1-САБАҚ. Құрастыру.

Білім   беру саласы:  Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің  түрі: Құратыру  және  қол  еңбегі.

Тақырыбы:  Оқу іс-әрекетінің  тақырыбы: Жүк машиналары.

Мақсаты: құрастыру материалдарымен таныстыру және жүк машинасын  құрастыруды үйрету;  құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру; сүт таситын машинаны өз беттерінше құрастырту арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.

Керекті құралдар мен материалдар:әр балаға жеткілікті мөлшерде құрастыру материалдары,көрнекі суреттер,әліппе-дәптер.

Әдіс-тәсілдер:үлгіні талдау,көрсету,түсіндіру,машиналарды салыстыру.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:ойыншық машиналармен ойын ұйымдастыру;

қала(ауыл)көшелеріне саяхат жасатып,көлік түрлерін бақылату

Билингвальдық компоненттер:  грузовые  машины

Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті

 

Ұйымдастырушылықоятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Қадірлі боп жүрейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірнеше көлік түрлерінің суретін көрсетіп,әртүрлі машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді(жеңіл машина,автобус,сүт таситын машина,т.б).Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып,жеке бөліктеріне талдау жасайды.»Қандай бөліктері бар?Қорабы,кабинасы,дөңгелегі қандай?»Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып,әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады.Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі.Құрастыру материалдарын пішініне,көлеміне қарай таңдап алып, жүк машинасының  бөліктеріне сәйкес орналастыруға ұсыныс жасайды.

Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасалады;

-алдымен екі дөңгелек қойылады (цилиндр пішінді бөлшектер);

-дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады(жұқа тақтайша);

-кабинасының тұмсығы үшін төрт бірдей кірпіш тәрізді бөлшек қатар қойылады;

-ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш ,олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;

-төрт кірпіштің үстінен көлденеңінен екі кірпіш қойылады;

-жүк таситын қорабы екі ұзын бөлшек,бір қысқа бөлшектен құралады;

-балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып,кейбір балаларға көмек көрсетіледі;

-балалардың өздігінен дербес шығармашылықпен әрекет                                                             етуіне бағыт беріледі;

-өз ойларын қосып,бөліктерді толықтырып,жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбеккер мадақталып,ерекше аталып өтеді.

Сергіту сәті.                                        

Отырамын рөлде,                         Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде.                      Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым-машинам,              Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға.                         Бидай мен арпаңды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау-түзету

 (Рефлекстік -коррекциялық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға көлік түрлерінің пайдасы,ерекшелігі,не үшін қолданылатынын әңгімелетіп,өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтарын айтқызып,сабақ қорытындыланады.

Ескерту.Жүк машинасын сүт таситын машинаға өзгерту үшін құрастыру материалдарының бөлшектерін ауыстыру арқылы жасалу жолдары түсіндіріледі.Мысалы:жүк машинасының тіркемесінің орнына дөңгелек цилиндр пішінді құрастыру материалы қолданылады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Көліктің  түрлерін

Болу керек:  Жүк  машинасы

Үйрену керек: Құрастыру   ойыншықтарымен  дұрыс  жұмыс  жасауды

                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сабақ. Қол еңбегі.

Күшіктің үйшігі.Күшік пен мысық.

Мақсаты:балаларды қағаз түрлері,оның қолданылуы,сапасымен таныстыру;қағазбен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру,тіктөртбұрыш пішінді қағаздан әртүрлі ойыншықтар жасату арқылы ой қиялын дамыту;қайшымен қауіпсіз жұмыс жасау ережесімен таныстыру.

Керекті құралдар мен материалдар:түрлі түсті қағаздар ,қайшы,желім,үлгі суреттер,қатырмақағаз және жазуға арналған жұқа қағаздар,т.б

Әдіс-тәсілдері: ҚАҒАЗДЫ БҮКТЕУ,ҚИЮ,ЖЕЛІМДЕУ,ҚАРАМА-ҚАРСЫ БҰРЫШТАРЫН ТЕҢЕСТІРУ,ТҮЗУ ҚИЮ ТӘСІЛДЕРІН ТҮСІНДІРУ;ҮЛГІЛЕРДІ ТАЛДАУ.

