауы нені білдіреді?

A. Табиғат                       B. Адам                      C. Қоғам және техника         D. Космос

E. Жануарлар мен өсімдіктер

6 . Тұңғыш қазақ ғарышкері-

A. Т. Мұсабаев    B. Т. Әубәкіров          C. Ю. Гагарин            D. Н. Басов

7 .  Астрономияның негізгі құралын атаңыз?

A. Микроскоп      B. Телескоп   C. Лупа                       D. Бинокль

8. Материя дегеніміз —

A. Тастар              B. Ағаштар     C. Өсімдіктер D. Табиғаттағы кез-келген зат

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §1.2.3 Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.

 

 

 

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты §4.5.6 Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы жайлы мағлұмат беру

Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясын күнделікті өмірде  қолдана білуге үйрету

Ø  топта бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы жайлы мағлұмат алады

Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясын күнделікті өмірде  қолдануға үйренеді

Ø  топта бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.

«Астрон» — жұлдыз, «номос» — заң.

Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.

Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.

Космонавтика  әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.

Космогония  аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.

Космология — бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс
Тапсырмалар Жеке жұмыс «»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (жұлдыз, галактика, жер сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер?
  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
  5. Физикаың мақсаты не?
  6. Физика заңдары қалай ашылады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Астрономия қандай ғылым деп ойлайсыздар?
  2. Космонавтиканың қазіргі таңда алатын орны қаншалықты маңызды?
  3. Ертедегі орталық азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  (5 минут)

Берілген сөздерден шағын эссе жазу

Галактикалар

Біздің ғалам

Космонавтика

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

  1. V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Астрономия——
  2. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі———————-
  3. Біздің ғалам……………………..
  4. Орта азия ғалымдары:………………………………………………
  5. Күнге ең жақын планета……………….

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §4.5.6 Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы

 

 

 

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты § 7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат беру

Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде  қолдана білуге үйрету

Ø  Өзін-өзі бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат алады

Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде  қолдануға үйренеді

Ø  Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс
Тапсырмалар Жеке жұмыс «»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (бақылау, эксперимент, теория сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
  2. Астрономия нені зерттейді?
  3. Астрономияның ұандай салалары бар?
  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Табиғатты зерттеудің мәні неде?
  2. Табиғатты зерттеуге қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?
  3. Гипотеза дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  (5 минут)

Берілген сөздерден шағын эссе жазу

Найзағай

Судың кебуі

Күннің шығуы

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

  1. V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Болжам——
  2. Бақылау———————-
  3. Эксперимент……………………..
  4. Теориялық зерттеу………………………………………………
  5. Телескоп ……………….

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.