Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

 

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Түлкі мен бөдене

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Тәрбиеші балалардан түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

Біз бүгін » Түлкі мен бөдене » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады: – Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене: – Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге: – Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,– дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның күйеуі көріп: – Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі шек-сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып: – Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене:     – Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:  – Көзіңді аш, – дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкінің жүрегі тас төбесіне шығады.  – Өлді деген осы екен, — деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады. Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлденеуақытта бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып: – Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығың жулып алып қалады. Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен. Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды Біз бүгін «Түлкі мен бөдене» ертегісімен таныстық. Түлкі сияқты алдамшы дос болудың жақсы емес екендігіне көзіміз жетті.

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ақылды лақ

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін » Ақылды лақ » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы — қалың шілік, ана жағы — қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
— Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! — деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың — ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә!      Мына жердің шөбін қара-а!» — деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:
— Ақ лақ — ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! — деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.
— Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, — дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе — секіріп өтеді, тас кездессе — қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.
— Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, — дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» — деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:
— Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.
Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, — дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.
— Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! — дейді Қасқыр.
— Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, — дейді Ақ лақ.
— Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, — деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:
— Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! — деп жөнімен жүре береді.
— Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә… Бә» деп маңырап қоя береді.
Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.
— Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ — ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! — деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. 
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қоян мен қарға

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін »  » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Қоңыр күз келеді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — секіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырады.

Қарқ! қарқ! Оны көрген қоян:

Қарға, қарға, маған алманы үзіп алып берші! дейді. Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы түмсығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады. Рақмет, саған қарға! деді де қоян алманы жерден көтермек болады. Ал жерге түскен алма жаны бардай дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнеледі. Бұл қалай?

Қорқып кеткен қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп:

Кірпі, кірпі тоқта! тоқта! деп айғайлайды. Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?

Кірпі кідірместен: бұл, менің алмам! ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен.

Таласып жатқан қоян мен кірпіге қарға қосылады. Босқа таласасыңдар, алма менікі. Мен оны өзім үшін үзіп алдым — деді ол өтірік шынын араластыра. Олар бір-бірімен түсіне алмай , алманы әрі тартып, бері тартып, орман айғайдан у-шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңбай аю келіп қалады. Бұл не деген айғай шу мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап, сен аю біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондықтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. Аю сәл ойланып сұрады? Алманы кім тапты? Мен деді қоян. Ал, алманы кім үзіп алды? Мен деп қарқ етті қарға. Жақсы. кім оны ұстап алды? Мен ұстап алдым деді кірпі. Мінекей , бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер. Алма бәріңдікі. Мұнда бір алма ғой — деді кірпі, қоян, қарға түк түсінбей. Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар. деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті. Бағанадан бері біз бостан — босқа таласқан екенбіз ғой. Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: бұл саған қоян сен алманы бірінші көрдің. Екінші бөлігін қарғаға беріп: бұл саған қарға сен алманы үзіп алдың. Үшінші бөлігін кірпі аузына салып бұл маған, өйткені алманы ұстап алған мен. Кірпі аюға төртінші бөлігін беріп: бұл саған аю. Маған не үшін  деп таңқалады аю. сен бізге ақыл айтып, татуластырдың деді ол риза кейіппен. Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп, риза болды, өйткені аю ешкімді ренжітпей дрыс, әділ шешім шығарған еді. Береке басы бірлікте- деген осыдан қалған көрінеді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қарлығаш пен торғай

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін «Қарлығаш пен торғай   » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Қарлығаш бір ағаштың бұтағында жайбарақат демалып отыр еді. «Шіжік- шіжік» деп мазасы кетіп, тыным таппай, Қарлығаштың қасына Шөже торғай келіп қонды. Қипақтап оны бір, мұны бір айтып,шыдамсызданып біраз отырды. Елпілдеп, желпілдеп, сабырсыздана, құйрығын бұлғақтатып, Қарлығаштың бетіне қарап:

— Бауырым қарлығаш! Сізден бір сұрақ сұрамақшы едім. Өзім өте асығыспын. Сізді көрген соң бұрылдым- дейді.