АЛДЫН АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС:ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ МЕН ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР ЖАЙЫНДА ЕРТЕГІ ОҚУ; СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕЛЕТУ;ОЛАРДЫҢ БІР-БІРІНЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА АЙТЫП, СИПАТТАМА БЕРУ.

Билингвальдық компоненттер:  күшік-  щенок , мысық —  кошка

Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті

 

Ұйымдастырушылықоятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Қадірлі боп жүрейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.

Ұйымдасушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

. Педагог балаларды әртүрлі қағаз түрлерімен («Қағаз түрлері» кестесі) таныстыра отырып, сапасына (қалың, жұқа, жұмсақ, қатты, бүктеледі, бүктелмейді, умаждалады) тоқталады. Мысалы: түрлі түсті қағаздар, жұқа қағаздар, жұқа фольга оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсетіледі. Ал қатырмақағаздарды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді. Мұғалім: «Мына түрлі түсті қағаздарды қараңдаршы, түстерін айтып беріңдер»,-деп сауал қояды (қызыл, жасыл, сары, көк т.б). Пішінін сұрайды (тіктөртбұрыш).Бір парақты ортасынан бүктеп,үлкен-кіші қағаздардың көлемдерін салыстырады.Осындай тіктөртбұрыштарды бүктеп,қию арқылы түрлі ойыншықтар жасап үйренетіндіктерін айтады.

Әліппе-дәптерден балалар,күшіктің үйшігінің күшік пен мысықтың орындалу ретін қарайды.

Балаларға жұмыс жасау оңай болу үшін тәрбиеші алдын ала дайындаған үлгіні қарап көруді,орындалу ретімен танысуды ұсынады.Жұмыс барысында тәрбиеші балалардың желіммен,қайшымен дұрыс жұмыс жасауларын қадағалап отырады.Үлгіні қарай отырып,ойыншықтардың бөліктерін қарап өздерінің жасаған жұмыстарын салыстырып отыруға бағыт береді.Әліппе-дәптердегі үлкен бөліктерді,түстерді таңдау,бұрыштарын теңестіру,ортасынан бүктеу,саусақпен сындыру сияқты орындалу ретін қайта қарай отырып,өз жұмыстарын орындауға бақылау жасайды.

Тіктөртбұрышты парақты ортасынан бүктейміз,таңдалған түске,дене көлеміне байланысты қараймыз,үйшіктің төбесін алдын ала дайындалған есікті үйшіктің қабырғасына желімдейміз.

Тіктөртбұрыш қағазды ортасынан бүктеу арқылы бұрыштары мен қабырғаларын тексеріп,оны саусақтарымен «сындырып» бүктейді,бұл кеуде бөлігі болады.Түрлі түсті қатты қағазға жай қарындашпен мысықтың және күшіктің денесін сызып алып, оларды пропорционалдық  қатынасын сақтай отырып қиып алады. Содан кейін дөңгелек сызып, оны қиып алады, бұл басы болады. Ұсақ бөліктерден мысықтың үшбұрыш, күшіктің құлағын сопақша дөңгелек тәрізді етіп қиып алады. Көзі, тұмсығы және мұрттары сияқты ұсақ бөліктеріне де назар аудару қажет. Олардың кейбір өте ұсақ бөлшектерін фломастермен болмаса түрлі түсті қарындашпен салуға да болады. Бұдан кейін мысықтың құйрығын жіңішкелеу,  күшіктің құйрығын жуандау етіп әртүрлі формада қиып алады. Алдымен олардың дене бөліктерін жоғары жағынан бастап: алдымен басын,денесін,соңынан құйрығын жапсырады.Енді оған балалардың қалауы бойынша қосымша бөліктерді өздері ойлап,таңдап жасауға болады.Атап айтқанда: бантик,көбелек және қарғыбау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау-түзету

 (Рефлекстік -коррекциялық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңында тәрбиеші күшікке де, мысыққа да ат қоюды және жұмбақ немесе солар туралы тақпақ айтып беруді сұрайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: күшіктер  мен  мысықтар  жайлы.

