Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы:  Жансыз және жанды табиғат

Мақсат- міндеттері:  Жансыз және жанды табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Экологичның тірі табиғат үшін маңызын түсіндіру, адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Іс — әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Біздің сабақтарымызда табиғат жайында және оны қорғауды оқып үйренеміз. Табиғаттың адам өмірі үшін маңызын білеміз.

Адамдар табиғатсыз өмір сүре ала ма?

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі  Балаларға өлі және тірі табиғат болатындығын түсіндіру. Жанды табиғатқа жататындар тұқым шашады, көбейеді, өседі, Жанды табиғатқа адамдар, өсімдіктер, жануарлар жатады.

Жансыз табиғат өспейді, тұқым шашпайды, көбеймейді. Қоректенбейтін, қозғалмайтын, сезбейтін, өспейтін нәрселер жансыз табиғатқа жатады. Мысалы: күн, ауа, су, тас, балшық, құм т.б.

Балаларға жұмбақ жасыру:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн)

Дәмі дежоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

Өмірде одан мол ештене болмайды,

Құшақтасаң, құшағың тек толмайды.  (ауа)

Жанды табиғат пен жансыз табиғатты атап, айырмашылығын айту.

Табиғатты қорғау, оны күту кімнің міндеті?

Әліппе дәптермен жұмыс:

Жасырын тұрған жануарларды ата. Боя.

Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?

Жасырын тұрған суретті тауып бояу.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды  Табиғат әртүрлі және қызық. Ол әр адам өмірінде маңызды орын алады. Табиғат адамға сұлулықпен пен жақсы көңіл күй беріп қана қоймайды, сонымен қатар табиғатсыз адамның тіршңлңк етуі мүмкін емес. Балаларды табиғатты аялауға және қорғауға тәрбиелеу.

Құралдар:  тақырыпқа сай суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы:  Экологиялық белгілер

Мақсат- міндеттері:  Балаларға табиғаттың жанды және жансыз болатыны туралы түсінік беріп, жансыз табиғатты қайталанбас құбылыс түрлері, туған өлке табиғатына сүйіспеншілік және жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

Іс — әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен экологиялық белгілер жайлы әңгімелесу.

Қандай экологиялық белгілер білесіңдер?

 

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі  Сабақты эколгиялық белгілер салынған суреттерден бастау.Мысалы: қолмен бұтақты сындыру, музыканы қатты дауысқа қою, гүлдерді, шөптерді аяқпен басу, шыны бутулкаларды сындыру, көбелктерді ұстау, гүлдерді қолмен жұлу, құмырсқаларды аяқпен басу, темекі шоқтарын жерге тастау т.б. Балалар бұл белгілердің экологиялық белгідер екенін айтады.

Суретте не бейнеленген?

Әр белгінің мағынасын түсіндір?

Қандай белгі жетпей тұр?

Бос орынға жаңа экологиялық белгі ойластырып, суретін сал.

Суреттерді боя.

Қазақ жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаштың нәзік бүрлерін үзбейді. Жас шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өндірдің бәрі  — тіршіліктің қайнар көзі. «Көк жұлсаң- көктей соласың, қарғыс атады» деп ырымдайды.

Ьыйым сөздер:

— жалғыз ағашты шаппа.

— гүлді жұлма

— құстың ұясына тиіспе, жұмыртқасын алма

— құмырсқаның илеуін бұзба.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Суретте қай баланың ісі саған ұнайды?

Қылығы ұнамайтын баланың суретін сыз.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды  Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық белгілердің маңызы зор екенін түсіндіру.

Құралдар:  тақырыпқа сай суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы:  Алтын күз

Мақсат- міндеттері:  Балалардың күз туралы ұғымдарын кеңейту. Күзгі табиғат жөнінде ерте, кеш,күз мезгілдері туралы білім беру.

