Сабақтың тақырыбы: Күн мен бұлт

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу

     

      Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен, құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізі: жұмсарту, созу, құрастыру, жаю, тегістеу, жалпақтау, домалақтау тәсілдермен таныстыру; қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.

 

      Көрнекілік:

Күннің және бұлттың суреттері, жұмыс дәптері, тақтайша, көк немесе көгілдір түсті қатырмақағаз, ермексаз, кескіш тақтайша, қолорамал.

 

      Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айту. Үстел үстін, киімін бүлдірмей материалдармен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалдарды қалай қолдану керектігін түсіндіру. Ермексазбен жұмыс аяқталғаннан кейін, қолды орамалмен сүртіп, сабынмен тазалап жуу керек. Балалар жұмыс орындарын дайындайды.

Балаларды мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдермен таныстыру. Бүтін ермексазды жұмсарту, есу қиын болатындықтан ермексазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бірнеше бөлікке бөліп алып, алдымен алақанға салып жұмсартып, сосын тақтайшада ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керектігін көрсете отырып түсіндіру, көрсеткен бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды.

Балаларға бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіру:

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

      Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

    

      Жұмыс барысы:     

Көк түсті қатырмақағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін саламыз.

Ақ және сары түсті ермексаздың кесегін жұмсартамыз.

Ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, әр бөлігін тақтайшаның үстіне салып ұзынша, жіңішке ширатпалар есеміз.

Ширатпаларды сұлбаның өн бойына салып, қатырмақағазға жапсырамыз.

Күн мен бұлттың ішін сәйкес түсті ермексазбен толтырып, бетін тегістеп шығамыз.

Жекелеген ширатпадан күннің сәулесін жапсырып шығамыз.

Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.

 

      Қорытынды:

Жасалған мүсіндеу жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.  Жұмыстарды талдау, бағалау.

Дұрыс әрі тиянақты орындаған жұмыстарды атап көстету. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақты алқап

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балалардың бірнеше бөліктен тұратың заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту; оларға мазмұн беру; мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.

 

      Көрнекілік:

Саңырауқұлақ суреттері, тақтайша, ермексаз, кескіш тақтайша, қолорамал.

 

 Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға саңырауқұлақ, олардың түрлері туралы түсінік беру. Қайда өсетіні, атауы, оның тамақ ретінде пайдалатыны, улы түрінің болатыны жайында мағлұматтар беру. Балалардан кімнің саңырауқұлақты өз көзімен көргені, жинағаны туралы сұрау. Балаларға жұмыс дәптерлеріндегі саңырауқұлақты мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсете отырып түсіндіру.

 

Сергіту сәті:

Ұзын мұрты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

     

      Жұмыс барысы:

Алдымен ақ және қоңыр түсті ермексаз кесегін екіге бөліп, алақан арасына салып жұмсартамыз.

Қоңыр түсті кесегін алақан арасына салып домалақтап, шарик жасаймыз. Оның ортасын басбармағымызбен басып, саңырауқұлақтың қалпағының пішініне келтіреміз.

Ақ түсті ермексазды цилиндр-шұжық пішініне келтіреміз, ол саңырауқұлақтың аяғы болады.

Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз.

Саңырауқұлақты жасыл түске боялған қатырма қағаздың үстіне орнатамыз.

Балалар үлгіге қарап отырып мүсіндеу жұмысын орындайды.

 

      Қорытынды:

Аяқталған жұмыстардың орындалуына талдау жасап, ең жақсы жасалғандарын атап өту.

Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару. Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, бағалау.

Сабаққа бесенді қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Тасбақалар

     

      Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

     

      Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Бүтін бөліктен созу тәсілі арқылы тасбақаны мүсіндеуді үйрету; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.

 

      Көрнекілік:

Тасбақа бейнеленген суреттер, ермексаздан жасалған дайын үлгі, жұмыс дәптері, ермексаз, таяқша, тақтайша, қолорамал.

 

  Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға тасбақа туралы жұмбақ жасыру. Балалардың дұрыс жауабынан кейін тасбақаның суретін көрсету арқылы оның құрылысына, дене бітіміне назарларын аударту.

Ермексаздың бүтін кесегінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысының барысымен таныстыру. Үлгіні көрсете отырып, балаларға тасбақаның жасалу жолдарын көрсету.

 

Сергіту сәті:

      Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкілдеп.

 

Жұмыс барысы:

Қоңыр ермексаз кесегін жұмсартып аламыз.

Үлкен домалақ жасаймыз.

Созу тәсілімен басын, мойнын және аяқтарын шығарып аламыз.

Жіңішке ширатпалар дайындап аламыз.

Тасбақаның сауытын ширатпалармен безендіреміз.

Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарап отырып, тасбақаны мүсіндеуге кіріседі. Көрсетілген созу тәсілін қолдана отырып, жұмысты орындау.

