Сабақтың тақырыбы: Үй

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге үйрету; бүктелген қағаздан тіктөртбұрыш пен шаршыны дұрыс қиып, шаршыны екі үшбұрышқа бөлуді, дұрыс желімдеуді үйрету.

 

      Көрнекі құралдар мен материалдар:

Аппликациялық жұмыстың үлгісі, әртүрлі өлшемдегі шаршылар мен үшбұрыштар, түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жапсыру жұмысы үшін үстел үстін қалай дайындау керектігін көрсетіп, түсіндіру. Қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал жұмыс орнында қайда тұру керектігін көрсетіп беру. Үстел үстін, киімді бүлдірмей таза және ұқыпты жұмыс істеу туралы әңгіме жүргізу. Қайшымен, желіммен жұмыс істеген кезде сақтау керек техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Сәулет өнері, үйдің қалай тұрғызылатыны жөнінде әңгімелеу. Балаларға конструктор бөлшектерінен үйді қалай құрастыратынын

қарау.

Аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып түсіндіру. Тіктөртбұрыштан шаршыны дұрыс қиюға, шаршыны екі үшбұрышқа бөліп алуға жаттықтыру. Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні қарап отырып, жұмысқа кіріседі.

 

      Сергіту сәті:

      Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

 

     

      Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздардан әртүрлі өлшемдегі шаршы қиып аламыз (үлкен, орташа, кіші).

Үлкен шаршыны қиғаш (диагональ) сызық бойымен бүктейміз. Шаршыны жайып, бүктеу сызығының бойымен қиып аламыз.

Негізгі бетке ретімен жапсырамыз:

Орташа шаршы – үйдің қабырғасы;

Үлкен үшбұрыш – үйдің шатыры;

Кішкентай шаршы – терезесі.

 

      Оқу іс-әрекетін қорыту.

Аяқталған жұмыстар тексеріледі, орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктер болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру; домалақ және сопақ пішіндерді қағаздан қиып үйрену; бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуге дағдыландыру; балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.

 

      Көрнекі құралдар мен материалдар:

Жемістердің нақ пішіндері (муляждары) немесе суреттері, дайын  жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері,түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмыс орнын қалай дайындау керектігін, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін есіне түсіру. Балаларға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды дұрыс орналастыруға көмектесу.

Үстелдің үстіне ыдысқа салынған жемістер (нақты пішіндер) тұрады. Балалардан не көріп тұрғандарын сұрап, олардың түстерін, геометриялық пішіндерін анықтау. Мысалы: алма домалақ, қызыл, сары, жасыл; алмұрт сопақ, жасыл, т.б. сұрақтардың көмегімен балалар жемістердің дөңгелек немесе сопақ пішінді болатындығы туралы қорытынды жасау. Екі еселеніп бүктелген шаршы қағаздан дөңгелек немесе сопақ пішінді қалай дұрыс қию керек екендігін көрсету. Содан соң балаларды аппликацияны орындаудың барлық кезеңімен жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіру.

 

      Сергіту сәті:

      Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.

 

     

      Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Тіктөртбұрышты екіге бүктейміз.

Екі бүктелген қағазға жемістердің жарты бөлігін қарындашпен сызып аламыз.

Белгіленген сызық бойымен жемістерді қиып аламыз.

Қиып алынған жемістерді жазып, негізгі бетке жапсырамыз.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Аяқталған жұмыстардың орындалу барысын тексеріп, артықшылықтары мен кемшіліктерін балалармен біріге отырып талқылау. Балалардың жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

Сабақтың тақырыбы: Есек

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге дағдыларыру; есекті дөңгелек және сопақ пішіндерден қиып жапсыруды үйрену; жапсыру жұмысын орындағанда ұқыпты, тиянақты болуға тәрбиелеу.

 

      Көрнекі құралдар мен материалдар:

Есектің суреттері, алдын ала қиып жапсырылған үлгі жұмыс, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмыс орнын дайындауға көмектесу. Жапсыру жұмысына қажетті құралдарды дұрыс орналастырып, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін қайталап, естеріне түсіру.

Үй жануарларының бірі есек туралы, жүк тасуға ыңғайлы көлік екендігін әңгімелеу. Содан соң ойыншық есекті көрсетіп, оның дене құрылысын анықтау. Балалар есектің барлық дене мүшелері әртүрлі өлшемдегі сопақша пішінге ұқсас болып келетінін анықтайды.

Аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып, түсіндіру. Балалар жұмыс дәптеріндегі аппликацияны орындалу ретіне қарай отырып, тапсырманы орындау.

 

      Сергіту сәті:

      Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

      Жұмыс барысы:

      Қара және сұр түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Сұр түсті қағаздан контур бойымен есектің денесін, мойнын, басын, құлақтары мен құйрығын қиып аламыз.

Белгіленген сызықтар бойынша қара түсті қағаздан жалын, кекілін, құйрығының қылын және тұяқтарын қиып аламыз.

Қағаз бетіне бөлшектерді мынадай ретпен жапсырамыз:

Денесін;

Мойнын;

Басын және құлақтарын;

Кекілін, жалын, қылын желімдейміз.

Қара фломастермен есектің көзін, мұрнын, аузын саламыз.

Балалардың жұмыстарын қадағалау, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар беру.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту:

      Орындалған, аяқталған жұмыстарды талдау, бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Теңізде жүзген кеме

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларға жыртылған қағаздан аппликация жасауды үйрету; ұқыпты болуға дағдыландыру; саусақ икемділіктері мен зейіндерін дамыту.

 

      Көрнекі құралдар мен материалдар:

Кеменің алдын ала жасалған дайын үлгісі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Кеме туралы өлең оқып беріп, түсінік беру. Суреттер көрсету арқылы кеме құрылысымен таныстыру. Балалардан кемелер қайда тұрады, олардың адамдарға қандай пайдасы бар екенін сұрау арқылы кеме туралы білімдерін анықтау. Кемені көлік ретінде пайдалатынымызды, оның пайдасы көп екенін айтып, білімдерін молайту. Кеменің пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды.

Жұмыс дәптеріндегі кеменің жасалу ретіне назарларын аударып, аппликацияның орындалу барысын түріндіру.

 

Сергіту сәті:

      Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

 

      Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Дайындамадан алдын ала белгілеп қойған аппликация бөлшектерін – толқынды, кемені, желкенді, күнді қиып аламыз.

Негізгі бетке толқынның бөліктерін – ашық және қанық көк түсті жолақтарды кезектестіре отырып ұқыптап жапсырамыз.

Кемеге желкені мен діңгегін жапсырамыз.

Күнді жапсырамыз.

Балалар өз беттерінше жапсыру жұмыстарын орындайды. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, жұмыс барысында жасай алмай қиналып отырған балаларға көмек көрсету.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту:

      Барлық балалар жұмыстарын аяқтағаннан соң, оқу іс-әрекетін талдау, бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Сабақтың тақырыбы: Гүлді ашықхаттар

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Гүл пішінін жасауға қатысты тәсілдерді меңгерту; ашықхатты гүлмен әшекейлеп, безендіруді үйрету; әдемілікті сезіне білулерін, көркемдік талғамдарын дамыту.

 

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Құтыдағы гүлшоғы, қатырмақағаз, ашықхаттың дайын үлгісі.   жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Гүлдер туралы өлең жолдарын оқып, балалардың назарын гүлдердің әдемі де, әсерлі ашық түсіне аудару. Содан соң бұл гүлдердің адамға қандай көңіл күй сыйлайтынын сұрау. Балалар гүлдердің қуаныш, мейірім, күлкі сыйлайтынын айтады. Бірақ гүлдер үзіп алғаннан кейін өте ұзақ тұрмайды. Бірақ осы сұлулықты сақтауға, жақындары мен достарына сыйлауға болатындығын айту. Ол үшін гүлді қағаздан жасап, онымен ашықхатты безендіруге болады. Ары қарай жұмыстың орындалу барысын, ретін түсіндіру.

 

Сергіту сәті:

      Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.

 

Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздардан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Тіктөртбұрыштардан жапырақ, гүл күлтелерін және сабағын жасау үшін, бүктеп аламыз.

Жай қарындашпен жапырақ, гүл күлтелерін және сабағын сызып аламыз.

Бөліктерді белгілері бойынша қиып аламыз.

Бөліктерді ашықхаттың бетіне ұқыптап орнатамыз.

Бөліктерді ретімен жапсырамыз.

