Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану – өмірді тану 

Құндылық:   адамгершілік        Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып:Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы  туралы  түсініктерін кеңейту.

 

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аударуСабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:

Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

 

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін…

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

 

 

 

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беруМәтінмен жұмыс          «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып шығу. Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Дәйексөз туралы айта кету Халық мақалы
 

Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,сабақты түсіндіру.

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топпен ән айту: «Шымшық»

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі
Әні Қ.Қуатбаевтікі

 Шымшықтың өр тырнағы,
Құдды шабақ қармақтай.
Бар тұлғасы, болғаны,
Бармақтай-ау, бармақтай!
Сонда да ол, асылы,
Мешкейлікке меңзейді,
Күнде жеке басының,
Салмағындай жем жейді!
Күнде жеке басының
Салмағындай жем жейді!

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

 

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінікайту

 

Күнделіктеріне  жазады.
Соңғы тыныштық сәті:

—          Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

 

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

 

Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық

Құндылық:   Құштарлық           Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып:Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

Білімге,оқуға қызығушылықтарын  дамыту;

Білімді бағалауға  тәрбиелеу.

Мақсаты:Оқушылардың «білім»құндылығы  туралы  түсініктерін кеңейту.

 

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ — қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек — қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте — бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан — жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан — жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын…. Ғаламның барлық түпкір — түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

 

 

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беруБілімнің адамға пайдасын түсіндіру  мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың   «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.

  • «Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?
  • «Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс      Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқу.

  • Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?
  • «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына»дегенде нені түсінесіңдер?
  • Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Дәйексөз:

Тақтаға жазылған «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»деген мақалдың мәнін түсіндіру.

 

Халық мақалы

 

Шығармашылық жұмыс

Білімнің  пайдасы эссе жазу

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топпен ән айту: Ерден Атайдың әні
Сөзі: Ә.Асылбековтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі
 Кел,балалар,тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар

 Қайырмасы:

 Ерте,ерте,ерте,екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен

 Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

 

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінікайту

 

Күнделіктеріне  жазады.
Соңғы тыныштық сәті:

—          Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

 

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

 

 

Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Ойлы бала озар

Құндылық: Білімге ұмтылуҚасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып:Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ойлануға, көп ізденуге жетелеу

 

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін…

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

 

 

 

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беру

 

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Дәйексөзге тоқталу Халық мақалы
 

Шығармашылық жұмыс:

Ойлы бала   Ойсыз бала

 

 

 

 

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топпен ән айту:

Ойлан, тап

 

Сөзі: Қ.Ыдырысовтікі
Әні: Ә.Еспаевтікі

 

Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

 

Қайырмасы:

 

Ал балалар тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп және
Бөгеліп те тұрмаңдар.

 

Бәрің жақсы тыңдаңдар,
Бөгеліп көп тұрмаңдар.
Жұмбақ та бар аспан көк,
Самолетпен зырлаңдар.

 

Қайырмасы:

 

Жұмбақтар бар өзен,көл,
Пароходпен жүзіңдер,
Айдын суға шомылып,
Ақ шабағын сүзіңдер

 

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

 

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінікайту

 

Күнделіктеріне  жазады.
Соңғы тыныштық сәті:

—          Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

 

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

 

Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым

Құндылық:   Достық           Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып:Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту.

Міндеттері:

– ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

–  өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

– бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, музыкалық орталық

 

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

Тыныштық сәті

Ойлану жұмысының алдында  балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.  Көздерін  жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.  Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

 

 

 

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беруМәтінмен жұмыс

Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында әңгіме оқу ұйымдастыру.

Күмән

 Машқар Гумеров

Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рақила болатын.

Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,–деп айқайға басты ол.                 

Боранбай танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағдайды білген соң:

Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз,–деді.

Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мұғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, ұзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен:

Балалар! – деді. Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рақила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды ғой.

Осы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып:

Сындырған мен! – деді.

Сыныптағылар аң-таң. Дәуіт ең момын бала еді.

Өтірік! – деді Рақила қызараңдап.

Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым.

Ендеше неге бірден айтпадың? деді Әтіргүл. Жұртты осынша дауластырып қойғаның не?

Е,маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып…

Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын.

Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байқамай әйнекті сындырып алыпты да, сасқанынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жоқ екен.

Балалардың барлығы Рақилаға қарады.

Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің? деді екі-үш бала.

Рақила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды.

Мән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды.

Көрмегенді көрдім деу – ең жаман әдет, әрі-беріден соң ол жалақорлық.  Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды.

Әтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рақилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рақиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!.»

·         Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

  • Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар? Одан қалай арылуға болады? Сендер не істеген болар едіңдер?
  • «Сенімге кіру үшін оған қанша уақыт қажет болады», – дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Дәйексөз:

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйіндеу:

Тақтада жазулы тұрған Ә.Табылдиевтің «Ұжымда болу – бақыт» деген нақыл сөздің  мәнін ашып түсіндіру:

– Жеке адамның жақсы мінез-құлқы ұжымда көпшіліктің ықпалының арқасында қалыптасады. Сынып ұжымындағы балалар бір-біріне көмек беру, сыныптастарын ренжітпеу, көпшіл болу, ұйымшыл болу, кешірімді болу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруге көп мүмкіндік алады. Бір-бірімен сырласады, достасады, қуаныштарын бірге бөліседі,  өздерін бақытты сезінеді.

 

Халық мақалы

Шығармашылық  жұмыс.   Дәптермен жұмыс

Сабақта айтылған ойларды оқушылардың бекіте түсуі үшін тапсырма беру.

Тапсырма: Дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазыңдар.

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топпен ән айту: Дос болайық бәріміз!

   Сөзі: Х.Талғаровтікі

   Әні: И.Нүсіпбаевтікі

                      Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті!

Еңбекті сүйіңдер!

 

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

 

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас,жас ұлан!

Самға биік,алысқа,

Жұлдыздарға,ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы.

 

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

 

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінікайту

 

Күнделіктеріне  жазады.
Соңғы тыныштық сәті:

—          Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

 

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code