 

 

Қорытынды:

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастыру. Балалар жұмысын талдау, бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Киттің балалары

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

      Балаларға ермексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілін қолдану арқылы мүсіндеу жұмыстарын үйрету; тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

      Көрнекілік:

      Киттер және олардың балалары бейнеленген суреттер, ермексаздан жасалған дайын үлгі, жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға кит, басқа да балықтар туралы жұмбақ жасыру. Балалардың жауабынан кейін киттердің баласының суретін көрсетіп олардың дене мүшесінің құрылысына басы, қанаттары, құйрығының орналасу ретіне назарларын аударту. Ермексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысын тағы көрсете отырып түсіндіру. Үлгіге қарап отырып, киттің баласын жасау жолын көрсету.

   

     

      Сергіту сәті:

Ұзын мұрты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

                                    

      Жұмыс барысы:

      Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартамыз.

Үлкен домалақ жасаймыз.

Созу тәсілімен киттің құйрығын шығарып аламыз.

Құйрығының дәл ортасынан тілік жасаймыз да, ұшын сүйірлеп, тегістеп, пішінін кетіреміз.

Тісшұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын белгілейміз.

Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, киттің баласын мүсіндеуге кіріседі. Шымшу, созу тәсілдерін қолданып, жұмысты орындайды.

 

Қорытынды:

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастырып, балалар жұмысын талдау, бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Сабақтың тақырыбы: Көкөністер

 

      Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын-терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.

 

Көрнекілік:

Жемістер мен көкөністер муляждары, түрлі түсті ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

«Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады. Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшелетінін сұрап білу. Күзде барлық жеміс-жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мерекесыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру. Бүгін көкөністерді ермексаздан жасайтынымыз туралы айту. Жұмыс барысында қай бала көкөністердің қай түрін жасайтынын айтады. Көкөністің ол түрін жасау үшін ермексаздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді.  Көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан, балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураларға ұқсайтынын, сондай-ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.

Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айтады. Көкөністердің жұмыс дәптеріндегі жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп беру.

Қызыл, күрең қызыл, жасыл, қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.

Көкөністің түріне қарай шарик немесе цилиндр пішіндерді мүсіндеп аламыз.

 

     

 

      Жұмыс барысы: көкөністі жасау:

Қызанақ – қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз, ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы мен жапырағын орнатамыз;

      Қияр – жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;

Қызылша – күрең қызыл домалақтанған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;

Сәбіз – цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түрлі қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;

Бұрыш – жасыл түсті ермексаздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз, жоғарғы бөлігін саусағымызды батыра басып, шағын ойықша жасаймыз да, оған ермексаздан жасалған жапырақтың сағағын бекітеміз.

Балалар жұмыс дәптерін алып, мүсіндеудің орындалу ретімен танысып, жұмысты орындайды.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын болған көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып, «Біздің өнім» атты көрме ұйымдастыру. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын қарап, сабақты қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Кеселер

 

      Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

      Ширату тәсілі арқылы ыдыс мүсінін жасау тәсілін үйрету; заттың сыртын ою-өркенпен безендіру меңгерту; жұмыс барысында өзін дұрыс ұстап, жұмысты тиянақты орындауға дағдыландыру.

 

Көрнекілік:

Үлгі ретінде алдың ала дайындалған кесе, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға ыдыстар туралы жұмбақ жасыру. Балалардың жауабынан кейін ыдыстардың неден жасалатыны туралы түсінік беру.

Үлгі ретінде дайындалған кесені көрсетіп, оның пішінінің ерекшеліктеріне тоқталу. Кесенің өте ертеде жасалып, қолданылып келе жатқаны туралы түсіндіру. Мүсін жасау үшін қолданылатын айналып тұратын құрал жоқ кезде адамдар сазбалшықтардан ширатпалар есіп, ыдыс жасаудың оңай тәсілін ойлап тапқандығы туралы айтылады. Жасалу жолын жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіру. Ширату тәсілінің орындалуын еске түсіру.

 

Сергіту сәті:

      Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

      Жұмыс барысы:     

Бір кесек ақ түсті ермексазды және жарты кесек түсті ермексазды илеп жұмсартып аламыз.

Ақ түсті ермексаздың бір кесегі мен түсті кесектің жартысын жұмсартамыз.

Ақ түсті жұмсартылған ермексаздың шағын бөлігін домалақтап, оны алақанға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің дөңгелек түбін жасау.

Ақ түсті ермексаздың қалған бөлігінен есу арқылы орташа қалыңдықта ширатпалар жасаймыз.

Тақтайшадағы кесенің түбіне ақ түсті ширатпаларды айналдыра орай отырып, кесенің пішініне келтіреміз.

Кесенің сыртын саусақпен тегістеп шығамыз.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жасалған мүсіндерді талдау, бағалау. Кесемен жұмыстың келесі сабақта жалғастыратынын айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүсіндеу

Мүсіндеу оқу іс-әрекетіне жылына 32 сағат,

аптасына 1сағат берілген.