— Шөжеке, асығыс болсаң, айта бер. Білсем, айтайын, білмесем айыпқа бұйырма — деп жауап қайырды Қарлығаш. Шөже торғай аузы жып-жып етіп:

— Бауырым, бауырым, бауырым… — деп, бір сөзін бірнеше рет қайталады. Қарлығашты шыр айналып, бұтақтан- бұтаққа секірді. Бірінің басын, бірінің аяғын айтып берекесізденіп отырып:

— Сіз осы адам баласына өте жақын жүресіз. Адам отырған үйде жұмыртқа басып, балапан шығарасыз. Олар сізге де, сіздің балапандарыңызға да тимейді. Бала екеш балаға дейін сіздерді сыйлайды. Бізді көрсе кесек лақтырып, садақпен атып, мазамызды алады. Сіздердің адам баласына қандай жақындықтарыңыз бар? Әлде сіздер олардың тілін білесіздер ме? Ал біз болсақ қысы жазы есігінің алдынан, үйінің маңайынан кетпейміз. Сонда да адам баласымен үйірлесе алмай- ақ қойдық. Осының не сыры бар, ұғындырып беріңізші, — депті.

Қарлығаш  шөже торғайға мысқылдай күліп:

Әй, шөже ай деп сөз бастайды. Көп сөз, ұшқалақ мінезден не пайда? Адам баласын қойып, сені жаратылымсыз жақын менде сені ұнатпай тұрмын. кімге болса да, біреумен үйлесу үшін мінез керек емес пе?

Осы жеңітек, ұшқалақ, тиянақсыз  мінезіңмен сен қайда сыймақшысың? Тазалықтан тарыдай хабарың жоқ. Көрінген жерге саңғып, бәрін бүлдіресің. Шошаңдап, көрінгенді шоқып, жалаң қағасың да жүресің. Қайта адам баласы сендерді үйлерінің маңайына жібергеніне неге рақмет айтпайсыңдар?! Біз сыпайы тәртіппен орынды сөйлеп, «шіжік-шіжік» демей ақ еппен кіріп, еппен шығамыз. Қанатынымыздың дыбысы да естілмейді. Дөрекі, орынсыз сөйлегенді кім жаратады? Балапандарымызды да аяғынан қылмен матастырып байлап қоямыз.  Балапан кезінде ретімен сөйлетіп, орынсыз іске әдеттендірмеу керек. Қысқасы, біздің адам баласына иненің жасуындай да зиянымыз жоқ. Көршінің көңіліне қарай білсең , ол да сені өмірі ренжітпейді… Міне, адам баласы бізді осы қылығымызды жақсы көреді- депті қарлығаш. Шөже торғай мұны мойындағандай аз ойланып отырып: Олай болса, ешкіммен де үйлесе алмайды екенбіз. Жастан шулап, бейбас болып өскенбіз — деп ұшуға ыңғайланды. Қарлығаш оның бетіне қарап:

— Шөжеке, өз мінезің өзіңе ұнамаса, басқа біреуге қалай ұнайсын?- депті.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді?

Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап береді?

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Сауысқан мен көкек

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін »  » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып  алып: «ұя керек», «ұя керек», — деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:

– Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,  — дейді.

Көкек:

– Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, — деп келіспейді.

Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен  таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.  Іші  –  тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай  – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р»  — ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үйіші де жоқ.

 

 

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мақтаншақ қоян

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін »  » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайда жеміс жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып,  ауылға арпа ұрлауға барады екен. Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе қаптаған қоян ол мақтана бастайды. Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?  Мен сендерден  бәрібір  артықпын. Менің мұртым мұрт-ақ. Сендердікіндей емес. Ал табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді…

Мен ешкімнен қорықпаймын! Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді. Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып елдің мазасын алмайтын боламын. Солай, де. Босқа мақтанба! Елден ерешекшелігінді бос сөзбен емес, ісімен көрсет дейді қарға. Арада біраз өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен. Жаныашып кеткен қоян құтырмақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қояеды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады. Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып.