Іс — әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге сары алтындай сары түске боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығу. Балалар ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап, ағаштар мен бұталарды айтады.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі  Балаларға Қ.Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін оқып беру.

Алтын,сары, қызыл, көк….

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Балалар күзгі жапырақтар шоғын, жемістерін, тұқымдарын жинайды. Балалардан қай ағашта тек сары жапырақтар( аққайыңда,жөкеде), қай ағашта сары, қызыл жапырақтар (үйеңкіде, ырғайда), қай ағашта қоңырқай түсті (еменде) басқада түстерді іздеу ұсынылады. Балалардың назарын күннің суытуына байланысты жәндіктердің біртіндеп сиреп, ағаштардың қабықтарына, қуыстарына жасырынғанына, оны лупамен қарап көруіне болатынын айту. Олардың қыс мезгіліне дайындалғанын бақылайды. Сонымен қатар күз мезгіліндегі құстардың өміріне де түсінік беру. Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кететіні жөнінде әңгімелеу. Қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстардың аттарын атату. Неліктен құстардың жылы жаққа ұшып кететінін түсіндіру. Балалармен қазір күздің қай кезеңін «ерте» күзді ме, «кеш» күзді ме бақылағандары туралы сұрау.

Табиғаттағы ең негізгі ереже: «Бүлдірме!»

— өсіп тұрған ағаш бұтақтарын кеспе және сындырма.

Жерге түскен жапырақтар мен бұтақтарды ғана жина.

— Табиғатты ластама, қоқыстарды тастама.

— От жағуға болмайды.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Күзгі жапырақтарды боя. Қандай ағаштың жапырағы екенін білесің бе?

Кептірілген жапырақтардан, табиғи материалдардан «Күзгі орман» композициясын құрастыру. Дәндерді тізіп, моншақ жасау.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды  Сабақ соңында балалар, құстар мен жануарларға үнемі қамқор болып жүру, дағдыларын меңгерту.

Құралдар:  Күз мезгілін суреттері

 

 

 

 

 

Қоршаған дүниемен таныстыру

Экология негіздері

Қоршаған дүниемен таныстыру және экология негіздері

оқу іс-әрекетіне жылына 48 сағат, аптасына 1,5 сағат берілген.

 

Мақсаты:

Танымдық қабілеттерін дамыту;

Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру;

Қауіпсіздік ережелерінің негіздері бойынша тәрбиеле

 

 

р/с

 

Сабақтың тақырыбы

 

Бөлімі

 

Бағдарламалық мазмұны

 

Қолданылатын көрнекілік

 

Сағат саны

 

 

Мерзімі

1. Балабақша және мектеп. Қоршаған дүниемен таныстыру Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру. Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту Суреттер, кітаппен жұмыс 1
2. Жансыз және жанды табиғат. Экология негіздері Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу Суреттер, тас, су, балшық, гүл, кітаппен жұмыс. 2
3. Мен және менің отбасым Қоршаған дүниемен таныстыру Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Суреттер, дидактикалық ойын «Бізде былай, ал сіздерде ше?» 2
4. Экологиялық белгілер Экология негіздері Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру. Экологиялық белгілермен таныстыру, оларды естеріне сақтату. Табиғатты қорғауға баулу Мақсатты серуен ұйымдастыру 1
5. Мемлекеттік рәміздер Қоршаған дүниемен таныстыру Балаларға Қазақстан Республикасы  тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру және мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру. Мемлекеттік ріміздер, тағы басқа суреттер, дәптермен жұмыс 2
6. Алтын күз Экология негіздері Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылыққ еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ересектердің еңбегін құрметтеп, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Суретпен жұмыс, мульяждарды қарастыру атын атау. 1
7. Бағдаршам және көлік түрлері Қоршаған дүниемен таныстыру Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту. Суретер, бағдаршам, дәптермен жұмыс. 2
8. Күз сыйы Экология негіздері Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күн мен түннің ұзақтығы, ауа температурасының өзгеруі, жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы  және т.б. білім негіздерін меңгерте отырып, есте сақтау қабілетін, зейіндерін  дамыту. Өсімдіктерді күтіп баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.