Болу керек: күшіктің   үйшігі

Үйрену керек:қағазбен  дұрыс  жұмыс  жасауды.

 

 

 

 

 

 

3-сабақ. Құрастыру.

 Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Гараж.

Мақсаты: құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын арттыру; көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыра білуге жаттықтыру; гаражды ойыншық машинаның көлеміне қарай құрастыра білу; құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар: құрастыру материалдары; сызба үлгі суреттер; әліппе-дәптер; үлкен және кіші ойыншық машиналар .

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, суреттер мен сызба үлгілерді талдау, құрастыру жолдарын түсіндіру, ойын іс-әрекеті.

Адын-ала жүргізілетін жұмыс:  жақын жердегі гаражға мақсатты серуен ұйымдастыру.

Билингвальдық компоненттер:

Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың іс-әрекеті

 

Ұйымдастырушылықоятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Ұйымдасушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог «Дидактикалық  материалдардағы» суреттерді пайдаланып, балалардан көлік түрлерін айтуды сұрайды (автобус, троллейбус, жеңіл машина, пойыз, ұшақ т.б). «Жеңіл машиналарды кешке жұмыстан кейін қайда қояды?-деген сауал береді. (Жауабы: гаражға). Тағы да қойылатын сұрақтар: «Автобустарды ше? Троллейбустар қайда тұрады?» (Автобус, троллейбус парктерінде). «Кімнің үйінде жеңіл машина бар? Әкелеріңмен гаражға барып көрдіңдер ме?» т.б.

Балаларға ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмбақтар шешкізу.

 

Сымға асылып,                                                      Күні-түні көше кезіп зырлайды,

Жүр асығыпЖолаушыға қызмет етіп тынбайды.

Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар

 

 

Педагог: осы жол көліктерінің бәрінің де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады.Оны гараж деп атайды.Гараж деп-бір машина тұратын жерді,ал «автотұрақ» деп әртүрлі және бірнеше транспорттың тұратын орнын айтады.Келесі сабақтарда автотұрақты да қарастырамыз.

Балалар әңгімесін толықтыра келіп, бүгін құрастыру материалдарынан гараж жасайтындарын айтады.Әр балаға ойыншық машина беріледі.Сызба үлгі суреттерге талдау жасайды.Әліппе-дәптердегі үлгіге мұқият қарау ұсынылады,ондағы тапсырмаларды дұрыс орындауға бағыт береді.Гараждың неден жасалғанына  назарларын аударады.Құрастыру материалдарынан қабырғасына,төбесіне және есіктеріне қанша бөлшек қоюға болатынын анықтап алады.Көлемін,пішінін,ұзындығын қарап,қалай орналастыру керектігін келісіп алады.Бөлшектер саны құрастыру материалдарының көлеміне сәйкес таңдалады.Екі ұзын бөлшекті немесе үш бөлшекті бірінің үстіне бірін қойып,алдымен бірінші қабырғасын,дәл осылай екінші қарама-қарсы қабырғасын құрайды.Екі қысқа бөлшектен артқы бөлігін құрастырып қояды.Төбесін пластинамен жабады.Бала өз қалауы бойынша есігін екі жаққа немесе бір жаққа ашылатын етіп жасайды.Гаражды алдын ала берілген ұсақ ойыншық машиналардың көлеміне сәйкес құрастыру қажеттігі ескертіледі.Құрастыру жұмысы дайын болғанда машинарын гаражға қойып,есігін жауып,ойын іс-әрекетіне ауысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау-түзету

 (Рефлекстік -коррекциялық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі.Жақсы орындалған еңбек нәтижесі мадақталып,қорытындыланады.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: гараждың  түрлері.

Болу керек:құрастырылған  гараж

Үйрену керек: топпен  жұмыс  жасауды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Comments

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code