— Рахмет саған! Сен мақтаншақ қоян емес екенсің! Мақтауға тұратын ер екенсің!  деп ризашылығын білдіреді.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шал мен дәу

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін »  » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
— Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
— Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
— Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
— Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз — деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
— Кел жердің ішек қарнын шығарйық — дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны — жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
— Кел енді жердің миын шығарайық, — дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
— Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, — дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
— Ертең дәу қонаққа келеді, — дегенде:
— Ойбай, немізді береміз — деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
— Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, — деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
— Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! — депті.
Сонда шал тұрып:
— Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! — дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
— Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! — дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
— Тақсыр қайдан қашып келесің — дейді түлкі.
— Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, — дейді.
Түлкі:
— Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме — менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, — деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
— Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! — деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, — деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

Қорытынды

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз» (өлең)

Мақсаты: күз туралы білімдерін тиянақтау. Адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу. Ырыс, құт-береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын мо­лайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреттері, хрестоматия, себет.

Сөздік жұмыс: күз, ырыс, құт-береке, молшылық.

 

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге Ж.Қалжанованың

«Күз келгенде» әнін орындайды.

Күз келгенде

Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Күздің берер жемісі

Есепте, есепте.

Қайырмасы:

Түрлі түсті бояуын

Жер бетіне кестелеп.

Күз келгенде, егінші

Егін жинар дестелеп.

Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Бау-бақшаның пісері

Есепте, есепте.

Қайырмасы.

Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Мақта теру маусымы

Есепте, есепте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка

жетекшісімен бірге орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме.

Жұмбақ жасыру:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

 

Қызыл, сары немелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел

Ырғалады, толқиды.

 

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

 

Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

 

 

Бақшада өседі,

Көп өнімін береді.

 

Сурет бойынша әңгімелеу: «Күз мезгілі»

— Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

— Күз туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

«Күз» өлеңін оқып беру.

 

 

 

Бидай

 

 

 

 

Жапырақ

 

 

 

Күз

 

 

 

Жеміс

 

 

Көкөніс

 

 

 

Күз

Рефлексиялық — түзетушілік Қорытындылау:

«Жеміс жинау» ойыны.

«Күз — жомарт» әні орындалады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерін.

Игереді: жаңа сөздерді.

Меңгереді: өлең арқылы күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)

Мақсаты: қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту.

Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия.

Сөздік жұмыс: қалаң, сарай, кен, шахтер, ғарыш.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бөріміз ортаға шығып,

«Шаттык, шеңберін» қүрайың.

Шеңбер болып түрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нүр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын керген жан мына бізден.

— Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шаңырамын.

— Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз.

Өлең

жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

 

 

Жайғасып отырады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме.

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай қаладым.

Алматыдан аумайтын

Әсем ңала саламын.

Шахтер:

Орны бөлек елдегі,

Шахтердің көп еңбегі.

Тау-тау болып үйілген,

Оның қазған кендері.

Ұстаз:

Оқу-білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздың деген ұлы іс,

Адамдардың айнасы.

Ғарышкер:

Тұңғышты — ғарышты,

Тұнып тұрған алысты,

Орындалып арманы

Ғарышкерлер шарлады.

Сұрақ-жауап.

— Өлең шумағында не жайлы айтылған?

— Кім білім береді?

— Автобусты кім айдайды?

— Тұрғын үйлерді кім салады?

— Балаларды кім емдейді?

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Мақсаты: мамандық туралы білімдерін бекіту.

Шарты: бала өзі қалаған мамандығын (сурет) алады да, сол мамандың туралы әңгімелейді.

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстаз

Жүргізуші

Құрылысшы

Дәрігер

 

 

Ойын ойнайды

Рефлексиялық — түзетушілік Қорытындылау (сурет арқылы):

— Балалар, мына суреттерге назар аударыңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар?

— Суретте қандай мамандың иелері бейнеленген?

— Тағы қандай мамандың түрлерін білесіңдер?

— Сендер өскенде кім болғыларың келеді?

Балалардың жауабы.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мамандық туралы білімдерін кеңейту.

Игереді: болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетуді.

Меңгереді: өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code