Дәптермен жұмыс

1
9. Байланыс құралдары Қоршаған дүниемен таныстыру Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту. Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру. Бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.

 

Суреттер, ойыншықтар. 2
10. Жасыл дәріхана Экология негіздері Жасыл дәріхана және оның қажеттілігі жөнінде түсінік беру. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету. Суреттер, шөптер 1
11. Мамандықтар Қоршаған дүниемен таныстыру Адамдардың әр түрлі мамандықтары туралы балалардың білімдерін жетілдіру. Балалардың мұнайшы, шахтер құрлысшы мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалатыны туралы түсіндіру Суреттер, ойыншықтар 2
12. Жыл құстары Экология негіздері Құстардың тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы Суреттер 1
13. Тәуелсіз Қазақстан Қоршаған дүниемен таныстыру ҚР тәуелсіздік туралы түсінік беру Суреттер 2
14. Қыс.Құстардың  қысқы тіршілігі Экология негіздері Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, құстардың қысқы тіршілігі Суреттер 1
15. Жануарлардың қысқы тіршілігі Экология негіздері Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі Суреттер, муляждар 1
16. Жаңа жыл келді. Қыс қызығы Қоршаған дүниемен таныстыру Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру, қысқы ойын түрлері Суреттер 2
17. Қысқы еңбек Қоршаған дүниемен таныстыру Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру Суреттер 2
18. Қызыл кітап құпиясы Экология негіздері Қызыл кітап туралы түсінік Суреттер 1
19. Нан дастарқанға қалай келді? Бөлме гүлі. Қоршаған дүниемен таныстыру Диқаншының еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу Суреттер, бөлме гүлдерін зерттеу, егу 2
20. Табиғат бұрышындағы тіршілік Экология негіздері Табиғат бұрышындағы жануарлар, өсімдіктер туралы түсінік беру. Бөлме гүлдерін зерттеу, егу 1
21. Киіз үй жабдықтары Қоршаған дүниемен таныстыру Киіз үй жабдықтарымен таныстыру Суреттер, мульяждар 2
22. Көрікті көктем Экология негіздері Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы түсінік беру Суреттер 1
23. Ана біздің гүліміз Қоршаған дүниемен таныстыру Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру Суреттер, тақпақ, өлең тыңдау 2
24. Көктемгі еңбек Экология негіздері Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту Суреттер 1
25. Наурыз жыл басы Қоршаған дүниемен таныстыру Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнін де түсінік беру. Суреттер, тақпақ, өлең тыңдау 2
26. Үй жануарлары мен үй құстары Экология негіздері Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсіндіру, қамқорлық сезімін ояту, оларға жағдайжасауға тәрбиелеу Суреттер, тақпақ, өлең тыңдау 1
27. Байқоңыр ғарыш айлағы Қоршаған дүниемен таныстыру Байқоңыр жайлы түсіндіру. Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту. Суреттер, бейнебаян көру 2
28. Құстар біздің досымыз Экология негіздері Құстар жінеолардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға жемсауыт ілу, мақсатты серуен 1
29. Қазақстан ортақ үйіміз Қоршаған дүниемен таныстыру Тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толықтыру. Көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын түсіндіру. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Суреттер, слайд көру 2
30. Ер есімі ел есінде Қоршаған дүниемен таныстыру Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру. Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру Суреттер, тақпақ, өлең тыңдау 2
31. Қазақстан қорықтары Экология негіздері Қазақстанның қорықтары және олардың маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар туралы әңгімелеу. Суреттер,слайдтар көру. Картадан көрсету 1
32. Экологиялық соқпақ Экология негіздері Балалардың санасына экология деген түсінікті қалыптастыру. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту Мақсатты серуен 1