Балалар жұмыс дәптеріндегі аппликациялық жұмыстың орындалу ретімен танысып, ашықхат дайындау.

Балалардың жұмыстарын қадағалап бақылау, жұмыста қиналап, жасай алмай отырған балаларға көмектесу.

Балалардан ашықхатты кім үшін дайындағысы келетінін, оны кімге сыйлайтынын сұрап, әңгімелету.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Дайын жұмыстарды балалармен бірге талдау, бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

Күні, айы, жылы:_________________

 

Сабақтың тақырыбы: Торсықтар

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларға қазақтың ұлттық ыдыстарының бірі – торсық туралы мағлұмат бере отырып, оны аппликациялық тәсілмен безендіруді үйрету; заттың пішініне сәйкес ою-өрнекті таңдай алу; эстетикалық талғамдарын арттыру.

 

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Ою-өрнек үлгілері, дайын торсықтың үлгісі,  жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Үстел үстіне ұлттық ыдыстардан көрме ұйымдастыру. Балалардан ұлттық ыдыстардың аттарын, олардың не үшін қолданылатынын сұрау. Торсықтың тұрмыста қолдалнылу жайында әңгімелеу. Ұзақ жолға шыққан жолаушы торсыққа қымыз немесе сусын толтырып алып шығады. Торсықтың бір жақсы қасиеті қымызды немесе сусынды салқын күйінде ұзақ уақыт сақтап тұра алады. Балалардың жауабынан кейін қымыз құятын торсықты көрсетіп, оның пішінінен, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейлеуіне назар аударады.

Балаларға жұмыс дәптеріндегі торсықты әшекейлеудің орындалу ретін көрсете отырып түсіндіру. Ою-өрнек элементтерін еске түсіру (құсқанаты, бұғымүйіз, қызғалдақ, қошқармүйіз, т.б.).

 

Сергіту сәті:

 

      Кәне, сапты түзейік.

     Тіземізді бүгейік.

     Алға ыршып түсейік.

     Артқа ыршып түсейік.

      Көбелекше ұшамыз.

      Отырамыз, тұрамыз.

 

Оқу іс- әрекетінің барысы:

Үлгі қапты қиып алу.

Ашық қоңыр және қою қоңыр түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.

Тіктөртбұрыш қағаздарды екіге бүктеу.

Торсықтың үлгіқалыбын ашық қоңыр түсті қағаздың бүктелген жерінен қойып, оны жай қарындашпен айналдыра сызу.

Торсықтың контур сызығы бойымен қиып, қағазды жазу.

Торсықтың негізгі бетке жапсырып, оған оюды жапсыру.

Жұмыс әдемі көріну үшін, оюдың контур сызығын қоңыр фломастермен айналдырып сызуға болады.

Балалар торсықты әшекейлеу жұмысын орындайды, олар сыртынан қадағалап бақылайды. Ою-өрнектері дұрыс таңдауларына, оларды әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттілігіне бағыт беріледі.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Дайын жұмыстарды балаларға көрсетіп, талдау жұмысын жүргізу, жақсы қиылған торсықты үлгі ретінде көрсету.Балаларды мадақтап отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапсыру.

жапсыру оқу іс-әрекетіне жылына 32 сағат,

аптасына 1 сағат берілген.

 

 

Мақсаты:

Баланы безендіру , ою- өрнек қызыметіне даярлау;

қию тәсілдерін меңгерту;

іскерлікке тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

р/с

 

Іс – әрекеттің тақырыбы

 

Іс – әрекеттің мақсаты

 

Қажетті құралдар

 

Сағат саны

 

Мерзімі

 