 

 

Мақсаты:

Мектепке дейінгі жастағы баланың мүсіндеудің көмегімен бала байқағыштығын, ептілігін қалыптастыру;

баланы әсемдікке баулу;

еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

 

р/с

 

Іс – әрекеттің тақырыбы

 

Іс – әрекеттің мақсаты

 

Қажетті құралдар

 

Сағат саны

 

Мерзімі

 

1 Күн мен бұлт Қатырма қағазға түрлі түсті етмексаздан өте биік емес бедер құру Қатырмақағаз, ермексаз 1  
2 Саңырауқұлақты алқап Екі бөліктен құрастыру тәсілімен затты мүсіндеу Ермексаз 1  
3 Тасбақалар Бүтін ермексаз бөлігін созу тәсілімен мүсіндеу Ермексаз 1  
4 Киттің балалары Ермексаздан бүтін бөлігін созу тәсілімен мүсіндеу Ермексаз 1  
5 Көкөністер Көкөністердің пішіні мен ерекшелігін көрсете отырып, нұсқасына қарап мүсіндеу Ермексаз 1  
6 Кеселер Шиыршықталған ермексаздан мүсіндеу. Ыдысты мүсіндеу тәсілін үйрену. Ермексаз 1  
7 Кеселер Кесені оюмен безендіру.Ою жапсырылған кесені сәндік өрнектермен безендіру Ермексаз 1  
8 Кірпілер Ермексаз бен табиғи  материалдардың көмегімен тікенекті кірпінің бейнесін жасау Ермексаз, шырша тікенектері 1  
9 Балықтар Үлкен ермексаз бөлігін созу тәсілімен мүсіндеу. Безендірудің әртүрлі тәсілдері. Ермексаз 1  
10 Көңілді күшік Әртүрлі өлшемдегі цилиндр пішіндерден  мүсіндеу тәсілі Ермексаз 1  
11 Ұлттық ою — өрнек Ұлттық өрнектермен безендірілген бедерлер құру. Шиыршықталған ермексазан мүсіндеу Ермексаз 1  
12 Ұлттық ою — өрнектер Ұлттық өрнектермен безендірілген бедерлер құру. Шиыршықталған ермексазан мүсіндеу Ермексаз 1  
13 Көжектер Әртүрлі өлшемдегі цилиндр пішіндерден  мүсіндеу тәсілі Тұзды қамыр 1  
14 Түлкі Әртүрлі өлшемдегі цилиндр пішіндерден  мүсіндеу тәсілі Ермексаз 1  
15 Аяз ата мен Ақшақар Әртүрлі әрлеу тәсілімен айқын бейне құрастыру арқылы мүсіндеу ермексаз 1  
16 Портрет Бет-әлпеттің өзіндік ерекшелігін бере отырып, бедерлі мүсіндеу Тұзды қамыр 1  
17 Қысқы ойындар Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру Ермексаз 1  
18 Қысқы ойындар Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру Ермексаз 1  
19 Ұйқыдағы мысықтар Әртүрлі өлшемдегі цилиндр пішіндерден  мүсіндеу тәсілі Ермексаз 1  
20 Қой Қойды бедерлі мүсіндеу. Қой жүнінің түрін беру. Тұзды қамыр 1  
21 Ұлттық ою – өрнектермен безендірілген тәрелке Қағаз немесе пластика тәрелкені ою-өрнекпен сәндік безендіру Ермексаз 1  
22 Тышқандар Қаңқасы умаждалған фольга болатын тышқандарды тұзды қамырдан мүсіндеу Тұзды қамыр 1  
23 Ұлттық киімдегі арулар Ұлттық киімдермен танысу. Қоңырау пішінді белдемшенің негізінде қыз баланың тұлғасын мүсіндеу Ермексаз 1  
24 Жылға Түсті жаймарлау арқылы (су,аспан) бедерлі мүсіндеу тәсілімен танысу. Тақырыптың түстік шешімі және түстік айқындылықты күшейту Ермексаз 1  
25 Алдаркөсе Өзіндік келбет ерекшелігін бере отырып, ертегі кейіпкерінің бенесін құрастыру Ермексаз 1  
26 Сиырлар Ұжымдық жұмыс. Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті компазиция құрастыру. Ермексаз 1  
27 Қойлар Ұжымдық жұмыс. Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті компазиция құрастыру. Ермексаз 1  
28 Тауық және оның балапандары Жинақталған пішіндерден – әртүрлі өлшемдегі шарлардан мүсін құрастыру Ермексаз 1  
29 Ұлттық ыдыстар Ұжымдық жұмыс. Ұлттық ыдыстар мүсіндеу. Жеке мүсінделген фигуралардан сюжетті композиция құрастыру Ермексаз 1  
30 Менің отбасым Сюжеттік мүсіндеу. Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты беру. Ермексаз 1  
31 Менің отбасым Сюжеттік мүсіндеу. Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты беру. Ермексаз 1  
32 Шығармашылық сабақ Көрме ұйымдастыру Жасалған жұмыстардан 1  

 

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code