1 Үй Геометриялық фигуралардан (шаршы, үшбұрыш) аппликация жасау. Қию тәсілін жетілдіру Түрлі түсті қағаз 1
2 Жемістер Геометриялық фигуралардан (дөңгелек, сопақ) аппликация жасау. Қию тәсілін жетілдіру Түрлі түсті қағаз 1
3 Есек Геометриялық фигуралар негізінде аппликация құрастыру Түрлі түсті қағаз 1
4 Теңізде жүзген кеме Жыртылған қағаздан аппликация жасау Түрлі түсті қағаз 1
5 Гүлді ашықхаттар Қағаз пластика тәсілімен таныстыру. Гүл жасау тәсілін меңгерту Түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз 1
6 Торсықтар Торсықты ою-өрнекпен безендіру. Ұлттық ыдыстың мәнерлі бейнесін жасау Түрлі түсті қағаз 1
7 Күзгі жапырақтар Өң берілген қағазға аппликация жасау. Қағазға гуашьпен өң беру.ұжымдық композиция құрастыру Қағаз, гуашь 1
8 Күзгі суреттер Табиғи материалдардан композиция құрастыру Кептірілген күзгі жапырақтар, шөп, гүл күлтелері 1
9 Сегізаяқ Алақан таңбасы.контур сызық бойымен қию.көңілді немесе мұңды сегізаяқ бейнесін жасау Гуашь, өң берілген қағаз 1
10 Ұлттық ою-өрнек Екі бүктелген қағаздан күрделі емес ұлттық өрнекті симметриялы қию тәсілін меңгеру Түрлі-түсті қағаз 1
11 Менің машиналарым Геометриялық фигуралардан аппликация жасау. Түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз 1
12 Қала Геометриялық фигуралардан аппликация жасау. Түрлі түсті қағаз 1
13 Қала Геометриялық фигуралардан аппликация жасау. Түрлі түсті қағаз 1
14 Аққалалар Екі еселеніп бүктелген шаршыдан қиылған әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққаланың бейнесін құрастыру Түрлі түсті қағаз 1
15 Жаңажылдық ашықхат Қолдан жаңажылдық ашықхат дайындау Түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатырмақағаз 1
16 Мозаика Кішкентай түрлі-түсті шаршылардан сюжетті мозаика орындау Түрлі түсті қатырмақағаз 1
17 Мозаика Кішкентай түрлі-түсті шаршылардан сюжетті мозаика орындау Түрлі түсті қатырмақағаз 1
18 Жолақтағы ою-өрнек Қабатталып бүктелген қағаздан ою-өрнек қию. Кішкентай түрлі  түсті шаршылардан сюжетті мозаика орындау Түрлі түсті қағаз 1
19 Ай мен жұлдыздар Ай мен жұлдыздардың аппликациялық бейнесін жасау. Шаршы қағаздардан қию тәсілі. Кішкентай түрлі  түсті шаршылардан сюжетті мозаика орындау Түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатырмақағаз 1
20 Көлік.автобус Автобустың өзіне тән сипатын бере білу. Екіге бүктелген қағаздан симметриялы қию тәсілі Түрлі түсті қағаз 1
21 Кілем Матадан аппликация жасау. Кілемді ұлттық ою-өрнекпен сәндік безендіру Қатырмақағаз, фетр мата 1
22 Көктем Матадан аппликация жасау. Әртүрлі матадан сәндік коллаж жасау Қатырмақағаз,  мата қиындылары 1
23 Көктем Матадан аппликация жасау. Әртүрлі матадан сәндік коллаж жасау Қатырмақағаз,  мата қиындылары 1
24 Шаттық шеңбері Көңіл күйді беру арқылы сюжетті аппликация құрастыру. Матадан аппликация жасау. Әртүрлі матадан сәндік коллаж жасау Түрлі түсті қағаз, маталар қиығы 1
25 Шаттық шеңбері Көңіл күйді беру арқылы сюжетті аппликация құрастыру. Матадан аппликация жасау. Әртүрлі матадан сәндік коллаж жасау Түрлі түсті қағаз, маталар қиығы 1
26 Тай Әртүрлі сопақшалардан аппликациялық бейне құрастыру Түрлі түсті қағаз, 1
27 Сырмақтың оюы Сырмақтың оюының аппликациясы Түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз 1
28 Ғарыш Планеталардың аппликациялық бейнесін жасау. Шаршы қағаздардан қию тәсілі Түрлі түсті қағаз 1
29 Текемет Текеметті ұлттық өрнектермен безендіру Түрлі түсті қағаз 1
30 Әтеш Айқын түстерді қолдану Түрлі түсті қағаз 1
31 Сыйлықтық гүл Ұжымдық жұмыс. Көлемді аппликация Түрлі түсті қағаз 1
32 Достық пойызы Ұжымдық жұмыс. Қорытынды жұмыс – панно жасау Түрлі түсті қағаз, өң берілген қағаз, қатырмақағаз 1

 

 

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code